10-тапсырма. Төменде берiлген мутагендiк факторларды мына топтарға бөлiңiз:
а) биологиялық б) химиялық в) физикалық.
Рентген сәулелерi, формальдегид, жоғарғы және төмен температура, гормондар, УФ-сәулелер, бактериялардың токсиндары, кетондар, фенолдар, формалин, колхицин, гербецидтер, ғарыштық және гамма сәулелер, паразиттiк құрттардың улары, альдегидтер.
Бiлiм деңгейiн қортынды бақылау:
11 тапсырма. Ситуациялық есептердi шығару.
1. Ч. Дарвин өсiмдiктердiң түрлi бөлiктерiндегi өзгерiстерге көптеген мысалдар келтiрген. Мысалы, сары өрiк ағашынан бiрде қызыл өрiк өсiп шықты, қара жүзiм сағағы ақ жемiс бердi. Бұл өзгерiстердi өзгергiштiктiң қандай типiне жатқызар едiңiз?
2.Мына өзгерiстердi мутацияның қандай түрiне жатқызасыз?
а) адамның бір көздері қара, екіншісі - көк;
б) тоты құстың денесiндегi қауырсындарының түсiнің жартысы көк, жартысы қызыл;
в) дрозофиланың қызыл көзiнiң үстiнен ақ сектор түскен. Мұндай мутацияның пайда болу механизмiн түсiндiріңіз. Бұл мутациялар тұқым қуалайды ма?
3. Балалар саңыраулығы мынадай себептерден болуы мүмкiн:
1. Есту сүйекшелерiнiң қалыптасуын бұзатын рецессивтi геннiң тұқым қуалауы.
2. Анасының жүктіліктің есту сүйекшелерiнiң қалыптасуы жүретін сатысында қызылшамен ауруы себебiнен болады.
Екi жағдайда да фенотиптерi бiрдей. Осы жағдайдағы саңыраулылық неге байланысты? Мұндай құбылыстар қалай аталады?
4. Төмендегi келтiрiлген өзгергiштiктiң мысалдарын екi топқа бөлiңiз.
I. фенотиптiк II. генотиптiк
Ауадағы оттегiнiң парциальды қысымына байланысты, қан эритроциттерiнiң сандық өзгеруі.
Орақ тәрiздiклеткалы анемия кезiндегi гемоглобиннiң еру
және кристалдануының өзгеруі.
Орақ тәрәзді жасушалық анемида гемоглобиннің ерігіштігі мен кристалл түзуінің өзгерістері.
Түрлi жағдайда өскен монозиготалық егiздердiң өзгерiсi.
Әртүрлi жарықтағы және топырақтың минеральдық құрамы
әртүрлi ортада өсiрiлген өсiмдiктердiң өсу
қарқындылығындағы өзгерiстер.
Хромосоманың 21 жұбындағы трисомиясына байланысты Даун синдромынадағы ақыл-ой дамуының тежелуi, жүректiң туа бiткен ақаулығы т.б. ауытқулар.
УФ-сәулесiнiң әсерiнен терi пигментiнiң өзгеруi.
Физикалық салмақ түсiрудiң нәтижесiнде, бұлшық ет сүйек жүйесiндегi өзгерiстер.
Х-хромосоманың болмауына байланысты, әйелдердегi жыныстық белгiлердiң дұрыс дамымауы.
Қоректенуiне байланысты жануарлардың сүтiнің майлылығы мөлшерi немесе дене салмағындағы өзгерiстер.
Адамдар мен жануарлардың көзiндегi қасаң қабықшада пигменттiң туылғаннан болмауы.
5.Гомозиготалы жағдайда кейбiр гендер ағзаны өлiмге әкеледi. Осы мәліметті негiзге ала отырып, есептер шығарыңыздар.
Платина түстес (А) түлкiлердi өзара шағылыстырғанда 90 ұрпақ алынған. Олардың 60 гетерозиготалы платина түстес және 30 күмiс түстес (а) болды. Гомозиготалы жағдайда қандай гендер өлiмге әкеледi және платина түстес түлкiлердiң таза линиясын алу мүмкiн бе?
6.Брахидактилияның доминанттық мутациясы гетерозиготаларында қысқа саусақтар түрiнде көрiнiс бередi, бiрақ гомозиготалы жағдайда ұрықтың құрсақта дамуының ерте кезеңiнде жойылуына, яғни летальды эффекттiң дамуына әкеп соғады. Гетерозиготалы ата-аналардың құрсағында ұрықтың өлу мүмкiндiгi қандай?