Жалпы генетика негiздерi Тақырып Моно- жӘне полигенді


Тақырып 12. ЖАЛПЫ ГЕНЕТИКАНЫҢ НЕГIЗДЕРI тарауы



бет29/72
Дата02.12.2023
өлшемі1,43 Mb.
#132427
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   72
Тақырып 12. ЖАЛПЫ ГЕНЕТИКАНЫҢ НЕГIЗДЕРI тарауы
бойынша қортынды сабақ


Тақырыптың өзектiлiгi /дәйектiлiгi/: Осы бөлімдегі материалдардағы жалпы генетика негіздерін білу болашақ адам генетикасы және медициналық генетиканы түсінуге негіз болып табылады.


Сабақтың мақсаты:
1. Тұқым қуалау ақпаратының жүзеге асырылу механизмдері және материальдық негіздері туралы студенттердің білімін тексеру.


- Студент бiлу керек:

  1. Генетикалық зерттеулерде қолданылатын негізгі терминдер, түсініктер және символдарды;

  2. Моно- және полигибридтi шағылыстыруда белгiлердiң тұқым қуалау заңдылықтарды (Г. Мендель тәжiрбиелерi);

  3. Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясының негіздерін, қағидаларының дәлелдемелерін. Т.Морган және оның мектебi ашқан белгiлердiң тiркес (толық және толымсыз) тұқым қуалау заңдылықтарын;

  4. Аллельдi және аллельдi емес гендердiң өзара әрекеттесу түрлерiн.



- Студент үйрену керек:

  1. Жалпы қолданылатын символдарды және терминдерді пайдаланатын генетикалық талдау әдістерін тәжірбиеде қолдануды.



Бақылау сұрақтары :

  1. Генетика, анықтама, пәні, міндеттері, генетикалық талдау әдістері. Медициналық маңызы.

  2. Тұқымқуалаушылық пен тұқым қуалаудың анықтамасы.

  3. Негiзгi генетикалық ұғымдар: доминанттылық және рецессивтiлiк, аллельдi гендер, гомо- және гетерозигота, гемизигота, генотип және фенотип.

  4. Мендельдiң гибридологиялық әдiсi.

  5. Моногибридтi шағылыстырудағы тұқым қуалау заңдылықтары.

  6. Ұрпақтың бiркелкiлiгi және ажырау заңдарының цитологиялық негiздерi.

  7. Толымсыз доминанттылық құбылысы.

  8. Дигибридтi шағылыстыру және оның цитологиялық негiздерi.

  9. Талдаушы шағылыстыру.

  10. Адамның мендельденушi белгiлері.

  11. Тiркесу және тiркесу топтары туралы түсiнiк. Аутосомалық және жыныспен тiркесулер, толық, толымсыз және тәуелсіз.

  12. Тiркесу тұқым қуалау және кроссинговердi анықтайтын Т.Морганның тәжiрибелерi.

  13. Кроссинговер және гендер рекомбинациясының механизмi.

  14. Адамның Х- және У-хромосомаларындағы гендермен бақыланатын жыныспен тiркескен белгiлер.

  15. Жыныспен тiркес белгiлердiң тұқым қуалауы.

  16. Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясының негiзгi қағидалары.

  17. Аллелдi гендердiң өзара әрекеттесуi: толық доминанттылық, толық емес доминанттылық, аса жоғары доминанттылық, кодоминанттылық.

  18. Көптiк аллелдер, адамның АВО жүйесiндегi қан топтарының тұқым қуалауы.

  19. Аллелдi емес гендердiң өзара әрекеттесуi: комплементарлық, эпистаз, полимерия.

  20. Пенетранттылық және экспрессивтiлiк туралы түсiнiк. Плейотропия.

  21. Өзгергiштiк , оның типтері мен түрлері.

  22. Модификациялық өзгергiштiк. Реакцияның нормасы. Фенокопиялар.

  23. Комбинативтiк өзгергiштiк.

  24. Мутациялық өзгергiштiк. Мутациялардың жіктелуі.

  25. Мутагендiк факторлар. Мутагенез және канцерогенез.

  26. Тұқым қуалайтын материалдың репарациясы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет