1. Р АА х аа 2. Р Аа х аа
Г: А а Г: А а а
F1: Аа F1: Аа аа
Талдаушы шағылыстыру кезінде дигетерозиготалы ағза төрт түрлі ұрпақ береді. Егер аллелді емес гендер А және В тәуелсіз тұқым қуаласа, әртүрлі хромосомада орналасса, дигетерозиготалы ағзада төрт типті гаметалар бірдей мүмкіндікте пайда болады. Сондықтан талдаушы шағылыстырудың нәтижесінде фенотипі бойынша ажыратылатын төрт түрлі ұрпақ пайда болады, олардың арақатынасы 1:1:1:1 және олар екі белгінің әртүрлі үйлесімдегі варианттарын береді.
1. Р ААВВ х аавв 2. Р АаВв х аавв
Г: АВ ав Г: АВ Ав аВ ав ав
F1: АаВв F1: АаВв; Аавв; ааВв; аавв
Талдаушы шағылыстыру медициналық генетика және адам генетикасын зерттеу үшін маңызды.
Табиғатта толық доминанттылық пен қатар толымсыз доминанттылық та кездеседі, гетерозиготалардың өз фенотиптері болады. Мысалы: намазшам гүлдерінің екі түрі белгілі - қызыл және ақ гүлділері. Осы түрлерді шағылыстырғанда будандардағы гүлдің түсі қызғылт болады. Екінші ұрпақта белгілердің фенотипі бойынша ажырауы генотипі бойынша ажырауға сәйкес келеді, яғни белгілердің ажырауы 1 қызыл : 2 қызғылт : 1 ақ арақатынасында ажырайды. Адамда тұқым қуалайтын ауруларды және ақаулықтарды тудыратын бірқатар гендер толымсыз доминанттылық қасиет көрсетеді. Мысалы, орақтәрізді жасушалық анемия, анофтальмия (көз алмасының болмауы) және Фридрейх атаксиясы (еркін қозғалу үйлесімділігін прогрессивті түрде жоғалтумен сипатталады).
Полигибридті шағылыстыру кезінде ата-аналық ағзалар бірнеше белгілер бойынша талданады. Полигибридті шағылыстыруға мысал ретінде дигибридті келтіруге болады, бұнда ата-аналық ағзалар екі жұп белгі бойынша ажыратылады. Бұл мақсат үшін ол екі жұп альтернативті белгі бойынша ажыратылатын, гомозиготалы ас бұршағын қолданды: тұқымы сары тегіс (ААВВ) және жасыл кедір-бұдыр (аавв). Осы шағылыстырудың нәтижесінде алынған бірінші ұрпақтағы өсімдіктердің тұқымы сары тегіс болды. Бұл нәтиже бірінші ұрпақтағы будандардың біркелкілігі моногибридті шағылыстыруда ғана көрініс беріп қоймай, егер ата-аналық түрлері гомозиготалы болса, полигибридті шағылыстыруда да көрініс беретінін анықтады.
Ары қарай ол бірінші ұрпақтағы будандарды өзара шағылыстырды. Полигибридті шағылыстырудың нәтижесін талдау үшін әдетте Пеннет торын қолданады. Гаметалардың еркін үйлесімдері нәтижесінде зиготаға гендердің әртүрлі үйлесімдері түзеді. Фенотипі бойнша ұрпақтардың 4 топқа бөлінетінін санау оңай болады: 9 бөлігі сары тегіс тұқымды өсімдік (АВ), 3 бөлігі – сары кедір-бұдырлы (Ав), 3 бөлігі – жасыл тегіс (аВ), 1 бөлігі – жасыл кедір-бұдырлы (ав), белілер 9:3:3:1 немесе (3+1)2 ажырайды. Осының нәтижесінде екінші ұрпақта бастапқы түрге ұқсайтын белгілердің жиынтығымен қатар, жаңа үйлесімдер де пайда болды: сары кедір-бұдыр (Аавв) және жасыл тегіс (аавв). Мендель тұқымдардың пішіні мен түсі тәуелсіз тұқым қуалайды деген қорытынды жасады. Бұл заңдылық Мендельдің үшінші ережесі деп немесе белгілердің тәуелсіз үйлесу ережесі деп аталды. Ол былай деп айтылады: екі (немесе одан көп) жұп альтернативті белгілер бойынша ажыратылатын гомозиготалы дараларды шағылыстырғанда, екінші ұрпақта (F2), F1 инбридингі кезінде белгілердің еркін комбинациясы байқалады, оның нәтижесінде әке-шешесіне және ата-әжесіне тән емес белгілері бар будандар түрі жарыққа шығады.