Жалпы генетика негiздерi Тақырып Моно- жӘне полигенді



бет8/72
Дата02.12.2023
өлшемі1,43 Mb.
#132427
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72
Байланысты:
2 и 3 раздел каз

Б елгі ген

Р : ВВVV х ввvv


сұр дене В
қара дене в Г : ВV вv
ұзын қанат V F1 Вв Vv
қысқа қанат v
100% - сұр денелі ұзын қанатты
Гомозиготалы сұр денелі және қалыпты қанатты дара мен қара денелі және қысқа қанатты дараны шағылыстырған кезде, бірінші ұрпақтардың будандарында біркелкілік байқалды, алынған даралар доминантты белгілерге ие болды, сұр денелі және қанаттары қалыпты.
Бірінші ұрпақтағы будандардың генотипін анықтау үшін талдаушы шағылыстыру жүргізілді. Бірінші ұрпақтағы аталық- будан мен қара денелі қысқа қанатты дараны шағылыстырғанда, сан жағынан тең келетін ата-аналарына ұқсайтын екі түрлі ұрпақтар алынды. Шағылыстырудан алынған мәліметтер бойынша белгілердің тәуелсіз тұқым қуалауы көрініс бермейді. Екі шағылыстырудың нәтижесін қарастырғанда, талданатын белгілер әртүрлі гендермен анықталатыны және бұл белгілердің тіркесіп тұқым қуалауы, олардың бір хромосомада орналасуымен түсіндіріледі. Бұл жағдайда толық тіркесу байқалады.
F1: ♂ ВвVv х ♀ввvv F1: ♀ВвVv х ♂ввvv
  1. Г: BV вv вv Г: BV вv Вv вV вv

F2 ВвVv; ввvv F2 ВвVv; ввvv; Ввvv; ввVv
50% 50% 41,5% 41,5% 8,5% 8,5%
Бірінші ұрпақтың аналы-будан мен қара денелі қысқа қанатты дараны шағылыстырғанда, олардан 4 түрлі даралар алынды. Олардың белгілер жиынтығы тәуелсіз тұқым қуалауға ұқсас болды, бірақ сандық арақатынастарында айыпмашылық бар: 41,5% сұр денелі және қалыпты қанатты, 41,5% қара денелі және қысқа қанатты, әрқайсысы 8,5% будандық формалар – сұр денелі және қысқа қанатты, қара денелі және қалыпты қанатты. Бұл жағдайда тіркесу толымсыз, яғни бір жұп хромосомада орналасқан гендердің алмасуы жүреді. Бұл кроссинговермен түсіндіріледі - гомологтық хромосомалардың І мейоздың профазасында конъюгация процесінің нәтижесінде бөліктерімен алмасуы. Алынған нәтиже белгінің тіркес тіркес тұқым қуалауы толымсыз екенін көрсетеді.
Брінші және екінші тәжірбиелердің нәтижесін салыстырғанда бір жұп белгілердің толық және толымсыз тіркесіп тұқым қуалайтыны дәлелденді. Бұл қарама-қарсылық жеміс шыбынының ерекшелігімен түсіндіріледі, себебі аталықтарында гаметогенез кезінде кроссинговер жүрмейді. Жоғарыда келтірілген мысалда, белгілері өзгерген ұрпақтардың арақатынасы және оларды анықтайтын аллелдер 17% құрайды. Бұл цифра кроссинговер нәтижесінде түзілген гаметалар санын көрсетеді (кроссоверлі гаметалар).
Ең алғаш хромосомалардың тұқым қуалаудағы маңызды ролi жыныс белгiлерiнiң тұқым қуалауы менделденушi белгiге сәйкес жүретіні анықталған соң белгілі болды.
Барлық сүтқоректiлерде, адамдарда, дрозофилада және жануарлардың көптеген басқа түрлерiнiң аналық дараларының сома жасушаларында екi Х - хромосома, ал аталықтарында Х және У хромосомалары болады. Осы ағзалардың аналықтарындағы жұмыртқа жасушаларының барлығында Х-хромосомасы болады және олардың бәрi бiрдей. Сперматозоидтар оларда екi түрлi болады: бiреулерiнде - Х-хромосомасы, екiншiлерiнде У-хромосомасы. Жыныс хромосомаларының екуіде бірдей ағзаны гомогаметалы деп атайды, себебі барлық гаметалары бірдей, ал жыныс хромосомалары әртүрлі, екі типтегі гаметалар түзетін ағзаны гетерогаметалы деп атайды. Адамда, сүтқоректілерде, дрозофилаларда аналықтары гомогаметалы, аталықтары – гетерогаметалы, құстар мен көбелектерде керісінше, аталықтары – гомогаметалы, аналықтары – гетерогаметалы.
Т. Морган және оның мектебінің зерттеулері гомологтық жұп хромосомаларда тұрақты түрде гендердің аламасуы жүретінін көрсетті. Гомологтық хромосомалардың гендерімен алмасу процесін кроссинговер деп атайды.
Гомологтық хромосомалардың тіркесу топтары бірдей болады, олардың бір-бірінен тек ғана жеке гендердің аллелдерімен ажыратылады. Конъюгация кезінде гомологтар аллелді гендерімен жақындасып, ал кроссинговер кезінде сәйкес бөліктерімен алмасады. Кроссинговер хромосоманың кез келген бөлігінде, кейде хромосоманың бірнеше жерінде жүруі мүмкін. Соның нәтижесінде жаңа аллелдер жиынтығы бар кроссоверлі хромосомалар пайда болады (1 сурет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет