Жалпы генетика негiздерi Тақырып Моно- жӘне полигенді



бет7/72
Дата02.12.2023
өлшемі1,43 Mb.
#132427
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   72
Байланысты:
2 и 3 раздел каз

- Студент бiлу керек:

  1. Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясының негiзгi қағидаларын;

  2. Аутосомалармен тiркескен және жыныспен тiркескен белгiлердiң тұқым қуалау ерекшелiктерiн;

  3. Кроссинговердiң генетикалық эффектiсiн.



- Студент үйрену керек:

  1. Адам белгілерінің (ауруларының) тiркесiп тұқым қуалауында пайда болатын генетикалық ситуацияларды талдай алуға.

Сабақтың бақылау сұрақтары:
а) бастапқы бiлiмдерi бойынша:
1.Тiркесу және тiркесу топтары жөнiнде тұсiнiк.
2. Аутосомдық, жыныстық, толық және толымсыз тiркесулер.
3. Тiркес тұқым қуалауды және кроссинговердi анықтаудағы
Морганның тәжірбиелерi.
б) сабақтың тақырыбы бойынша:

  1. Тiркесу, тiркесу топтары.

  2. Тіркес тұқым қуалау: аутосомды, жыныспен, толық, толымсыз, тәуелсіз.

  3. Кроссинговер, механизмдері және эволюциялық маңызы.

  4. Гендер картасы - әдiстерi, маңызы.

  5. Хромосомалық теорияның негiзгi қағидалары.


Ақпаратты дидиактикалық блок:
Өткен сабақта қарастырылған шағылыстырулардың барлығында, әртүрлі аллелдер жұбына жататын гендердің тәуелсіз үйлесімдері орын алған еді. Бұл жағдай біз қарастырған гендердің әртүлі жұп хромосомада орналасқан кезінде ғана байқалады. Бірақ, гендердің саны хромосомаларға қарағанда әлдеқайда көп. Мысалы: дрозофилада – 8 хромосома, ал гендер саны 6000 және одан да көп, адамда хромосомалар саны 46, ал гендер саны 30 000 асады. Сондықтан, бір хромосомада көп гендер орналасқан, олар бірге тұқым қуалайды. Бір хромосомада орналасқан гендер тіркесу тобын құрайды. Әдетте гомологтық хромосомаларда бірдей гендер орналасқандықтан, тіркесу тобын екі гомологтық хромосома құрайды. Әр түрге жататын ағзалардың тіркесу топтарының саны хромосомалар жұбының санына, яғни хромосомалардың гаплоидтық жиынтығына тең, дрозофилада – 4, бұршақта – 7, жүгеріде – 10, томатта – 12 және т.с. Бірақ, адамда тіркесу топтарының саны жынысына байланысты әртүрлі болады: әйелдерде – 23 (22 аутосомдық, 1 жыныспен (хх), ер адамда – 24 (22 аутосомдық, 2 жыныспен (ху).
Бір хромосомада орналасқан гендердің бірге тұқым қуалау құбылысын тіркесіп тұқым қуалау, ал бір хромосомада орналасқан гендерді тіркес гендер деп атайды.
Тіркес тұқым қуалау барысында будандардағы түзілетін гаметаларда ата-аналарындағы аллелдердің үйлесімі сақталады. Тіркес гендерді белгілеу үшін мынандай символдар қолданылады: АВ/ав немесе АВ .
ав
Томас Морган және оның мектебі бір хромосомада орналасқан гендердің тұқым қуалау заңдылығын дрозофилаға тәжрибе жасап зерттеді. Олар 2 жұп белгінің тұқым қуалауын зерттеді: денесінің түсі және қанатының ұзындығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет