Жалпы географиялық әдістер


Жоғары дамыған урбандалған



бет25/64
Дата07.09.2023
өлшемі301,56 Kb.
#106470
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   64
Байланысты:
Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау-emirsaba.org

Жоғары дамыған урбандалған орталық аудандар экономикасының жоғары деңгейде дамуымен ерекшеленеді.

Экономикалық аудандар типі


Жоғары дамыған аудандар


Ескі өнеркәсіпті аудандар


Артта қалған аудандар


Жаңадан игеріліп жатқан аудандар


Жоғары дамыған елдердегі аумақтық құрылым


Мұнда өнеркәсіптің ең жаңа салалары, ғылым. мәдениет, қызмет көрсету саласы шоғырланады. Мысалы, Батыс Еуропадағы жоғары дамыған аудандар:
  • Үлкен Лондон мен Үлкен Париждің астана аудандары;


  • Германиядағы оңтүстік аудан;


  • Италиядағы Милан-Турин-Генуя өнеркәсіп үшбұрышы;


  • Нидерландтағы Рандстад агломерациясы.


Қалалық агломерашиялардың ауыртпалығын азайту үшін серік қалалар. жаңа қалалар салынуда. Мысалы. Лондон маңында 8 серік қала салынған.


Ескі өнеркәсіпті аудандар XVIII-XIX ғасырлардағы өнеркәсіп революциялары кезінде қалыптасты, Оларда басты дамыған салалар көмір өнеркәсібі, қара металлургия, тоқыма өнеркәсібі мен кеме жасау болды. Ең ірі аудандар таскөмір алаптары базасында қалыптасты. Мұндай ауданның нақты мысалы Төменгі Рейн-Рур агломерациясы. Мұнда 100 шақты қала шоғырланған. олардың 20-сы ірі қалалар болып табылады. Ескі өнеркәсіпті аудандар қатарына Батыс Мидленд. Ланкашир, Поркшир, Оңтүстік Уэльс (Ұлыбритания), Солтүстік аудан, Эльзас пен Лотарингияны (Франция) жатқызуға болады.
Бұл аудандар экономикалық құлдыраудан «дағдарысты аудандар» деп аталатын болды. Құрылымдық дағдарыс Батыс Еуропаның көптеген таскөмір және темір кені алаптарында, байырғы тоқыма аудандарында жүрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет