Қосалқы орталықтар (фокустар) қизметін экспортқа маманданған аудандар да атқара алады. Ірі порттарды өндіруші өнеркәсіп пен плантациялық шаруашылық тән ішкергі аудандармен байланыстыратын магистральдар бар.
Периферия қызметін ірі ішкі аудандар атқарады. Бұл аудандар артық тұрғындарын астана мен ірі портты қалаларға, мен кеніштерге жөнелтіп отырады. Сондықтан оларды ішкі отарлар деп атайды.
Тепе-тендіктің сақталмауы мәселесін шешу. Көптеген дамушы елдер отарлық жүйе зардаптарын жоюға бағытталған аймақтық саясат жүргізуде. Бұл саясат өндіргіш күштердің теніз маңына шоғырлануын азайтуға, ішкергі аудандардын игеруге, орталықтардың экономикалық қызметін таратуға бағытталған. Бұл Мексикада шаруашылық құрылымдардың АҚШ-пен шегаралас солтүстік аудандарға және оңтүстікке ығысуынан көрінеді. Бразилияда өнеркәсіптік үшбұрыштың аумағынан шығу жүргізілуде. Аргентинада шаруашылық даму оңтүстіктегі аз игерілген, бірақ табиғат ресурстарына бай Патагонияға таратылуда.
Экономиканың аумақта таралып орналасуын жеделдету үшін әртүрлі шаралар қолданылады. Мысалы, 1960 жылы Бразилия астанасы теңіз жағалауындағы Рио-де-Жанейродан елдің орталық бөлігіндегі Бразилияға ауыстырылды. Мұндай шаралар қатарына «өсу полюстерін» қалыптастыру. өнеркәсіп парктерін құру (Мексикада. Бразилияда), шағын зауыттар салу жатады. Африкада жоғары тауарлы өсімдік шаруашылығы мен экстенсивті жайылымдық малшаруашылығы аудандары, бірқатар ірі тау-кен өнеркәсібі аудандары калыптасты.
Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштерін салыстыру Жеке елдің дүниежүзілік шаруашылықтағы орнын және экономикалық даму ерекшеліктерін сипаттауда маңызды көрсеткіштердің жиынтығы пайдаланылады:
1) ел экономикасының типі:
2) жалпы жпынтык өнімнің (ЖІӨ) көлемімен құрылымы:
3) халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы;
4) елдің ғаламдық бәсекеге қабілеттілігі.
2017 жылы дүниежүзі елдері арасында ЖІӨ көлемі жөнінен Қытай жетекші орынға ие болды.
Дүниежүзіндегі ЖІӨ көлемі ең жоғары елдер, 2017 ж. (Халықаралық валюта қоры деректері бойынша құрастырылады)