Плантациялық шаруашылық елдері. Бұл топшадағы елдерге (Гватемала, Гондурас, Коста-Рика, Куба, Никарагуа. Сальвадор, Доминика Республикасы, Ганти, Гана, Кот-д'Ивуар, Шри-Ланка) агроклиматтық жағдайлардың колайлылығы тән болады. Осының нәтижесінде бұл топтағы елдердің басым көпшілігі плантациялық шаруашылықты қарқынды дамыту арқыиктік дақылдарды дүниежүзілік нарыққа шығаруға маманданған. Елдердің экономикасында шетел қаржысының басымдылығы, елдің даму мүмкіншіліктерінің әлемдік нарықтағы бағаларға тікелей тәуелді болуы, бірқатар елдерде саяси жағдайдың тұрақсыздығы, халықтың әл-ауқатының төмендігі байқалады.
«Жалға пәтер беруші» елдер.Бұл топшаға енетін елдердің (Мальта, Кипр, Бахрейн, Либерия, Багам Аралдары, Барбадос, Панама) халықаралық маңызды көлік жолдары тоғысындаласуы және бірқатарында рекреациялық ресурстардың болуы даму бағыттарын анықтап берген. Бұл елдердің көпшілігінде (Багам Аралдары, Барбадос, Бахрейн, Кипр, Мальта) жергілікті рекреациялық ресурстар мен салық жеңілдіктерін пайдалану негізінде халықаралық туризм орталықтары пайда болған. Бахрейн оффшорлық қаржы орталығын дамыту арқылы араб әлемі ақша айналымында маңызды рөл атқарады. Ал даму денгейі төмен Либерияның ipi табыс көзінің бірі басқа елдердің ел жалауын пайдаланғаны үшін төлейтін салықтары болып табылады.
Даму деңгейі төмен елдер. Бұл топшадағы елдерге экономикалық даму деңгейінің және жан басына шаққандағы табыстың өте төмендігі, табиғи өсудің жоғарылығы, аграрлық сектордың басымдылығы, әлеуметтік жағдайдың нашарлығы тән болады. Аталған топшаға 2018 жылы Мұхит аралдары. Африка, Азияда орналасқан 47 ел енді. Соңғы деректер бойынша бұл елдерде тұратын халық саны 1 млрд.
Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму стратегиясы Экономикалық даму стратегиясы стратегиялық мақсаттарды анықтап, елдің дамуына қатысты ұзақ мерзімге арналған маңызды ұстанымдарды негіздеп береді. Әдетте, елдердің даму стратегиясындағы басты мақсат экономикалық жүйені нығайту және жетілдіру болып табылады.
Елдің экономикалық дамуының стратегиясын жасау кезеңдері