Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері.Бұл топқа Бельгия, Дания, Норвегия, Нидерланд. Исландия, Испания, Португалия, Швеция, Аустрия. Швейцария, Грекия, Ирландия мен Финляндия, сонымен қатар шағын елдер (Монако, Люксембург, Лихтенштейн, Сан-Марино, Андорра, Мальта) жатады. Бұл аталған елдердің айрықша маманданған салаларының болуымен түсіндіріледі. Халықаралық географиялық еңбек бөлінісінде Бельгия мен Нидерланд: порт шаруашылығымен (Роттердам, Антверпен порттары); электр техникасы өндірісімен; Норвегия ҳалықаралық теңіз тасымалына мамандануымен; Швейцария (Цюрихте) қаржы орталықтарымен және станок, сағат өндірісімен; Финляндия целлюлоза-қағаз өндірісімен; Швеция машина жасау және металлургия өнеркәсібімен ерекшеленеді.
Нидерланд елінің гүл өсірушілері әлемдік гүл нарығының жартысынан астамын жаулап алған. Брюссель каласында НАТО мен Еуропалық Одақтың, ал Венада АЭХА (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік) және ОПЕК (мұнайды сыртқа шығарушы елдер ұйымы) сияқты ұйымдардың штаб-пәтерлері орналасқан. Бейтарап саясат ұстанатын Швейцарияда Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамына енетін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының. Халықаралық еңбек ұйымының, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның және Халықаралық пошта одағының штаб-пәтерлері шоғырланған.
Қоныс аударған капитализм елдері. Бұл елдер дамыған елдердің ерекше топшасын құрайды. Жалпы алғанда, «капитализмнің қоныс аударуы» деп дамыған капиталистік елдердегі капиталистік қатынастардың дайын үлгісінің бұрын капиталистік жүйе тән болмаған елдерге енгізілуін атайды. Мұндай елдер тобына бұрын Ұлыбританияның отары болған Аустралия Одағы, Израиль, Жаңа Зеландия және Оңтүстік Африка Республикасы жатады. Аталған елдердін экономикасында әлемдік деңгейдегі экономика алпауыттары жетекші рөл атқарады. Басқа дамыған елдерге қарағанда бұл елдерде тау-кен өнеркәсібінің үлесі жоғары, экспортында шикізат пен ауылшаруашылық өнімдері басым болады.
Азиядағы жаңа индустриялық елдер:Корея Республикасы, Сингапур және шартты түрде Қытайдың бөліктері деп есептелетін Сянган мен Тайвань. Халықаралық каржы ұйымдары да ресми түрде Сингапур мен Корея Республикасын дамыған елдер қатарына жатқызады. Халықаралық валюта қоры оларды «экономикасы дамыған елдер», Әлемдік банк ресми түрде «табыс деңгейі жоғары елдер» деп атайды. Ал БҰҰ тарапынан аталған елдер адам дамуының индексі өте жоғары елдер ретінде сипатталады.