2.Импорт алмастырушы стратегия. Ол дамушы елдерде индустрия- ландырудың бастапқы кезеңдерінде жүзеге асырылды. Жергілікті өңдеуші өнеркәсіпті қаржылық қолдау арқылы ішкі сұраныстықамтамасыз ету. импортты, соның ішінде әсіресе тұтыну тауарларын қысқарту жүргізілді. Бұл ішкі нарықты игеру есебінен ұлттық кәсіпкерлікті нығайтып, жас өнеркәсіпті қорғауға мүмкіндік берді. Осының негізінде кейбір дамушы елдерде өнеркәсіптің орташа жылдық өсімі 6%-дан асып кетті. Бұл стратегия Латын Америкасындағы халық саны көп Бразилия, Мексикада колданылды.
3.Экспортқа бағдарлану стратегиясы. Ол экономиканың ашықтығы, халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді араласу арқылы әлемдік сауданы елдің қаржылық ресурстарын ұлғайту мен шаруашылық құрылымын жаңартуға пайдалану мақсатын көздеді.
Азиялық жаңа индустриялық елдер (Сингапур, Корея Республикасы және т.б.) экономикалық өрлеуіне Жапониямен тығыз қарым-қатынас орнатуы он ықпал етті. Жапония өзінің инвестіщнялары. жаңа технологиялары, басқару және сату тәжірибесі арқылы жаңа индустриялық елдерді қазіргі заманғы өндіріске үйретті және экспорттық мүмкіндіктерді ашып берді.
Азиядағы кейбір елдер өздерінің ғаламдық деңгейдегі бәсекелестік басымдылықтарын (адами капитал. бай табиғи ресурстар және 1.б.) пайдалана отырып, экспортқа бағдарлана алды. Мысалы, Үндістан, Қытай, Азияның мұнай экспорттаушы елдері.
4.Ішкі сұранысты ынталандыру стратегиясы. Ол ішкі сұраныстың ұлғаюы негізінде өндірісті ынталандыруды көздейді. Бұл жерде мемлекеттің қатысуы қолайлы әлеуметтік климат орнату, өмір сапасын жақсарту, білімді, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру, жалақы мөлшерін арттыру арқылы тұрақты ішкі сұранысты қамтамасыз етеді. Бұл стратегия алғаш рет АҚШ пен Еуропа елдері үшін жасалған болатын, кейіннен оны 1998 жылы әлемдік дағдарыстан соң көптеген азиялық елдер пайдалана бастады.
5.Инвестиция есебінен өсу стратегиясы. Ол өндірісті ұлғайтудың факторы ретінде қаржыны жылдам жинақтауға негізделеді. Шетелдік инвестицияларды тарту арқылы қаржының өсімі ғана емес, елдер арасындағы технология алмасу да жүзеге асырылады. Бұл стратегияға инвестицияларды ынталандыру, қолайлы бизнес ортасын қалыптастыру (жемқорлыққа қарсы күрес, экономикалық тұрақтылық және т.б.), экономикадағы ұзақ мерзімдік мақсаттардың басымдылығы тән. Қытай өзінің дамуының жекелеген кезендерінде осындай стратегия ұстанған болатын.