Жалпы географиялық әдістер


Геосаяси ықпалдың негізгі құралдары және оларды зерттеу



бет38/64
Дата07.09.2023
өлшемі301,56 Kb.
#106470
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   64
Геосаяси ықпалдың негізгі құралдары және оларды зерттеу. Геосаяси ықпал жасау саяси, идеологиялық, экономикалық, әскери, ақпараттық, мәдени құралдар арқылы жүзеге асады.
Геосаясаттың негізгі құралдары
Саяси құралдар күш қолдану, саяси ұйымдар арқылы қысым көрсету немесе бейбіт ықпал ету, саяси келіссөздер арқылы әрекет етуді және т.б. қамтиды. Қазіргі кезде әлемдегі шиеленіс ошактары болып отырған аумақтарда осы саяси құралдардың барлығы қолданылуда.
Қазіргі кезде белгілі бір топтардың өздерінің саяси мақсаттарына лаңкестік әрекеттер арқылы қол жеткізуге ұмтылуы орын алуда.
Геосаясатта «жұмсақ күш» (ағылш. soft power) деген ұтым пайда болды. Оның мәнісі әскери күш қолданбай қарсылас мемлекеттің геосаяси жағдайы мен беделіне нұқсан келтіру.
Идеологиялық құралдар - геосаяси басымдылыққа кол жеткізудің жанама жолдарынын бірі. Мысалы, саяси, діни және басқа көзкарастарды негізге алып, белгілі бір аумақтағы халықтың арасына іріткі салу арқылы мемлекеттің біртұтастығына қауіп төндіруге болады, Әлем тарихында көптеген елдердің ыдырауына идеологиялық құралдар ықпал еткен.
Экономикалық әрекеттер де геосаяси ықпал етудің аса маңызды құралы. Белгілі бір елге қатысты экономикалық санкциялар орнату, «сауда соғыстарын» ұйымдастыру, арзан бағалы тауарлар енгізу арқылы басқа елдің экономикасын тәуелділікте ұстау, белгілі бір шикізат түрін өндіруді қысқарту немесе ұлғайту арқылы әлемдік нарыққа ықпал жасау және т.б. экономикалық шаралар әлемдегі геосаяси жағдайға әсер етеді, аймақтық шиеленістерге негіз болады.
География ғылымдары тұрғысынан зерттеуге болатын тағы бір құбылыстың бірі ақпараттық қақтығыстар (ақпараттық соғыстар). Қазіргі уақытта ақпарат құралдары мен телекоммуникацияның дамуы нәтижесінде жекелеген компаниялар емес, бүкіл бір мемлекет осы құбылыстан зардап шегуде.
Геосаясатқа мәдениет (дін, тіл мен әдебиет, өнер және т.б.) те ықпал етеді.


Қазіргі заманғы дүниежүзінің геосаяси кеңістігі
Дүниежүзінің геосаяси кеңістігі ала-құлалығымен және өзгермелі сипатымен ерекшеленеді. Қазіргі кезде әскери қақтығыстар планы болып отырған аймақтарға, ең алдымен, Африка, Азия жатады. Солтүстік Африкада үкіметке қарсы әртүрлі қозғалыстардың әрекеттері саяси жағдайды тұрақсыз етіп отыр. Алжирде Ислам құтқару майданы, Сириядағы халықаралық күштер араласуға мәжбүр болған жанжал. Сомалиде мемлекеттің бірнеше бөліктерге бөліну қаупін туғызатын ұзаққа созылған азамат соғысы жүріп жатыр. Геосаяси құбылыстар мен үдерістердің дамуы XX ғасырдың екінші жартысында өте қарқынды жүрді. 60-жылдарда отарлық жүйенің күйреуі, 90-жылдарда федерациялардың ыдырай бастауы саяси картада үлкен өзгерістерге алып келді. Бір-біріне қарсы тұрған екі полюсті әлемнің орнын жаңа геосаяси жағдай алмастырды. Халықаралық лаңкестікке қарсы бағытталған күрес арқылы АҚШ-тың стратегиялық мүдделері басым бола түсті. 2011 жылдың басында араб әлемін (Египет, Тунис, Ливия, Бахрейн және тб.) қамтыған оппозициялық қозғалыс халықаралық деңгейде алаңдаушылық тудырды
Сонымен, XXI ғасырдың басында халықаралық аренадағы саяси күштердің арасалмағы едәуір өзгеріске түсті. Бұл өзгерістерге төмендегі жағдайлар себепші болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет