Жалпы географиялық әдістер


ХХІ ғасырдағы әлем дамуына ықпал ететін саяси факторлар



бет39/64
Дата07.09.2023
өлшемі301,56 Kb.
#106470
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   64
Байланысты:
Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау-emirsaba.org

ХХІ ғасырдағы әлем дамуына ықпал ететін саяси факторлар: Қытайдың әлемдік көшбасшылар тобына, оның саяси салмағының артуы, АҚШ-тың әлемдік деңгейде саяси және әскери үстемдігі, Ресей Федерациясының геоэкономикалық қуатының артуы, ЕО ынтымақтастықтың дамуы, НАТО блогының Шығысының қарай кеңеюі, Халықаралық лаңкестік және оған қарсы күрестің күшеюі.
Осы аталған факторлардың аса қауіптісі - халықаралық ланкестік. Халықаралық лаңкестік - кең таралған құбылыс. Бұл әсіресе 2001 жылы 11 қыркүйектегі тарихта бұрын-соңды болмаған лаңкестік әрекеттен соң айқын байқалды.
Ланкестіктің ғаламдық ауқымда таралу себептеріне әлемнің көптеген елдеріндегі байлық пен кедейшіліктің арақатынасының алыстай түсуі, әлеуметтік теңсіздік пен ішкі саяси жағдайдың тұрақсыздығы жатады. Қазіргі заманғы лаңкестікке тән белгілер: Лаңкестік тактиканың өзгеруі, Лаңкестік ұйымдар құрылымның жетілдіруі, Лаңкестіктің қатігез формалары мен әдістерінің пайда болуы, Діни және ұлттық өшпенділік негізіндегі лаңкестіктің басым болуы, Лаңкестік ең жаңа түрі ақпараттық лаңкестіктің пайда болуы, Халықаралық лаңкестік адами ресурстары мен қаржылық көздерінің арта түсуі
Халықаралық лаңкестік лаңкестіктің аса қауіпті түрі ретінде 1960 жылдардың соңында пайда болды. Қазіргі кезде оның ауқымы қауіпті деңгейге жетіп отыр. Халықаралық лаңкестіктің негізгі мақсаты - мемлекетті басқару ісіне кедергі келтіру, экономикалық және саяси нұқсан келтіру, тұрақсыз жағдай қалыптастыру арқылы үкіметі өз саясатын өзгертуге итермелеу.
Дүниежүзінің геосаяси кеңістігіне қарама-қайшылыҡты үдерістер тән. Солардын бірі - геосаяси жаһандану және антиглобализм.
Антиглобализинің алғашқы ұйымы 1998 жылы Францияда пайда болған «АТТАК-Франция» (Қаржы операцияларына салық салуды жақтайтын азаматтар ассоциациясы) болды. Бұл ұйымның басты талабы - әлемдегі қаржы операцияларының 0,1%-ын салық ретінде кедейшілікпен күреске және артта қалған елдердің экономикасын дамытуға жұмсау. АТТАК өкілдері дамушы елдердің қарыздарын кешіруді талап етті. Қазіргі кезде антиглобализм ұйымдары қатарына дүниежүзі бойынша әрекет ететін «Ғаламдық әрекет», «Блэк Блок», «Үшінші ұстаным», "Радикалды экологтар" атты ұйымдары бар.
Сонымен, геосаяси жаһандану әлемнің геосаяси тұтасуын көрсетсе, антиглобализм осы тұтасуға қарсы қозғалысты білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет