«Жалпы және жас ерекшелік психологиясы» пәні бойынша Жалпы және жас ерекшелік психологиясы туралы жалпытүсiнiк


Жас ерекшелік психологиясынын негiзгi максаттары



бет18/48
Дата26.12.2022
өлшемі346,9 Kb.
#59754
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48
Байланысты:
общая и воз сессия жауап (копия)

18. Жас ерекшелік психологиясынын негiзгi максаттары
Жас ерекшеліктер психолгиясы адамның өмір бойындағы психикалық қасиеттері мен тұлғасының даму үдерісін зерттейді. Жас ерекшелікі психологиясының психологияның басқа салаларынан айырмашылығы-даму қарқынына басым көңіл бөлінуі.
Мақсаты: мектеп оқушыларының жас ерекшелігіне қарайжәне жеке басына тән ерекшеліктер туралы түсінік қалыптастыру
Жас ерекшелігі психологиясының концепциясының бірі ақыл – ой әрекеттерінің кезеңмен қалатасу теориясы б/ы. Ол 50 жылдарда П.Я.Гальпериннің еңбектерінде қалыптасты. Ақыл – ой әрекеттерінің кезеңмен қалатасу теориясының негізгі идеясы мынадан тұрады: білім алу оқушылардың іс - әрекеті процесінде, әрекеттердің белгілі бір жүйесін олардың орындауы жағдайында және соның нәтижесінде жүзге асырылады. Жас ерекшелігі психологиясы- психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні- адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму үтіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі.Балалар психологиясы, төменгі сынып оқушыларының психологиясы, жеткіншектер психологиясы, балаң жас өспірімдер психологиясы, ересек адам психологиясы, героптопсихология жас ерекшелік психологиясының тармақтары болып есептеледі. Жас ерекшелік психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын т.б зерттейді. Жас ерекшелік психологиясы педагогикалық психологиямен ажырамастай тығыз байланыста.Педагогикалық-психологияның пәні – оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу.Педагогикалық-психология оқыту процесін басқарудың психологиялық мәселелерін, танымдық процестерінің қалыптасуын зерттейді, ақыл-ой дамуының сенімді белгілерін ойлап тауып, оқыту процесіндегі ақыл-ойдың тиімді дамуының шарттарын анықтайды, педагог пен оқзушылар арасындағы қарым-қатынастарды, оқушылардың өзара қарым-қатынастарын қарастырады.
19.Адамнын интеллектуалды дамуындагы әр түрлі катынас түрлерiнiн рөлі.
Б.Г Ананьев бойынша адам ұйымдасуының төрт деңгейі ғылыми зерттеулер үшін қызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс-әрекет субьектісі тұлға жеке даралық жатқызылған. Биологиялық түр болғандықтан әр адамның туа біткен ерекшеліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми құрылымы интелекттің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді, т.с.с. Осы белгілер адам баласын хайуан баласынан ажыратады.
Қоғамда адамдар арасындағы ең үлкен құбылыс бұл қарым-қатынас. Қарым-қатынас болмай адамдар бір-бірімен араласа алмайды. Ал қарым-қатынасты орнату үшін ең алдымен мәдениетті игеру керек. Қалай болса солай сөйлеу бұл өзара қатынасты бұзуға алып келеді. 

  1. Маскiлi қарым-қатынастар– бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию.Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi. Мысалы,жағымпаздану,өз жұмысын істетіп алу мақсатында өтірік қошеметтеуді жатқызуға болады. 

  2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады. 

3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады. 
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.
5. Маникулятивтiк қарым-қатынас – сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады. 
6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас. Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет