17.Мумкіндігінше көптеген мiнез белгiлерiн тiзiмденiз және оларды жіктеңіз.
Мінез — әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез ерекшеліктері – адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Дегенмен, адам бойындағы ерекшеліктердің бәрі бірдей, мысалы, естудің нәзіктігі, көздің көргіштігі, есте сақтаудың шапшаңдығы, ақыл-ойдың тереңдігі мінез ерекшеліктеріне жатпайды.Адам мінезі – адамның өмір бойы қалыптасқан дара ерекшеліктерінің жүйке жүйесінің қызыметінің тума қасиеттерімен байланысы. Оған дәлел ретінде шыншыл немесе мейірімді, өтірікші, зұлым болу темпераменттің кез келген типінде кездеседі. Бірақ мінездің кейбір ерекшеліктері темпераменттің нақты типтерінде неғұрлым жеңіл қабылданады. Қарым-қатынас жасаушылық әрине сангвиник және холерикке тиімді.көптеген ғалымдар мінез мәселесімен айналысты: неміс психиатры Э. Кречмер, У. Шелдон, К. Леонгард, А.Е. Личко, т.б.Гипертимді тип – анық жестері, мимикалары болады. Сөзге құмар, қарым-қатынасқа бейім, бастапқы тақырыптан кенет бас тартады, өзінің отбасылық, қоғамдық міндеттеріне қалай болса солай қарағандықтан, адамдармен қақтығысқа тез түседі, қақтығысты өзі бастайды. Оптимист, энергиясы мол, іс-әрекетті сүйеді. Бірақ жеңілтек, аморальды әрекеттерді жасайды. Жоғары қозғыштық қасиеттері бар, жалғыздық пен қатал тәртіпті сүйеді.
2) Дистимді тип – пассимисті көңіл-күйді, аз сөйлейді, үйде отыруды ұнатады. Тұйық өмір сүреді. Қақтығысқа түспейді. Ол зімен достасатын адамды бағалап, тіпті оларға бағынады, әділ, байсалды, баяу ойлайды, бірақ тиянақты.
3) Циклоидті тип – көңіл-күйі тез өзгереді, сондықтан да қарым-қатынаста өзгермелі болып келеді.Көңіл-күйі жоғары болғанда сөзге, қарым-қатынасқа жақсы түседі, төмен болғанда тұйық.
4) Қозғыш тип – вербальды және вербальды емес реакциялары баяу, кантактілігі төмен, қақтығысқа бейім, көңілсіз. Отбасында басшы болғанды ұнатады, ұжыммен бірге бола алмайды. Қозған кезде ашуланшақ, өз әрекеттерін қадағаламайды, жақсы күйде, таза, ұқыпты, бала мен жануарларды сүйеді.
5) Тежелгіш тип – сөйлемейді, басқаларды үйретеді. Қақтығыста белсенді рөл атқарады. Қолған алған жұмыста үлкен дәрежеге жетуге тырысады. Өзіне үлкен талаптар қояды. Ренжігіш, сезімтал, өш алғыш, өзіне тым сенімді, қызғаншақ, ар-ұяты мол.
6) Педантты тип – қақтығыста енжар жақта, жұмыста басқаларға үлкне талапты қойса да лидерлікті кейде басқаларға да береді. Өзінің тазалықты сүюіменүйдегілерді де мазалайды. Ол ұстамды, тазалықты сүйеді, жұмыста сенімді, бірақ қақтығыста ұрысқақ.
7) Уайымшыл тип – ұялшақ, өзіне сенімсіз, қақтығысқа аз түседі, енжар болады. Басқалардан көмек іздейді. Достықты бағалайды, өзін-өзі көп сынайды, алға ойғандарын орындайды. Қалжың көтергіш.
8) Эмотивті тип – жарты сөзден-ақ бірін-бірі түсінетін адамдар тобынан құралған. Ренжісе, оны ішінде ұстайды, сыртқа шығармайды. Жауапкершілік, орындаушылық қасиеттеі бар, бірақ көңдіккіш, тым сезімтал жан.
9) Демонстративті тип – байланысты жеңіл орнатады, мақтанғанды ұнатады, билеуші мен лидерлікке талпынады, өзінің өзіне-өзі сенімділігмен адамдарға ұнамайды. Қақтығысқа өзі тудырып, өзін-өзі қорғай алады. Басқаларға ұқсамайтын әрекеттер жасайды. Басқаша ойлайды, басқаларды қызықтырады, бірақ эгоист, мақтаншақ, екіжүзді, жұмыстан қашады.
10) Экзалтацияланған тип – котактіге түсуі өте жоғары, сөзге құмар, иез ғашық болады. Дауласады, бірақ қақтығысқа жеткізбейді, қақтығыс кезінде белсенді әрі енжар болады. Талғамы жақсы, шын сезімге бейім. Көңіл-күйі тез өзгергіш.
Достарыңызбен бөлісу: |