«Жалпы және жас ерекшелік психологиясы» пәні бойынша Жалпы және жас ерекшелік психологиясы туралы жалпытүсiнiк


Гештальт психологтар ойлау жайында



бет45/48
Дата26.12.2022
өлшемі346,9 Kb.
#59754
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Гештальт психологтар ойлау жайында. Гештальтпсихологияның өкілдері–Келер, Вертгеймер, Коффка, К. Левин. Гештальт психологтар ойлаудың құрылымын, шығармашылық астарларын қарастырды. Ізделген шешімді оған қажетті құрылымды табу арқылы шешуді ойлау деп атаған. Гештальт психологтар ойлауды формальды–логикалық операциялардан ажыралатын, мәселе тудыратын жәйтті ескеру арқылы соған қарай танымдық құрылымдарды қайта құру, жаңадан “орталықтандыру” нәтижесінде жүзеге асатын продуктивті психикалық процесс ретінді түсіндірді. Олар тұтас құрылым ретіндегі мәселе тудыратын жәйттің барлық құрауыштарын, олардың арасындағы қатынастады бірден ұғынуды инсайт деп атады.
52.Қиял және шығармашылық
Қиял — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. Қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бүрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола түрып, оны белсенді кызметке итермелейді,творчестволық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады.
Шығармалық қиял - өзіндік жаңа образдар жасау арқылы өрекетте, жаңа өнімдер беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің, ғалымның, композитордың т. б. қиялы шығармалық қиялга жатады. Шығармалық қиял — қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын. Абай мен Қүнанбайдың образдарын жасау, оларды сипаттап жазған шығарманы оқып, елестетуден әлдеқайда ауыр. Шығармалық қиял ақын-жазушылардың, суретшілердің, артистердің т. б. осы секілді өнер қайраткерлерінің іс-әрекеттерінде үлкен орын алады. К. Маркс айтқандай, ғылымның «сәулетті шыңына шаршап-шалдығудан қорықпайтын, оның тасты соқпақтарымен тырмысып өрлей беретін адам ғана шыға алады». Шығармалық қиял әрекеттің кез-келген саласында орын алып отырады. Қоғамға пайда келтіретін нәтижелі еңбекте творчестволық қиялдың болмауы мүмкін емес. Қиялдың бүл түрі, әсіресе, мүғалімдік қызметте ерекше орын алады. А. С. Макаренко айтқандай: «жеке адамның келешегін жобалауда» мүғалім творчестволық қиялсыз әрекет етсе, жақсы нәтижеге ие бола алмас еді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет