49.Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері Қабылдаудың тұтастылығы деп объетінің кейбір қабылданатын элементтерінің жиынтығын сенсорлық түрде және ойша тұтас бейне күйіне толықтыруды айтады. Қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерден ,жеке бөліктерден тұрғанымен ,біз оларды бүтіндей,тұтастай қабылдаймыз. Қабылдаудың нәтижесінде қалыптасатын тұтас бейне түйсіну түрінде алынатын заттың жеке қасиеттері мен сапалары жөніндегі білімдерді жалпылау негізінде құрылады. Қабылдаудың құрылымдылығы қабылдаудың тұтастылығымен тығыз байланысты. Біз белгілі бір объектіні жеке элементтермен емес,тұтас құрылым ретінде қабылдаймыз. Мыслы,музыканы қабылдағанда ,біз оны жеке ноталар бойынша емес,тұтас әуен ретінде қабылдап,қайта жаңғырта аламыз.
Қабылдауың заттылығы – қабылдаудың көрнекі бейнесін сыртқы дүние нің белгілі бір заттарына жатқызу. Бұл объективация лық қасиет болмаса қабылдау өзінің бағдарлаушы және реттеуші қызметін атқара алмайды. Қабылдаудың заттылығының дамуында адамның практикалық іс-әрекеті маңызды рөл атқарады.
Қабылдаудың мағыналылығы. Бұл ерекшелікте қабылдаудың түйсіктерден негізгі айырмашылығы жақсы көрінеді. Объектілердің мазмұнын жақсылап түсінбейінше,оларды белгілі тұжырымдар мен сөз арқылы атамайынша,олар толық қабылданбайды. Егер объектінің аты сөзбен берілсе,ол қандай нәрсе болса да,оңай және тез қабылданады.
Қабылдаудың тұрақтылығы немесе константтылығы деп сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан,заттардың мөлшері,формасы,түсі, және т.б. қасиеттерінің салыстырмалы бір қалыпты болып қабылдануын айтады.
Қабылдаудағы иллюзия. Түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзиялар сан алуан себептерге байланысты пайда болады. Иллюзияларды адамның жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты туатын заттардың жалған ,теріс бейнелері – галлюцинциялардан ажырату қажет.
Апперцепция. Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығын апперцепция дейді. Бұл адамға қабылданатын заттар немесе құбылыстар таныс болып,оның бұрынғы тәжірибесінде кездескен болса,онда адам оларды дұрысырақ қабылдайды. Енді қабылдаудың түрлеріне келетін болсақ – қабылдаудың түйсіктер сияқты негізгі агализаторға байланысты классификациясы бар. Әдетте,қабылдау процесі өзара әрекеттесетін анализаторлар негізінде жүзеге асады. Қозғалыстық қабылдаулар белгілі бір дәрежеде қабылдаулардың барлық түрлеріне қатысады. Мысалы,сипап сезу қабылдауында тактилдік және кинестезиялық анализаторлар қатысады. Қабылдаудың әр түрі таза күйде сирек кездеседі. Олар көбінесе комбинацияланып қабылдаудың күрделі түрлерін құрайды. Қабылдаудың келесі жіктелуінде материяның тіршілік етуінің белгілі бір формалары – кеңістік, уақыт, қозғалыс негізінде алынады.