«Жалпы және жас ерекшелік психологиясы» пәні бойынша Жалпы және жас ерекшелік психологиясы туралы жалпытүсiнiк


Зейіннің психологиялық теориялары



бет46/48
Дата26.12.2022
өлшемі346,9 Kb.
#59754
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
53.Зейіннің психологиялық теориялары
ЗейІн - бұл психикалық іс-әрекеттің қандай да бір белгілі нәрсеге бағытталып, шоғырдануы. Өздерінің көптеген жұмыстарыңда зейінді өзіндік көрініс ретінде емес танымдық психикалық іс-әрекеттің бір жағы сияқты қарастыру советтік әдебиетте әсіресе С.Л. Рубинштейн мен Н.Ф, Добрынинның еңбектерінен көрінді, Добрынинның еңбегінде зейін психикалық іс-әрекеттің белгілі бір объектіге бағыттылығы, шоғырлануы сияқты анықталады. Ол зейін түжырымдамасына келесідей анықтама береді: зейін - тұлғаның психикалық іс-әрекетінің өзара бағыттылығы мен шоғырлануы болып табылады.

  • Өз уақытында әйгілі психолог Н.Н. Ланге сол уақыттағы философиялық және психологиялық әдебиеттерден орын алған зейіннің негізгі теорияларының жүйелілігін тексеріп, негізгі сегіз теорияны бөлді:

  1. Зейін қозғалысқа бейімделудің нәтижесі.

  2. Зейін сана көлемінің шектеуі,

  3. Зейін эмоцияның нәтижесі.

  4. Зейін апперцепцияның нәтижесі,

  5. Зейін жүйке тітіркендіргіштерінің нәтижесі.

  6. Зейін ерекше белсенділік, жан қаблетінің нәтижесі.

  7. Зейін іс-әрекет түрлерінің бірі,

  8. Зейін жүйке тежелулерінің нәтижесі.

  • Шеррингтонның теориясы бойынша, адамға әсер етуші көп қоздырғыштардың арасында күрес болады. Егер бір-біріне ұқсас қоздырғыштар болса, олар бір-бірін толықтырып, немесе бір-біріне жол беріп отырады. Егер әсер ететін қоздырғыштар қарама-қарсы болса, олардың арасында күрес пайда болып әлсіздері жеңіліп күштілері жеңеді. Күшті қоздырғыштарға сезгіш жолдар арқылы қимыл таратушы психикаға барған соң, оларға тиісті жауап қайтарылады. Міне, осы қайтарылатын жауаптар – зейін. Шеррингтонның теориясы бойынша, зейінді белсенді, ерікті әрекет деп түсінуге болмайды. Өйткені ол зейінді әсер етуші күшті қоздырғыштарға ғана қайтарылатын жауап ретінде түсіндіреді.

  • И.П. Павловтың пікірінше, зейін қою кезінде мида өктем қозу пайда болуы мүмкін. Сөйтіп, И.П. Павлов зейіннің физиологиялъгқ негіздерін шартты рефлекстер пайда болуымен, жүйке саласының қызметімен байланыстырады. Зейіннің физиологиялық негізін қозудың оптималдық ошағы деп аталатын физиологиялық құбылысиен де түсіндіруге болады. Миға көптеген тітіркеңдіргіштер бір мезгілде әсер етеді. Солардың әсерінен ми жарты шарларының қабығында күштері әр түрлі қозу ошақтары пайда болады.

  • Зейіннің физиологиялық негізін академик А.А. Ухтомский доминант теориясымен түсіндіреді, Доминант - мида пайда болатын өте күшті үстем етуші қоздырғыштардың ошағы. Доминанта принципі зейіннің бір затқа ғана ерекше бағытталып, басқа тітіркеңдіргіштерді елемей қалатьш жағдайын түсінуге мүмкіндік береді. Зейіннің шоғырлануын адамның белгілі бір іске ықылас-ынтасымен берілгендігінен көруге болады. Зейінділік, адамның сырт пішінінен де байқалады. Мысалы, адам бір нәрсеге зейін салғанда, қимыл-қозғалысы тежеліп, сезім мүшелерінің бәрі сол нәрсеге қарай бағытталады. Бұл теория бойьшша, мида бірнеше қоздырғыштар пайда болып, бұл қоздырғыштардың қайсысы күшті болса, әлсіз қоздырғыштарды өзіне тартып, оларға үстемдік жасап, өзі ғана әрекет етіп отырады. Ми сол күштің қозу әсерінде болады. Мұндай құбылысты субдоминант деп атайды.

  • Э.Б.Титченер бойынша зейін адам рухының өз дамуында үш кезеңнен тұрады: бірінші зейін жүйке жүйесіне күшті әсер ететін әр түрлі әсерлермен анықталуы сана орталықтарымен шектеледі; екінші зейін сана орталықтарының жалғасы белгілі қабылдау немесе елес басқалардың уайымының қарама-қайшылығына қарамастан шектеледі. Зейіннің рухани процесі басында қарапайым; одан кейін ол күрделенеді, шоғырлану мен ойластыру жағдайында өте жоғары дәрежедегі күрделілікті иемденеді. Титченер өмірді толықтай қарастыра отырып былай дейді — оқыту мен тәрбиелеу кезеңі зейіннің екінші кезеңі, ал ересектік пен өзіндік іс-әрекеті бірінші зейіндік кезең болып табылады.

  • Т. Рибоның айтуынша зейін екі маңызды әртүрлі формадан түрады: оның біреуі еріксіз, шынайы зейін, ерікті жасанды зейін. Зейіннің екі формасында «тазарухани актіге» жатқызбайды.

  • Әйгілі педагог К.Д. Ушинский зейін - сыртқы дүниедегі материялардың барлығын санамызға жіберін отыратын есік дейді. Егер осы есік дұрыстап ашылған болса ғана, студенттер лектордың айтқанын ұғып білін алады, егер бұл есік жабық болса, онда лектордың айтқанын жөнді ұғып, есінде қалдыра алмайды.

  • П.Я. Гальперин зейін концепцияларын ұсынды. Ол зейінді іс-әрекеттің ішкі бақылауы сияқты қарастырды. Оның ойынша зейінді осы түрде қарастыру зейінді өзіндік көрініс ретінде елестетуге, зейін феномендерінің өз бетінше өмір сүру формасын табуға мүмкіндік береді. Зейін жайлы мұндай елес оның ақыл-ой әрекетінің кезеңдік қалыптасуының жалпы теориялық контекстінде дамыды.

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет