«Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары Модуль «Жүйке жүйесі және сезім мүшелері 1»



бет9/54
Дата20.05.2023
өлшемі102,51 Kb.
#95501
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   54
Ядролары:
1-nucleus spinalis-сезімтал, жұлында жатады.
2-nucleus pontinus-сезімтал,көпірде орналасқан
3-nucleus mesencephalicus-сезімтал ортаңғы мида жатады
4 nucleus mototius n.trigemini-көпірде орналасады
Мида орналасқан жері: n.trigeminus сабауы- көпір мен мишақтың ортаңғы аяқшасының бір-бірімен қосылған жерінде немесе үшкіл бет сызығы бойында орналасқан.
Бас сүйектен өтетін жері: n.trigeminus бассүйек ішінде үш ірі тармаққа бөлінеді және олардық өтетін жерлері:
1-Көз нерві (n. ophthalmicus )
2- Жоғарғы жақсүйек нерві (n. maxillaris )
3- Төменгі жақсүйек нерві (n. mandibularis )

  1. Көз нерві (nervus ophthalmicus [V1]) — үшкіл нервтің бірінші тармағы, көз алмасын, бездерді, көзжас қапшығын, торлы лабиринттің шырышты қабығын, маңдай және сына тәрізді қойнауларды, жоғарғы қабақтың терісін,маңдай және мұрынның қабырғасын нервтендіреді.

Көз нерві үшкіл нервтің бірінші тармағы, бассүйектің жоғарғы көздік саңылау арқылы бассүйек қуысыныңкөзұясына өтеді. Бірақ өтер алдында тағы да үш тармаққа бөлінеді: мұрын-кірпікті, маңдай және көзжас нервтеріне. Көзұясына кірмес бұрын мидың қатты қабығының тармағы(ramus meningeus) береді.
Мұрын-кірпік нерві (nervus nasociliaris) көзұясында— көз алмасының медиалді тік және жоғарғы қиғаш бұлшықеттері арасында медиалді орналасады. Оның беретін тармақтары:
1) артқы және алдыңғы тор нервтері (nervi ethmoidales posterior et anterior) — торлы лабиринттің шырышты қабығын және мұрын қуысын нервтендіреді;
2) ұзын кірпікті нервтері (nervi ciliares longi) — көз алмасының ақ қабығына және көз алмасының тамырлы қабығына барады;
3) мұрын тармақтары (rami nasales) — мұрын арқасына және мұрын қуысының алдыңғы бөлігінің шырышты қабығына барады;
4) кірпікті түйінмен байланысатын тармақ (ramus communicans cum ganglio ciliari), кірпікті түйінге сезімтал нерв талшықтарын алып келеді, олар түйін арқылы транзиттіктүрде өтеді және қысқа кірпікті нервтер (nervi ciliares breves) ретінде жалғасады. Бұл нервтердің құрамында, сезімтал талшықтардан басқа, кірпікті түйіннің нейрондарының түйіннен кейінгі постганглионарлы парасимпатикалық талшықтары және жоғарғы мойын түйіні нейронының түйіннен кейінгі постганглионарлы симпатикалық талшықтары болады. Қысқа кірпікті нервтер нұрлы қабықты және кірпікті бұлшық етті нервтендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет