Сынып жетекшінің атқаратын қызметтері: Талдау қызметі:
• балалардың жеке дара ерекшеліктерін зерттеу; • өр оқушының отбасындағы тәрбиесін зерттеп, талдау; • оқушы мен ұжымның тәрбиелік деңгейін талдап, бағалау; • сынып ұжымының қалыптасуы мен дамуын зерттеп, талдау; • ортаның сынып оқушыларына ықпалын зерттеп, талдау; • өткізілетін іс-шараның тәрбиелік құндылығын талдау; Болжамдық (прогностикалық): • тәрбиелік ықпал мен жоспарланған іс-шараның нәтижесін болжау; • оқушылардың жеке дара даму деңгейінің нәижесін болжау; • ұжымның қалыптасуы мен даму кезеңдерін болжау; • мектептің тәрбие жүйесіне сәйкес сыныптағы тәрбие жүйесінің моделін құру; • ұжымдағы қалыптасып келе жатқан қарым-қатынастардың салдарын болжау (оқушылар арасындағы, ата-аналар оқытушылар арасындағы) ұйымдастыру-үйлестіру: • әр оқушының даму ерекшеліктерін психологиялық-педагогикалық картада көрсету; • оқушының оқу әрекетінде көмек көрсету; • әрбір оқушыға және ұжымға жеке дара ықпал жасау; • оқушыларға үйірмелер, клубтар, секциялар, бірлестіктер арқылы қосымша білім алуға көмектесу; • оқушылардың дербестігі мен құқықтарын қорғау. • оқушылардың отбасылары мен байланыс ұйымдастыру: ата-аналар жиналысын өткізу, оларға кеңес беру, т.б.; • өз сыныбы оқушыларының үлгеріміне байланысты кіші педагогикалық кеңестер жұмысын ұйымдастыру, пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысу; • көсіби бағдар беру, болашаң мамандығын таңдауға саналы көзқарас қалыптастыру; • қажетті іс-қағазды жүргізу (журнал, сабаққа қатысуын қадағалау, оқушылардың күнделіктерін тексеру, жеке іс қағазды, сынып жетекшісінің жұмыс жоспары); Коммуникативтік: • оқушылар арасында өзара қарым-қатынас қалыптастыру, ұжымға үйренуге, қатарларының арасындаөзін қанағаттандыратын статусқа ие болуға көмектесу; • "оқушы-оқушы, оқушы-ата-ана, ата-ана-оқушы арасындағы өзара қолайлы байланысты орнату; • оқушылардың қоршаған ортамен қолайлы қатынас орнатуы; • ұжымда әр оқушыға қолайлы психологиялық ахуал орнатуға үлес қосу. Жеке шәкірттері жайлы сынып жетекшісі білуі керек мәліметтер: • баланың денсаулығы; • отбасындағы өмірі мен тұрмыс жағдайы;