ТАҚЫРЫБЫ: «Жалпы нозология»
Нозология (гр. nosos-ауру+logos-iлiм) – ауру туралы iлiм.
Аурулар номенклатурасы – белгілі ретпен ұйымдастырылған жеке аурулардың
атаулары және олардың сипаттамасы.
Аурулардың жіктелуі – нақты критерилерге негізделіп, ауруларды топтарға
бөлу жүйесі.
Ауру алды– бейiмделу механизмдерінің
мобилизациясы нәтижесінде
биологиялық және әлеуметтiк бейiмделу анық төмендемейтiн немесе
бейiмделудiң төмендеуi сыртқы ортаның кейбiр факторларымен әрекеттескенде
ғана көрiнетiн адам организмінің денсаулық және ауру арасындағы күйi.
Ауру– организмге зиянды факторлар әсер
еткеннен әлеуметтiк пайдалы
қызметтiң, жұмысқа қабiлеттiлiктiң шектелуімен, функциялардың және
бейімделудің
бұзылыстарымен, құрылымдық-функциялық және метаболизмдік
өзгерiстердің кешенімен көрінетін ерекше өмiрлiк процесс.
Достарыңызбен бөлісу: