Патогенездік ем – ауру патогенезіндегі себеп-салдарлық қатынастардың
тізбектерін жоюға бағытталған шаралар кешені.
Конституция (лат. constitutio-құрылым, дене құрылымы) – тұқым қуалайтын
және жүре пайда болған қасиеттердiң негiзiнде құралған және организмнiң
реактивтiлiк жағдайын қалыптастыратын қызметтiк және морфологиялық
ерекшелiктердiң жиынтығы.
Диатездер (гр. diathesis-бейiмдiлiк) – кәдiмгi қоздырғыштарға сәйкес емес
реакциялармен жауап беруiмен, кейбiр ауруларға бейiмдiлiгiмен сипатталатын
конституция ауытқуы.
Адаптация(лат. adaptatio- бейiмделу) – эволюцияда қалыптасқан тiрi
организмнiң өзгермелi өмiр сүру ортасына бейiмделуi.
Деадаптация (лат. de-жою, adaptatio- бейiмделу) – организмнiң бұрын иеленген
өмiр сүру ортасына бейiмделу қасиеттерiн жоғалту.
Дизадаптация(гр. dys-бұзылу, adaptatio- бейiмделу) – сыртқы немесе iшкi орта
факторларына организм бейiмделуiнiң бұзылуы.
Реактивтiлiк (гр. reactia- қарсы шығу) – сыртқы ортаның әртүрлi әсерлерiне
тiршiлiк әрекетiн өзгерту арқылы организмнiң жауап беру қасиетi.
Гиперергия(гр. hyper- көп,жоғары+ergon-әсер, қызмет) – организм
реактивтiлiгiнiң жоғары болуы.
Гипоергия (гр. hypo- аз, төмен+ergon- әсер, қызмет) – организм реактивтiлiгiнiң
төмен болуы.
Нормергия (гр. norma- норма,қалыпты жағдай+ ergon- әсер, қызмет) –организм
реактивтiлiгiнiң қалыпты болуы.
Дизергия (лат. dys-бұзылу) – организм реактивтiлiгiнiң бұрмалануы.
Резистенттілік – патогендiк факторлар әсерiне организмнiң тұрақтылығы.
ТАҚЫРЫБЫ: «Жасушаның жалпы патологиясы. Организмнің зақымдануға жалпы реакциялары» Жасушаның зардапталуы – жасушалардың құрылысы, метаболизмі және
функцияларының өзгерістері.