Жалпы патофизиология


Пикноз (гр. pycnos- тығыз, қатты) – жасушаның немесе ядроның жиырылуы,  нығыздалуы, өлшемінің тез арада азаюы



Pdf көрінісі
бет11/35
Дата23.05.2023
өлшемі334,67 Kb.
#96284
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35
Байланысты:
терминдік сөздік ПФ-1

Пикноз (гр. pycnos- тығыз, қатты) – жасушаның немесе ядроның жиырылуы, 
нығыздалуы, өлшемінің тез арада азаюы. 
Стресс (ағылш. stress- кернеу) – жалпы бейімделу синдромы – табиғаты әртүрлі 
тітіркендіргіштердің әсерлеріне организмнің ерекше, стереотипті, жалпы жауабы 
реакцияларының жиынтығы. 
Жедел фаза жауабы – аурудың жіті кезеңіндегі зақымдануларда дамитын 
организмнің жалпы реакциясы. Жеедел фаза жауабы жиі қабыну дамуына
иммундық жүйе және фагоциттейтін мононуклеарлардың жүйесі белсенуіне 
әкелетін зақымдануларда байқалады. Бір топ қабынуды күшейтетін 
цитокиндердің (1, 6, 8 интерлейкиндері, ісіктерді жоятын факторы альфа) пайда 
болуы мен босауы кушеюімен сипатталады. 
Жедел фаза ақуыздары – бауырда түзілетін және жедел фазаға жауап дамығанда 
қанға түсетін ақуыздар (С-реактивті ақуыз, гаптоглобин, комплементтің бөліктері, 
церулоплазмин, фибриноген және т.б.). 
Төтенше (экстремальді) жағдайлар – адам өміріне өте қауіпті жағдайлар
белсенді түрде өткізілетін емдік шараларды қажет етеді. Организмге қоршаған 
ортаның өте зиян факторларының әсерінде немесе өмір сүруге маңызды 
физиологиялық функциялардың және метаболизмнің өте ауыр бұзылыстарына 
әкелетін ауыртпалық процестер жағымсыз бағытта өзгергенде дамиды.  
Шок (ағылш.shock- соққы) – организмнің өмір сүруге маңызды қызметтерінің 
қатты әлсіреуімен сипатталатын ауыр патологиялық процесс. 
Коллапс (лат. collabor-құлау, төмен түсу) – артериялық қысымның төмендеуімен, 
айналымдығы қанның көлемі азаюымен сипатталатын жіті тамырлық 
жеткіліксіздік.  
Кома (гр. koma-терең ұйқы) – адам өміріне қажетті қызметтердің реттелуі 
бұзылуымен, сыртқы қоздырғыштарға рефлекстердің жоқ болуымен, орталық 
жүйке жүйесінде патологиялық тежелудің анық көрінуімен байланысты естен 
терең тануымен сипатталатын күй.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет