Салыстыру, талдау жэне жинақтау, дерексіздену жөне
жалпылау үрдістерінде ең алдымен біздің
сезім
органдарымыз арқылы мүмкін болатын заттар мен
қүбылыстардын қасиетгері, байланыстары және қатынастары
бейнеленеді, қабылдаулар мен елестетулерге негізделген
пікірлер осындай жолдармен алынады. Біз жоғарыда
айтқандай, шындықты тану үрдісінде тікелей қабылдаулар
мен елестетулер арқылы болмайтын заттар мен
қүбылыстардың арасындағы осындай қасиеттер мен
байланыстарды ашып көрсету керек. Шындықты тану жанама
түрде негізінен ой қорытындысы арқылы болады.
Ой қорытындысы - бүл тарихи қалыптасқан ойлаудьщ
логикалық түрі, ол арқылы бір немесе бірнеше белгілі
пікірлерден жаңа пікір туады. Мысалы, біз екі пікірді
қарастырып көрелік: “Күн басқа барлық аспан денелері
сияқты, оньщ ішінде жер сияқты сол элеменггерден түрады”,
“Күңде гелий элементі бар”. Осы екі пікірден жаңа пікір
шығаруға болады: “Демек, жерде де гелий элементі болады”.
Осындай жолмен ой қорытындысы 3 түрге бөлінеді:
индукция, дедукция жөне үқсастық (аналогия).
Индукция дегеніміз - бірнеше жалқы немесе жеке
пікірлерден бір жалпы пікір жасау. Мәселен, бізде
мынадай
пікір бар: “Ағаш қыздырғанда үлғаяды”, “Темір
қыздырғанда
үлғаяды” , “Ауа қыздырғанда үлғаяды” . Демек, осы
пікірлерден жаңа жалпы пікір алуға болады: “барлық
денелер
қыздырганда үлгаяды”. .
Оқыту үрдісінде шәкірттер жеке жағдайлар мен
пікірлердің негізіңде өздері жиі жалпы математикалық немесе
грамматикалық ережелерді шығарады. Мысалы, “үй
жануарлары” үгымын меқгеруде оқушылардың айтуынша,
сиыр пайдалы, жылқы, ешкі де солай. Содан кейін осынын
негізінде шәкірттер жалпылама қорытындыга келеді'.
“барлық үй жануары пайдалы”.
Индукгивті ой қорытындысы деп жекелеген фактілерден,
пікірлерден барып, ой қорытындысына көшуді
Достарыңызбен бөлісу: