95
I
Психикалық қалып сыртқы жөне ішкі жағдайлардың
себептеріне байланысты, бірақ оның динамикасы мен сипаты
жеке түлғаның қасиетіне байланысты. Мөселен, жүйке
қызметі ынжық типтегі адамдарда психикалық қалпы
қозғалғыш типтегі адамдармен салыстырғанда түрақты келеді.
Кейбір адамдардьщ атьша жасалған сьш-ескертпелер олардьщ
күш-жігерін жүмылдырады, сын-ескертпелерден қорытынды
шығаруға үмтылады, ал осындай сы н-ескертпелер
кейбіреулердің белсенділігін әлсіретеді, депрессивтік
психикалық жағдайдың пайда болуьша алып келеді. Осындай
жағдай мінез-қүлқының жағымсыз қасиетгеріне (өркөкірек,
өзімшіл, өзін басқадан жоғары үстайтын) ерік-жігері әлсіз,
сезімнің ерекшелігіне байланысты.
^Цемек, жеке түлғаның психикалық қүрылымы өте
күрделі, жан-жақты жөне сан-қырлы. Оның барлық
компоненттері өзара байланысты және өзара тәуелді. Жеке
түлғаның дамуымен оның қүрылымы да өзгеріп отырады.
Сонымен қатар өрбір жеке түлған ы ң қүры лы м ы
салыстырмалы түрде түрақты. (Әрбір адам түрақтылық пен
өзгермеліктің бірлігі, тек қана сондай қүрылым адамға өзімен
өзі болуға, икем ділік көрсетуге, өмір салты н сол
жағдайларына сай жүргізуге көмектеседі.
§3. Жеке гщлганыц багыттылыгы
Жеке түлғаның негізгі сипаты оның бағыттылығы болып
табылады. Бағыттылық адам алдына қойған мақсатты
анықтайды, сол мақсатты орындауға үмтылысы тән, түрткілер
арқылы адам іс-әрекеттер жасайды, қызығуларды адам іс-
әрекетте басшылыққа алады.
Белсенділік — жеке түлғаның басты жалпы қасиеті, ол
іс-әрекетте, қоршаған ортамен қарым-қатынас үрдісінде
байқалады. Адамды белгілі бір жағдяйда өрекет етуге, аддына,
мақсат қоюға және оны орындауға игермелейтін не? Осындай
итермелейтін себепке қажеттілік жатады. Қажетгілік адам
тарапынан белгілі бір затқа мүқтаждық, бір нәрсенің
жетіспеуі, белгілі бір нәрсеге қанағагганбау түрғысында іске
асады, ал жеке түлғаның белсенділігі қажеттіліктерді
қанағаттандыруға бағытталады.
Адам қажетгілігі әртүрлі. Ең алдымен адамның өмір сүруін
тікелей қамтамасыз ететін табиғи қажеттіліктерді атап өтуге
болады: тамаққа, үйқыға, киімге, суықтан және ыстықтан
сақтау қүралы ретінде түрғын үйге қажеттілік. Бүл негізінен
б и о л о ги я л ы қ қаж еттіліктер, соны м ен қ атар олар
жануарлардың қажетгіліктерінен түбірлі айырмашылықтары
бар. Оның ішінде, біз оны қанағаггандырудың әлеуметтік
сипаты туралы айтып отырмыз.
Адамда табиғи қажетгіл іктерме н қатар таза адами, рухани
немесе әлеуметтік қажеттіліктер болады. Басқа адамдармен
сөздік қарым-қатынас қажетгілігі, еңбекке деген қажетгілік,
мәдени қажеттіліктер (кітап және үнқағаз оқу, радио,
теледидар тындау, музыка тындау, киноға және театрға бару)
болады.
Адам қажеттілігі — адамзат қоғамының қоғамдық-тарихи
дамуының жемісі. Осы даму үрдісінде адамдардың табиғи
және рухани қажеттіліктері пайда болды, өзгерістерге
үшырады жөне күрделене түсті.
Жеке түлғаның белсенділігінің қайнар көзі, оның
қажеттілігі болып табылады. Тек қана қажеттілік адамды
белгілі бағытта өрекет етуге итермелейді.
Қажеттілік — бүл өмір сүрудің нақты жағдайларына
төуелділігін білдіретін жеке түлғаның қалпы. Қажеттілік —
жеке түлғаның белсенділігінің қайнар козі. Қажеттілік жалпы
түрде байқалады.
Адамның нақты қылығы, ісі, белгілі іс-әрекеті туралы
айтқанымызда, түрткілері (мотивтері) немесе нақтылы
қылығы, іс-эрекетті итермелейтін себептері туралы деп
түсінеміз.
Түрткілер — қажеттіліктің нақты корінуі.
Түрткілер (мотивтер) — бүл қажеттіліктерді қанағаттан-
дырумен байланысты іс-әрекетке итермелеу. Егер де қажеттілік
адам белсенділігінің барлық түрлерінің мәнін, қызметін
қүрайтьш болса, ал түрткілер бүл қажеттіліктің нақты корінуі
болып табылады.
Адамньщ мінез-қүлқын қарастыра отырып, оның қылығын
талдай келіп, оның түрткілерін дүрыс түсіну қажет. Түрткілер
бір-бірінен онда іске асатын қажеттіліктердің түріне,
аумағына, іс-өрекеттің мазмүнына (еңбек өрекетінің
түрткілері, оқу әрекетің түрткілері) байланысты ерекшеленеді.
Түрткілер мақсатты (саналы) және мақсатсыз (санасыз)
болып болінеді. Ғылыми психология осы түрткілердің бір-
бірімен жеке түлға дамуының қоғамдық-тарихи жағдайы
бір-бірімен байланысты екендігін атап корсетеді.
Адамның танымдық қажеттіліктерінің корінісі кызығу
деп аталады. Қызығу — бүл адамның белгілі бір затқа,
қүбылысқа немесе іс-әрекетке, жағымды эмоциялық катынасқа
байланысты белсенді танымдық бағыттылығы. Қызыгудың мәні
орасан зор: білімді меңгеруге, ой-орісін кеңейтуге, адамды
97
терең білімді меңгеруде оның белсенді жолдары мен
тәсілдерін іздестіруге, қиындықтар мен кедергілерді жоюға
итермелейді.
•
;
Қызығулар өзінің мазмұны, ауқымы, тереңцігі, түрактылыгы
және тиімділігі бойынша сипатталады.
Мазмұны жағынан қызығулар бағытталған нысанына
қарай анықталады (техникаға, химияға, спортқа, өнерге,
суретке, шахматқа т.б. қызығу). Мазмүны жағынан өртүрлі
қызығулар қоғамдық мәніне қарай: біреулері, егер де
қоғамдық жэне жеке мүдцелер дүрыс үштасқанда жағымды
бағаланады, басқалары жағымсыз бағаланады (өздерінің үсақ
сезімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты).
Жан-жақты, ауқымды жэне тар қызығулар болып бөлінеді.
Жеке түлғаны жан-жақты дамыту үлкен ауқымды және жан-
жақты қызығуды қажет етеді. Қызығудың тарлығы адамда
бір немесе екі шектеулі және түйықталған қызығу ғана
болады.
Терең қызығу нысанды, оның барлық бөлікгерін жеткілікті
зертгеу қажетгілігі болып табылады. Ол атүсті, жеңіл-желпі
қызығуға қарсы бағытгалады, адам қүбылыстарды атүсті
қарастырады, зертгеу нысанын терең пайымдамайды.
Түрақты кызығулар (олар үзақ сақталады, адамның омірі
мен іс-әрекетінде мәнді рөл атқарады, жеке түлғаның
салыстырмалы түрде бекітілген ерекшеліктері болып
табылады) және түрақсыз қызығулар салыстырмалы түрде
қысқа мерзімді қүбылыстар сипатында жөне тез пайда
болады, тез соніп қалады.
Адам түрақсыз қызығулармен жеңіл әуестенеді жэне тез
суыпқалады.
Тиімді қызығулар дегеніміз адамның омірі мен қызметіне
терең ықпал ететін, белгілі бағытга біржүйелі және мақсатгы
іс-әрекетке, белсенді және ынталы ізденістер көздерін
қанағатандыруға итермелейтін қызығуды айтады. Бейжай
қызыгулар — осындай іс-ерекеттің түрлеріне итермелейтін
қызығуларды айтады.
Сонымен қатар тура және жанама кызығулар болады. Тура
қызығулар білімнің немесе іс-әрекетгің белгілі бір саласында
мазмүнымен пайда болады.
Жанама қызыгулар — нысанның мазмүнымен пайда
болмайды, болашақ басқа нысанмен, адам қызығуымен
(мәселен, мектеп оқушысы үшін математикаға қызығуы,
оның сүйіп айналысатын авиамоделдеу ісімен) байланысты.
Жеке түлғаның қылығы моралдік түрткілермен, борыш
сезімімен, қоғамдық тапсырмалармен реттеледі және
98
анықталады. Адам қылығының моралдік түрткілері
вдеалдарда байқалады.
Моралдік немесе адамгершілік идеал — бүл адамның өз
іс-әрекеті мен қылығының үлгісі. Әрбір тарихи кезенде идеал,
үлгі болатын адамдар аз болған жоқ. Қазақ халқының тарихы
мен мөдени өмірінде идеал, үлгі боларлық қайраткерлер
ғылымда академик Қаныш Сатпаев, әдебиет пен өнерде Абай,
Мүхтар, Махамбет, Қүрманғазы т.б. есімдерін ерекше атауға
түрарлық. Жеке түлғаның қылығының негізгі түрткісі
сенімдер болып табылады.
Сенімдер — бүл өздерінің көзқарасына, қағидаларына,
дүниетанымына сәйкес итермелейтін жеке түлғаның
мақсатты қажеттіліктер жүйесі. Сенімдер түрінде байқалатын
қажеттіліктер мазмүны — бүл қоршаған дүние табиғат пен
қоғам туралы білімдер, оларды түсіну. Бүл білімдер ішкі
үйымдасқан көзқарастар жүйесін қүрайды(философиялық,
эстетикалық, этикалық, ғьшыми-жаратылыстану және т.б.),
ол адам-дүниетанымы болып қарастырылады.
Үмтылу — мінез-қүлық түрткілері (мотивтер), онда
қажеттілік түрінде аңғарылады, қазіргі жағдайда берілмеген,
бірақ жеке түлғаның арнайы үйымдасқан іс-әрекетінің
нәтижесі түрінде жасалуы мүмкін. Үмтылу түрінде берілген
қаж еттілік ерекш е үй ы м дасқан іс-әр ек е т арқы лы
қанағаттандыра алмайды, бүл түрткілер категориясы үзақ
мерзімге жеке түлғаның белсенділігін қолдауға қабілетті.
Мәселен, бір топ студент қайықпен серуенге шығу туралы
жоспар жасап, пайда болған үмтылу нәтижесінде жоспарды
іске асыруда өзінің іс-өрекетінің белсенділігін арттырады,
сол жоспарды орындауда студенттер өртүрлі даярлық
жүмыстарьш жүргізеді. Үмтылу әртүрлі психологаялық түрде
іске асады.
Барлық түрткілер туралы айтқанымызда (қызығу, сендіру,
үмтылу) ең алдымен олар саналы, мақсатты түрде сипатталады.
Басқа сөзбен айтқанымызда, адамда ол пайда болғанда, өзіне-
өзі есеп береді, іс-әрекетке итермелейді, оның қажеттілігінің
мазмүны болып табылады. Сонымен қатар бүл категорияға
түрткілердің барлығы кіре бермейді. Адамдардьщ іс-әрекетгері
мен қылықтарының ерекше саласына саналы емес талпынулар
жатады. Саналы емес талпынуларды психологияда зерттеу
XX ғасырдың 20-30-жылдары қолға алынды.
Үстаным мәселесі, үстаным теориясының біздің елімізде
негізінен грузин психологы Д .Н .Узнадзе және оның
әріптестері негізін салған болатын.
99
Ү станым дегеніміз қажеттілікті қанағаттандыруға бел гілі
дөрежеде даярлықты айтады.
Үстаным — бүл белгілі бір іс-өрекетке жеке түлғаның
саналы емес талпыну дайындығы, оның көмегімен белгілі
бір қажеттілікті қанағаттандыруы мүмкін.
Д.Н.Узнадзе зерттеуі бойынша үстаным орталық жүйке
жүйесіңце пайда болады және оның перифериялық бөлімінің
қызметінің жемісі болып есептелмейді. Мөселен, бірінші
сынып оқушыларының мүғаліміне үстанымын жатқызуға
болады: үстаным мүғалімнің кез-келген тапсырмасын
мүлтіксіз орындау даярлығы түрінде аңғарылады. Қоғамдық
омірдің өртүрлі деректері бойынша үстанымдар (оқиғаларға,
адамдарға және т.б.) жағымды болуы да (ауру дәрігердің
барлық айтқандарын дәл орындауы, оны емдеген доктордың
үстанымын басшылыққа алуы), жағымсыз болуы да мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |