Жалпы психология


ып бөлінеді. Еріксіз  кабылдау



Pdf көрінісі
бет91/214
Дата24.09.2024
өлшемі11,67 Mb.
#145484
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   214
Байланысты:
Жалпы психология

ып
бөлінеді.
Еріксіз 
кабылдау 
деп алдымызға алдьш ала мақсат коймай, 
нысанды алдын ала тандамай іске асатын кабылдауларды 
айтады. Өзінің айқындығымен, есемдігімен, әуенімен,
185


козгалғыштыгымен, контрастылығымен ерекшеленетін затгар 
мен қүбылыстар еріксіз қабылданады:
Ерікті қабылдау деп алдын ала мақсат қойылып, қабылдау 
нысаны тандалып іске асатын қабылдауларды айтады.
Мөселен, біз көркем картинаны көреміз, баяндама 
тыңдаймыз, дәптерді тексере отырып, оның қатесін 
белгілейміз, операны тындай отырып, арияларды орындауды 
қабылдаймыз, көшедегі көп адамдардың ішінен өзімізге 
қажет адамды айыра аламыз.
Белгілі бір саладаш заттарды жүйелі және үзак ерікті 
кабылдауды бақылау деп атайды. Мысалы, біз біраз уакытгың 
ішінде алма ағаштарының гүлдеуі қалай іске асатындығын 
бақылайтын болсақ, баланың тілінің дамуын бірнеше жыл 
бойы бақылауға болады.
Адамның бір жүйелі, үзақ жоспарлы қабылдауларға 
кабілеттілігін бақылагынпық деп атайды. Бақьшагыштық жеке 
түлганың негізгі қүнды сапаларының бірі болып табылады. ’ 
Белгілі орыс физиологі И.П.Павлов өзініқ зертханасынын, 4 
мандайшасына: “Бақылағыштық, бақылағыштық және 
бақылағыштық”, - деп жазып қойыпты.
§2. Қабылдаудың негізгі ерекиіеліктері
Қабылдаудың түйсінулерден айы рмаш ы лы ғы , 
түйсінулерде тітіркендіргіштердің жекелеген қасиеттері 
бейнеленсе, қабыддау заттарды түтас, оның касиеттерінің 
жиынтығы түрінде бейнелейді. Бүл жағдайда қабылдау жеке 
түйсінулердің қосындысы емес, қабылдау сезгіштік 
танымның өзіне тән ерекшелікгері мен сапалық жаңа сатысы 
болып табылады.
Қабылдаудың ең негізгі ерекшеліктері — қабылдаудың 
зат түріңде болуы, түтастығы, тандамалылығы, қабьщцаудың 
нысаны 
мен фоны, апперцепдиясы , иллю зиясы , 
кабылдаудың уақыт пен кеңістікке байланыстылығы.
Қабылдаудың зат түрінде болуы бүл туа біткен сапа емес, 
ол практикалық қызметте бағдарлаушы және реттеуші 
қы зм етті атқарады . И.М . Сеченовты ң айтуы нш а, 
қабылдаудың зат түрінде болуы заттың өзімен байланысты 
қамтамасыз ететін нәтижесіңде, әруақьпта да сыртқы қозғалыс 
үрдістерініңнегізінде қалыптасады. Қозғалысқа қатысуьшсыз 
біздің қабыддауларымыз зат түрінде сапалы, демек, сыртқы 
дүниенің нысандарына қатыстықты меңгере алмаған болар 
еді. 

, ■
,


Зат түрінде болу қабылдаудың сапасы ретінде мінез- 
құлықты реттеп отыру да ерекше рел атқарады. Зат түрінде 
болу болашақта перцептивтік үрдістердің өзін, яши, қабылдау 
үрдістерін қалыптастыруда орыны ерекше. Сыртқы дүние 
мен оны бейнелеудің арасьщца алшақтық болғанда, субъектіні 
дүрыс бейнелеуді қамтамасыз ететін қабылдаудың жаңа 
тәсілдері іздестіріледі.
Қабылдаудың ерекшеліктерінің бірі — түтастығы. Біздің 
сезім мүш елерімізге эсер ете отырып, заттар мен 
қүбылыстардың жекелеген қасиеттерін бейнелейтін 
түйсіктерден айырмашылығы - қабылдау заттың түтас 
бейнесі болып табылады. Бүл түтас бейне әртүрлі 
түйсіктердің түрінде алынатын заттардың жеке қасиеттері 
мен сапалары туралы білімдерді жинақтаудың негізінде 
қалыптасады.
Қабылдаудың түтастығы мен онын қүрылымдығы 
байланысты. Қабылдаудың түтастығы мен күрылымдығыньщ 
қайнар көздері, бір жағынан, бейнеленетін нысандардың 
өзінің ерекшеліктерінде жатса, екінші жагынан, адамның 
затгық қызметінде жатыр. И.М. Сеченов қабылдаудың 
түтастық жоне қүрьшьшдық ерекшеліктері анализаторлардың 
рефлекторлық қызметінің нәтижесі екендігін атап керсетті.
Қабыддаудың түрактылығы (константтылығы)
Қабылданатын заттың физикалық жағдайларынын, 
өзгеруіне қарамастан, қабыдданатын заттың бейнесі түрақты 
болуын қабылдаудың түрақтылығы деп атайды. Қабылдаудьщ 
түрақтылығы кору кабылдауларьшда, заттардың көлемін, 
түрін және түсін кабылдауларында ерекше анық байкалады.
Зат бізден қашықтаған сайын адам көзінің торында оның 
бейнеленуінің көлемі кішірек түседі. Бірақ осы заттың 
ҚабылДанатын бейнесі езгермейді немесе өзгерсе де сәл ғана 
өзгереді.
Мысалы, қарындашты біз көлемі жағынан 20 см аралықта 
да бір ім аралықта да бірдей көреміз. Бүл жағдайда біздің 
қабылдайтын түріміз заттардың өздерінің объективтік 
түрлеріне сәйкес түрақты қалады.
Осыған үқсас түрақтылық (константтылық) түстердг 
түйсінуде де орын алады. Әртүрлі берілген жарықты, 
заттардың түстерін түрақты қабылдаймыз.
Мәселен біздің қабылдауымызда ақ қағаздьщ беті әртүрлі 
жарық берілсе де, сарғыштау электр жарығы, көк 
жагіырақтың астында үстағанда ақ болып қалады. Сол сияқты
187


талтүсте кемірді біз қара түрінде қабылдаймыз, ал борды 
жарықта да, іңірде де, тіпті түнде де ақ түрівде қабылдаймыз.
Қабылдаудың тұрақтылығы адамның тәжірибесінде, 
практакалық кызметінде жасалады.
И.П.Павлов көру қабылдауларының түрақтылығының 
физиологиялық негіздері болып табылатын уақытша 
байланыстардың рефлекторлық қызметін үйымдастырудың 
ерекшелікгерін ашып көрсетгі.
Қабылдаудың таңдамалылығы дегеніміз адамның 
қабылдауының бүрынғы тәжірибесі, оның бағыттылығы, 
бейімділігі жене қызығулары сезім органдарының қызметіне 
өсеретуі.
Әрбір маман заттар мен қүбьотыстардың ішінен негізінен 
езін қызықтыратын, өзі зерттейтін затгарды қабылдауға бейім 
келеді. Өзін қызықтырмайтын заггар мен қүбылыстардағы 
кейбір мәселелерге мөн бермейді. Бүл қабылдауға адамның 
дара эсер етуін қажетсінеді.
Сондықтан да әртүрлі мамандық адамдарының кәсіби 
қабылдауьі-туралы айтсақ: бейнелеу өнерінің суретшісі ең 
алдымен" қоршаған ортадағы адамдардың, табиғаттың, 
түстердің сүлулығын кереді, сазгер дыбыстардьщ, эуеңдердің 
әдемілігін байқайды, киім тігуші-модельер тігілетін киімнің 
одемілігіне, үйлесімділігіне, заманға лайықтылығына мән 
береді, инженер-конструктор — механикалық және 
физикалық зандылықтарды зерттейді жөне т.б.
Қабылдаудың тандамалылығы неге адам көңілін бөледі, 
қабылдауда фигура дегеніміз не? Ал фон дегеніміз не? Халқы 
коп көшеде досыңызбен өңгімелесе отырып, сіз көп 
адамдардың ішінен әңгімелескен досыңыз объект, фигура 
болып табылады да көшедегі топ, басқа адамдар — фон.
Егер де көшедегі бір топ адамдардың ішінен белгілі бір 
ерекше оқиға пайда болса, онда сіз зейініңізді сол оқиғаға 
ауыстырасыз да досыңыздың өңгімесіне аз кеңіл аударасыз, 
қоршаған адамдарға көп көңіл бөлесіз. Мәселен, кітап 
сөресінен өзіңізге қажетті кітапты тауып алып, оқитын 
болсаңыз ол фигура болып табылады, қалған кітаптар — 
фон.
Апперцепция
Апперцепция1 — қабылдаудың 
жеке түлғанын, 
ерекшеліктеріне, оның өткен тәжірибесіне, мамандығына, 
қызыгуына тәуелділігі.


Апперцепция — адам психикасының дүниені қабылдау 
үрдісі, сыртқы дүниенің эсер етуіне, басынан кешкен 
төжірибесіне, біліміне, мақсат-мүддесіне, әдет-ғүрпына 
байланысты болатын адам психикасындағы маңызды 
қасиеттердщ бірі. Бүл адамның сыртқы қабылдау кезіндегі 
психикалық күйіне де байланысты.
Жоғарыдағы айты лғандардан белгілі болғандай, 
қабыдцауларда адамньщ тәжірибесі, оның білімі, киялы мен 
ойлауы, сезімі мен зейіннің қызметі аңғарылады — жалпы 
адам психикасының барлык мазмүны.
; Адам қабылдауының қүрамына енгізілетін психиканың 
мазмүнын апперцепция деп атайды. Апперцепциялардың 
жүйке физиологиялық негіздері бүрынғы тәжірибеде 
байланыстар жүйесі больш табылады, ол жаңадан үйымдасқан 
уақытша байланыстарға эсер етеді.
Қоршаған ортадағы затгарды қабылдау анализаторлардың 
кемегімен іске асады, бірақ қоршаған жеке түлғаларды оның 
үстанымдарымен жөне дара ерекшеліктерімен қабылдайды. 
Жекелеген адамдардың бірдей заттар мен күбылыстарды 
қабылдаудың кейбір ерекш еліктері аплерцепцияға 
байланысты. Бүл ерекшеліктер адамның тәжірибесі мен 
біліміне тәуелді.
Адамның ойы неғүрлым мазмүнды болса, неғүрлым 
белгілі бір салада елестермен, ойлармен, тәжірибемен, 
біліммен бай болса, солғүрлым бүл салада қабылдау күрделі, 
терең, мазмүнды болады.
Мысалы, жаңа автомашинаны маман емес адамның 
Кабылдауы м ам ан н ы ң м аш инаны қабылдауы мен 
салыстырғанда мазмүнсыз, ат үсті, жеңіл-желпі болып 
шығады. Сол сияқты ғалымның терең ғылыми бақылауьі 
сол салада маман емес адамның бақылауынан күшті 
айырмашылыгы бар.
Физиологиялық түргадан бүл қыбылыстарды қалыпгасқан 
динамикальш, стереотиппен түсіндіруте болады.
Динамикалық стереотип дегешіюз қаиталаудьщ нәтижесшде 
бекітілген уақытша жүйкелік байланыстардың қалыптасқан 
жүйесі, оньщ негізіне бас ми қыртысындағы қозу мен тежелу 
алаптарының түрақты бөлінуі жатады.
Адамдар бірдей заттар немесе қүбылыстарды жасынэ, 
бшіміне, өмір тожірибесіне, кәсібіне және т.б. ерекшеліктерше 
Қарай өртүрлі қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   214




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет