Психологияда мынадай пікір қалыптасқан, адамның
қабыдцайтын жөне есте қалдыратынының барлығы есте
сақталады, бірақ біразы қайта жаңғырады: бізге қажетгі қайта
жаңғырту үшін тек қолайлы жағдайлары бары қайта
жаңғыртылады. Осындай қолайлы жағдайлар болып
табылатын қайта жаңғыртуға қажеттіліктің болуы, жүйке
жүйесінің сау және сергек болуы, қайта жаңғыртылған
мазмүнның жекелеген бөліктері арасында берік байланыстың
болуы жатады.
Бүл жагдай болмаған уақытта қажетгі материалды қайта
жаңғыртудың ерікті үрдісі қиындық туғызады.
Қайта жаңғыртудағы бүл қиындықтар, сонымен қатар
қазіргі сөтте қажеттіні кайта жаңғыртудың мүмкіншілігінщ
болмауы үмыту болып табылады. Сондықтан үмыту — есте
сақтауға кері үрдіс емес, қайта жаңғыртуға кері үрдіс.
Үмытудың ж үйке-ф изиологиялы қ негізі уақытша
байланыстардың тежелуі болып табылады.
Үмыту толық болуы мүмкін, ондай жағдайда есте
сақталған материалды немесе оның бөлігін коп мезгілге дейін
қайта жаңғырта алмаймыз. Коп жағдайда үмыту уақытша
болады.
Алғаш есте қалдырған материалды неғүрлым толық және
дүрыс түрде қайта еске түсіруді реминисценция1 деп атайды.
Реминисценция терминін 1907 жылы серб ғалымы
В. Урбанчич үсынған. Реминисценция сойлеу мен бақылау
барысында адамға эмоциялық эсер ететін түрлі материалдарды
есте сақтауда, сондай-ақ сенсоматорлық дағдьшы орнықтыруда
байқалады. Бүл психологтардың арнайы зерттеулерімен
дәлелденуде, адам есінде бекітілген сөздік материал өте
үлкен дәрежеде жаттаудың бірінші сағаттарынан кейін
үмытылады. Кейбір уақыт откеннен кейін бүл материалдың
қайта жаңғырту мүмкіншілігі арта түседі және біршама уақыт
өткеннен кейін қайта жаңғырту мүмкіншілігі тағы да томен
түседі.
Үмыту әртүрлі шапшаңдықпен іске асады. Баяу үмыту
“жақсы”, күшті естің белгісі, ал тез үмыту — “жағымсыз”
естің, әлсіз естің белгісі.
Үмьггу үрдісі әркелкі жүреді: алғашыңда тез, одан кейін
баяу.
Мысалы, жаттағаннан кейінгі бес күнге карағанда
алгашқы бес күнде үмыту тез жүреді.
1
Достарыңызбен бөлісу: