Мектеп жасында оқытуға байланысты логикалык, есте
сақтаудың шеңбері кеңейеді, есте қалдыратын материал
көлемі жағынан әртүрлі, тереңдей және күрделене түседі.
, Төменгі сыныптың ш өкірттері кейде мағыналы
материалды түсінбей, механикалық түрде есте қалдырады.
Жогары сыныптың шәкірттері мағыналық есте қалдыруды
артық санап, өздері саналы түсінеді. Бірақ олар да кей
жағдайда механикалық есте қалдыруды пайдаланады.
Мысалы, кейде математикалық аксиомалар мен ережелер,
физиканың, химия зандарының дәл атаулары және т.б.
Есте қалдыру алғашқы кезде еріксіз іске асады. Балаларды
олар не қызықтырады, не зейінін аударады, сондай затгар
мен қүбылыстар есте қалды.
Балалар көп жағдайда үлкендерден ертегілерді бірнеше
рет қайталауды талап етеді. Бірнеше қайталанған ертегіні
бала есінде берік сақтайды.
Балалардың мектепке баруы мен есінің дамуында елеулі
озгерістер іске асады.
Ерікті есте қалдырудың мектеп оқушыларының оқу
жүмысыңда орны ерекше. Ол мүгалімнің тапсырмасы арқылы
материалды есінде сақтайды. Жогары сынып оқушыларына
есте сақтаудьщ ерекше тиімді қүралдары мен тәсілдерін іздену
тән болып табылады.
Мектеп жасында бірінші сыныптан бастап, ерікгі қайта
жаңғыртуга балалардың қабілеттігі толық жетілген. Оқу
материалын қайта жаңғырту белгілі жүйеде тек қана ерікті
іске асуы мүмкін.
Ерікті қайта жаңғыртуға қабілеттілік оқытудың шарты
бола отырып, сол уақытга оқыту үрдісінде дамиды жөне
беки түседі, сол сияқты ерікті есте қалдыру, ерікті қайта
жаңғырту еріктің, ырықты зейіннің және ойнаудың
дамуымен қатар жүреді.
Мүгалім өз шәкірттерінің есінің дара ерекшеліктерін білуі
қажет: бүл бір жагынан, олардың есінің күшті жақтарына
арқа сүйеуге мүмкіншілік береді, екінші жагынан,
шәкірттердің есінің елсіз жақтарын жетілдіру бойынша
мақсатгы жүмыс істеуге комектесер еді.
Достарыңызбен бөлісу: