Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет11/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   170
– Сіз қазақ тілі біліміндегі ахметтану ғылымында А.Байтұрсын-
ұлы  туралы  алғашқы  кітап  жазған  ғалымсыз.  Ахметтануға  қалай 
бар ғаныңызды,  оған  кім  себепкер  болғанын  тағы  бір  еске  түсіріп 
өтсеңіз...
–  Қазан  төңкерісінің 60 жылдығы,  яғни 1977 жыл  болатын.  Осы-
ған  орай  Тіл  білімі  институтының  басшылығы: «Қазақ  тілі  білімі – 
60 жылда» деген тақырыпта баяндама жасайсыңдар», – деді. Ол кезде 
директордың  орынбасары  Əбдуəли  Қайдаров  болатын.  Тапсырманы 
беріп  жатқан  –  солар.  Менде  тапсырма  жоқ.  Бірақ  өзім  ұйытқы  бол-
дым: «Мен  де  сөйлесем.  Қазақ  тілі  Кеңес  өкіметіне  дейін  де  болды 
ғой. Көктен түскен жоқ. «Революцияға дейінгі қазақ тілінің зерттелуі» 
деген тақырыпты алсам», – дедім. Келісті. «Онда не айтасың?» – деп 
те  сұраған  жоқ.  Ойлаған  болу  керек: «Ильминский,  Мелиоранский, 
Катаринскийлерді айтып шығар», – деп. Өзімізді сөйтіп оқытты ғой. 
«Қазақ тіл біліміне түрен салған – орыс ғалымдары», – деп.
Бұл – өзі көптен ойда жүр еді. 60-жылдардың іші ме, 70-жылдар -
дың бас кезі ме... Докторлық қорғап, монографияларым жарық көріп 
жатты  ма  əлде  «Академиямыздың  корреспондент-мүшесі»  деген 
жоғары атақ алып жатқан тұсым ба... – дəл есімде жоқ. Мені құттық-
тап  үйге  қонақтар  келді.  Төрде  отырғандардың  бірі  –  ақын  Хамит 
Ерғалиев.  Шахаңның  жақсы  жолдасы  еді.  Тентек  кісі  ғой.  Бір  кез-


24
Рəбиға Сыздық
де  ұшып  түрегелді: «Əй,  жолдастар,  қойыңдар.  Немене  «Рəбиға, 
Рəбиға!» – деп. «Рəбиға – сендер, тіл мамандары, анау Ахмет Байтұр-
сыновты  ақтап  алып,  қатарға  қосып  көрсетпесеңдер,  мына  қорғап 
жатқан  диссертацияларыңның  да,  шығып  жатқан  кітаптарыңның  да, 
алып жатқан атақтарыңның да құны – бес тиын!» – деді. Отырғандар 
үндемей  қалды.  Мен  басымды  изедім  де  асбөлмеге  кетіп  қалдым. 
Хақаң  сол  бірауыз  сөзімен  ғалымдық,  азаматтық  намысымды  жаны-
ғандай  болды.  А.Байтұрсынов  есіміне  бұған  дейін  аздап  болса  да 
қанық едім. «Халық жауы» қатарына қосқанымен, «Бастауыш, баян-
дауыш, зат есім, сын есім деген сияқты терминдерді А.Байтұрсынов 
жасап кеткен», – деген сөз айтылатын.
Академияның  кітапханасында  сирек  қор  бар. «Кімдердің  кітап -
тары  бар?»  –  дегенде  Байтұрсыновтың  екі-үш  кітабы – əліппелер 
қолыма  түсті.  Соларды  қарап  шықтым.  Осылардан  кейін  ойланып 
жүретінмін: «Сөйлесем,  қайтеді?  Қазақ  тіл  білімінің  Кеңес  өкіметі 
кезінде  ғана  емес,  төңкеріске  дейін  де  болғанын,  қазақ  тіл  білімінің 
жеке ғылым саласы ретінде басталды» дегенді айтсам» – деп. Сөйтіп 
жүргенде əлгіндегі жиын тап ете келді.
Бұл – компартияның күшіне мініп тұрған шағы. Ахаң əлі ақталған 
жоқ. Сондықтан сөзімді былай бастадым: «Менің қазіргі баяндамам-
да  айтатын  сөзім  көпшіліктеріңізге  ұнамауы  да  мүмкін.  Бірақ  мен 
осы  сөзіме  коммунист  ретінде,  ғалым  ретінде  өзім  ғана  жауап  бе-
рем».  Ол  кезде  коммунист  деген  –  құдірет  қой.  Соны  əдейі  қайта-
қайта айттым. Ары қарай: «Біздің айтып жүргеніміз – қазақ тіл білімін  
қалыптастырғандар – Ильминский,  Мелиоранский,  Радлов...  деген-
дер  емес,  оны  қалыптастырған  –  Ахмет  Байтұрсынов.  Ол  əліппеден 
бастады.  Əліппе  кітаптарынан  бастады.  Кейін  грамматикалық  туын-
дыларын  өмірге  əкелді.  Байтұрсыновтың  саясатында  жұмысым  жоқ. 
Компартияға  əлде  Кеңес  өкіметіне  қарсы  болды  ма?  –  оны  басқалар 
зерттер. «Ғылым»  дегеннің  бір  синонимі – əділдік,  əділеттілік»  деп 
түсінем.  Егер  біз  əділ  болатын  болсақ,  əділеттілікті  іздейтін  болсақ, 
турасын  айтуымыз  керек:  біздің  тіл  біліміміздің  бастамасы – Ахмет 
Байтұрсынов.  Осы  сөзіме  жауап  беретін  –  конференцияны  басқарып 
отырған  да,  баяндаманы  берген  де  адам  емес,  тыңдаған  сіздер  де 
емес, – тек өзім. Жəне барлық жерде жауап берем». Ешкім үндемеді: 
«дұрыс екен», – деп те, «дұрыс емес», – деп те. Бəрі үн-түнсіз отырды.
Шамалы  күн  өткесін  маған  бір  жап-жас  жігіт  келді.  Сауалдарына 
қарап, оның қай мекеменің қызметкері екенін білдім.
–  Апай,  сіздің  қолыңызда  Байтұрсынов  туралы  материалдар  бар 
дейді.Қайдан алдыңыз? – деді.
Жөнін  айттым.  Содан  кейін: «Сіздің  неге  келіп  тұрғаныңызды 
білем.  Жақында  конференцияда  Байтұрсынов  туралы  сөйлегенмін. 


25


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет