Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет12/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   170
Тіл-ғұмыр
Қай жерге шақырсаңыз да, кім сұраса да, жауап бере алам!» – дедім. 
Үндеген жоқ. Кейін келген де жоқ. Еш жер шақырмады да.
Мынандай  да  жағдай  болды. 1988 жылдың  наурыз  айында  біздің 
академияда  гуманитарлық  ғылымдар  бөлімшесінің  сессиясы  болады. 
Онда жылдық есеп беріледі. Көбінесе институттардың директорлары 
сөйлейді. «Бізге  ренжіп  жатыр: «Үнемі  директорлар  сөйлейді.  Ака-
демия  мүшелері,  корреспондент-мүшелері  бар,  неге  сөйлемейді?» – 
деп. Бұл жолы сіз сөйлесеңіз», – деді Əбдуəли Қайдаров. «Жарайды. 
Сөйлесем сөйлейін», – дедім.
Бұл  кезде  қоғамдағы  ахуал  да  түзеліп  келе  жатқан.  Жұрт  мені 
«есеп  береді»  деп  ойласа  керек.  Мен  басқа  нəрсені  айтқым  келген. 
Гуманитарлық  ғылымдағы  ғалымдардың  тоқсан  пайызға  жуығы  – 
қазақтар.  Соған  қарамастан  жиналыстарымыз  орыс  тілінде  жүретін. 
Сөзімді  əуелі  орысша  бастадым.  Былай  дедім: «Жиналыстарымыз 
үнемі  орыс  тілінде  жүріп  жүр.  Бірақ  бұл  жолы  мен  сөзімді  қазақша 
айтайын  деп  тұрмын.  Өйткені  сөзімнің  мазмұны  тек  қазақтарға 
қатысты»,  –  дедім  де  осы  жолы  да  Ахмет  Байтұрсыновтың  тіл  бі-
ліміне  сіңірген  еңбегін,  сонымен  қатар  бұл  саладағы  Досмұхамедов, 
Кемеңгеровтердің де үлесін атап өттім. Осыны айтқанда отырғандар 
ду  қол  шапалақтады.  Құдайберген  Жұбановтың  тіл  саласындағы 
тындырған  істеріне  арнайы  тоқталдым. «Оның  есімі  бізді  Тіл  білімі 
институтына  беруге  əбден  лайық»,  –  дедім.  Бұл  сөзіме  де  көпшілік 
дүрілдете  қол  соғып  жатты.  Жиналыс  біткен  соң  құрдасым  –  Шора 
Сарыбаевтың  айтатыны  ғой: «Білесің  бе,  біздің  академияның  жи-
налыстарында  өмірі  «қол  соғу»  деген  болмайтын.  Бүгін  сізге  үш 
рет  қол  соқты. «Маған  қол  соққан  жоқ.  Байтұрсыновқа,  Жұбановқа 
қол  соғып  жатыр»,  –  дедім  күліп.  Басқа  да  əріптестерім  қолымды 
алып,  ризашылықтарын  білдіріп  жатты.  Сонда  ойладым: «Е-е-е,  бұл 
айтқандарым  бəрінің  көкейінде  жүреді  екен.  Айтудың  ретін  келтіре 
алмайды  екен  ғой»  деп.  Бұл  кезде  Байтұрсыновтар  əлі  ақталмаған 
болатын.
– Сіз кезінде баспаның редакторы болып та қызмет атқардыңыз 
ғой. Бұл жұмысқа жүрек қалауыңызбен бармаған секілдісіз.
– ҚазПИ-ді қызыл дипломмен бітірдім. Аспирантураға қалдырды. 
Сол  уақытта  екі  жерде – ҚазПИ-де  жəне  Қыздар  педагогикалық 
институтында  жаңадан  сабақ  қосылды  «Қазақ-орыс  тілдерінің  са-
лыстырмалы  грамматикасы»  деген.  Осы  сабақты  жүргізу  маған 
тапсырылды.  Екі  жылдай  бердім. 50-жылдың  аяғы  не 51-жылдың 
басы... Бір күні Қыздар институтына келсем: «Бүгін сабақ болмайды. 
Қысқартылды», – деді. «Қысқарса, қысқарған шығар, өзгерістер болып 
жатыр  ғой»,  –  дедім  ішімнен.  ҚазПИ-ге  келсем,  онда  да  сол  сөз  ал-


26
Рəбиға Сыздық
дымнан шықты. Кейін байқасам, бір гəп бар екен. «Бекмахановщина», 
«Сүлейменовщина»  деген  науқан  басталды.  Бекмахановты  «Кенеса-
рыны  тарихта  жағымды  адам  етіп  таныттың!»  –  деп  жазғырса, «Бек 
Сүлейменов»  деген  тарихшыны: «Соның  пікірін  қостадың!» – деп 
айыптады.  Оларды  Сібірге  жер  аудартты.  Қайым  Мұхамедхановқа 
«Абайдың  шəкірттері»  деп  пəленшелерді  атадың,  олар  Алашорда-
шылар болатын!» – деп тиісті. Профессор Ісмет Кеңесбаевқа да айып 
тағып, Қызылордаға қоныс аудартты.
Сөйтсем,  қысқарған  –  сабақ  емес,  өзім  екен.  Кінəм – «халық 
жауының» қызы болғаным. Əкем – Сəтіғали Құтқожин байланыс са-
ласында басшы болған. Мұсылманша, орысша оқыған. Заманындағы 
ең  сауатты  адамдардың  бірі  еді.  Анамның  айтуынша,  əкемнің  Алаш 
ардақтылары – Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов, Шын-
тас  Қаратаевтармен  аралас-құраластығы  «халық  жауы»  атануына  се-
беп болған.
Жарты жылдай жұмыссыз жүрдім. Біреулер айтты: «Оқулықтарды 
шығаратын  баспа  бар.  Директоры  –  «Əбу  Сəрсенбаев»  дейтін  ақын. 
Саясатпен де, басқамен де жұмысы жоқ. Соған барып көрші», – деп. 
Бардым.  Жақсы  қабылдады.  Алғашқыда  редактор,  одан  соң  аға  ре-
дактор,  жарты  жылдан  кейін  редакция  меңгерушісі  болдым.  Баспа-
да  істеген  маған  үлкен  мектеп  болды.  Жұмысты  қызығып  істедім. 
Сөйтіп, ол жерде жеті жылдай қызмет атқардым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет