285
Тіл-ғұмыр
Кезінде жыр дүлдүлі Қасым аға балғын Рəбиғаға:
– Тіліңіз тəтті, ойыңыз қандай!
Тыңдадым, ұқтым жан күйіңізді.
Болар ем күнде бір жасағандай,
Көп туса, қазақ дəл сіздей қызды!
Ойыңыз жарқын, тойыңыз жақын!
Қуаныш, бақыт – бір өзіңізде...
Жүрегіңізге тимесін салқын,
Ұрынба, жаным , ертелей күзге, –
деп тебірене арнаған жыр жолдары да ойымызға куə іспетті.
Əрбір тармағы сыр мен жырға толы шағын арнау ешбір түсіндір-
мені керек етпейді.
Рəбиға Ғалиқызы бойындағы жəне бір қасиеті
– жастарға жақын-
дық, жанашырлық.
Əртүрлі сенбіліктерге жастармен қатар келіп, келіп қана қоймай,
əдетінше тындырымды жұмыс жасауымен кей енжарымызға жалаң
үгітсіз, ісімен өрнек болуы да аға ғалым білігіне тəн жай. Тіпті, биік
талғам мен киіне білу мəдениеті, əртүрлі ортада өзін-өзі алып жүру
мəнері, сөз саптасына дейін Рəбиға апай баршаға үлгі боларлықтай.
Өзі ғылыми жетекшілік жасайтын жас ізденушілерден бастап, өзге
де көп жас ғалым айналасында үйіріле жүреді. Əрқайсысының ортақ-
тасар ойы, айтар сыры бар.
Ғылыми совет мəжілісінде болсын, ГЭК-терде председательдік
етсін, институттағы «Лингвистикалық жұманы» жүргізсін – барша-
сында диссертация, диплом қорғаушы жас, алғашқы ғылыми хабар-
ламасын жасаушы талапкер алдымен Рəбиға апай тарапынан қолдау
табады, жылылық сезінеді. «Тұсау кесерлерде» жоғары талап қоя оты-
рып, апай жігер жасытпайтын жеңіл əзілмен көркейте отырады.
Алпыстың асуынан асар шағына – мол арналы, көп салалы ғы -
лыми еңбектерімен, ғылымда қанаттандырған, үлкен жүрегінің бір
жылуын ойында ала жүрер шəкірттерімен, көрегенді ұл-қызымен көп -
ке қадірлі болып жетіп отырған Рəбиға апайға сүйсінбеске болмайды.
Ғылым-ғұмыр. – Алматы, 2014.
Достарыңызбен бөлісу: