Рəбиға Сыздық
көкейкесті əңгімесінің бірі екенін көрсетеді» деу арқылы текстоло-
гияның теориялық негізі белгілі орыс ғалымдарының еңбектері
арқылы қалыптасқанын да ескертеді. Сонда текстологияның жеке
ғылым ретінде іргетасының қалануы оның теориялық негізінің қа-
лыптасуымен ұштастыратын болсақ, ХХ ғасырдың екінші жарты-
сынан басталып отыр. Негізінен текстология ғылымы алғаш Батыс
Европада, оның ішінде Италия, Англия, Франция сияқты елдерде
дүниеге келіп, қайта өрлеу дəуірінде ерекше қалыптасып дамығаны -
мен, орыс филологиясында текстологияның термин ретінде қалып-
тасуының өзі ХХ ғасырдың басынан саналатыны жəне мұны алғаш
ғылымда А.С. Пушкин шығармаларының мəтінін зерттеу барысында
қолданған ғалымдардың бірі Б.Б. Томашевский екені де белгілі. Жал-
пы, орыс филологиясында ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап
қалыптасқан осы текстология ғылымы теориялық жəне практикалық
болып үлкен екі саланы қамтиды. Расында да, мəтіннің өзгеруінің
сырын ашатын, оның жазылу тарихын айқындайтын мəтін тарихын
зерттеу мəселесі бір бөлек те, мəтінді баспаға əзірлеу мəселесі бір
бөлек. Қазақ əдебиеттану ғылымында бүгінге дейін текстологияның
осы екінші саласы, яғни практикалық текстология ғана кеңінен қол -
даныс тапқан. Текстологияның қыр-сырын терең зерттеген ғалым
Д.С. Лихачев «Текстология. Краткий очерк» деген еңбегінде шығар-
маның мəтін тарихын алдымен зерттеп алмай тұрып, мəтінді жа-
рыққа шығаруға болмайтындығын қатаң ескертеді. Ал осы мəселе
Р.Сыздықты да қатты толғандырады. Ол текстологиялық жұмыстың
Қазақстандағы ахуалы қандай деген сауалды қоя отырып, өз пікірін
ортаға салады.
Халық ауыз əдебиеті үлгілері мен қазақ əдебиеті тарихының
əрбір кезеңдері бойынша ақын-жазушылар шығармаларының мəті-
нін ғылыми түрде зерттеу мен жариялау ісінің жолға қойылып
жатқанынан хабардар еткенде алдымен Абай шығармаларының
1957 жылғы басылуын, «Қазақ ССР Ғылым академиясының М.Əуе-
зов атындағы Əдебиет пен өнер институты дайындап бастырған
қазақ эпостарының («Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қамбар», «Қыз Жі -
бек») соңғы басылулары» мен Тарих институтының бастырып шы-
ғарған Шоқан Уəлихановтың томдарын зор ілтипатпен атап өтеді.
Содан соң «осы шет-пұшпақтап көрінген табыстарымыз біздегі текс-
тологиялық жұмыстардың төрт аяғынан тік тұрғанын білдірмейді»
деп жарияланып жатқан əдеби мұраларға көңілі толмайтынын ескер-
тіп қана қоймай, «Сəл əріректегі (ХVІІІ–ХІХ ғғ.) мұраларды ұсынуда
болсын, тіпті бертіндегі (ХХ ғасырдың басындағы) əдеби нұсқалар-
ды жариялауда болсын, олардың жеке сөздерін, сөйлемдерін, орна-
ласу тəртібін, туу мерзімдерін əр басылуында əртүрлі беру фактісі
279
Тіл-ғұмыр
бар екенін байқаймыз» деп текстологиялық жұмыстардың олқылық-
тарын сынға алады. Оған текстологиялық салыстырулар жүргізіп,
Бұқар жырау мұрасынан мысал келтіреді. «Ашуланба, Абылай» деп
басталатын өлеңнің 7-8 жолын əр жерде əртүрлі етіп оқыдық» дей
келіп, 1962 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының баспасынан
шыққан «ХVІІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармала-
рында» 8 жолмен, осы жинақтың кіріспесін жазған Ы.Дүйсенбаев -
тың келтірген үзіндісінде 7 жолмен жəне Қ.Жұмалиевтің «Қазақ
эпосы мен əдебиет тарихының мəселелері» атты еңбегінде 7 жол-
мен берілген мəтіндердің үшеуін де қатар келтіріп əрі «үзінділердегі
қарамен терілген сөздердің түрліше берілгеніне көңіл» аудартады.
Жарты ғасыр өтсе де осы текстологиялық дəлдікті реттеу мəселесіне,
яғни Бұқар жыраудың «Үш ғасыр жырлайды» (1965), «Ертедегі
əдебиет нұсқалары» (1967), «Алдаспан» (1971), «Бес ғасыр жырлай -
ды» (1989), «Ай, заман-ай, заман-ай» (1991), «Қазақ хандығы дəуірін-
дегі əдебиет» (1993), «Жеті ғасыр жырлайды» (2004), «Он ғасыр
жылайды» (2006), т.б. жинақтарда жарияланған мұраларының дұрыс-
тығына көз жеткізу қиын. Мəселен, жыраудың «Тілек», «Ай, заман-
ай, заман-ай», «Он екі айда жаз келер» деген толғауларындағы кейбір
сөздердің өзгеріске ұшырап, екі жинақта екі түрлі оқылатынын қа-
лай түсінеміз? Бəлкім бұл да Р.Сыздықтың «Текстологиялық жұмыс
жүргізуімізге тікелей көмектесетін басшы материал бар. Олар тəжі-
рибесі мол орыс текстологияларының талдаулары мен ізденулері»
деп тығырықтан шығатын жолды нұсқағандығын елемей, яғни тео-
риялық текстологияға немқұрайлы қарағандығымыздан болар.
Ғалым «қазақ халқының тарихы мен мəдени-рухани мұрасының
өзіне тəн ерекшеліктеріне орай, ол мұралардың текстерін дайындау-
да да өзіне тəн ерекшеліктер мен қиыншылықтар бар екенін» ескер-
те отырып, оның ең басты екі түріне тоқталады. «Өткен ғасырларда,
тіпті ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген қазақ қаламгерлерінің
көпшілігінің дерлік қолжазбалары (архивтері) сақталмаған, көздері
тірісінде шығармалары баспа бетін көрмеген, көре қалса да, оның
басылу процесіне өздері қатыспаған. Қазақ ақындарының басым
көпшілігінің мұрасы бізге не ауызша түрде сақталып жетті, не бас-
қалардың жазып алуы (ішінара жариялауы) арқылы жетті. Ауызша
тарағандарын əр жерде əр жырлаушы ірілі-уақты өзгертумен жеткіз-
гені тағы мəлім. Солардың қайсысын негізгі етіп алу керек?» деп
қазақ текстологиясының алдындағы қиындықтың бір түрі осы десе,
екінші түріне Қазан төңкерісіне дейін баспа бетін көрген əдеби
мұраларымызда «қазақ тіліне жат жазу өлшемдері бар» екенін жат-
қызады. Араб-парсы сөздерінен мысалдар келтіріп, «Бұларды қайтуі-
міз керек? Түзетіп қазақшалау керек пе, жоқ, сол татарша-шағатайша
280
Достарыңызбен бөлісу: |