287
Тіл-ғұмыр
өнерімді сахнада көрсеткеннен басқа не жаздым? Өнер болғасын,
бірде ойдағыдай шығады, бірде ойдағыдай шықпайды. Сол үшін
мен айыптымын ба? Сіз осы жерде мүмкіндігінше тізгінді тең ұстау
үшін отырған жоқсыз ба?» – деді. Не дерімді білмедім, дегені əлі
күнге есімде». Ол кезде өнер адамының жаны нəзік болатынын, сəл-
пəл қиянатқа қатты қиналатынын, ал оның бəрі жүрекке ұратынын
біз білсек ше? Кейін Шахан аға ойнаған бейнелерді талай мақтадық
та ғой. Əсіресе əлі күнге көз алдымнан кетпейтін, үні əлі күнге құла -
ғымда жүрген Зейнолла Қабдоловтың «Жалын» драмасындағы про-
фессор бейнесін қалай ұмытуға болады.
Соны жабыла мақтадық. Бірақ ол сонау нақақ сынның жарасын
жаза алды ма екен? Əй, қайдам... Онан кейін де Шахаң қазақтың
қара шаңырақ театрында талай-талай ұмытылмас бейнелер жасады,
қиын-қиын күрделі рөлдерде ойнады. Соның бəрінде ол сахнагер -
лікті ақындықпен қатар ұстанып келеді.
Шахаңның талай өлеңдері жарық көрді де. Оны қалың оқырман
қауым жылы қабылдады да.
Бірақ соның бірде біріне Шахаң көкірек қаққан емес.
Шахаң 1913 жылы желтоқсанның 27-ісінде сонау Керекудің Май
ауданында Ақжар деген ауылда өмірге келді. Рулары найман екен.
Оның ішінде Тортуылы көрінеді. Əкесі Əлмұқан мен анасы Биғайша-
ның отбасына қосылған ұлды бүкіл ауыл болып тойлайды. Көршісі
анасына қой сойып, қалжа береді, балаға ұзақ өмір тілейді. Əрине,
сексен жас шек емес, бірақ сексен жасқа келген де бар, келмеген де
бар. Осы тұрғыдан қарағанда қалжаға сойылған сол қойдың еті мен
өз міндетін атқарған тəрізді. Бертін келе ақын жанды бала өлең де
жазған. Өлеңі газетке бірден басылған. Сол түскір бірден жетекке
алып Алматыға келген. «Қазақстан пионері» газетінің бірінші санын
шығарысқан. Бұл тұрғыдан ол қазір көзі тірі жалғыз адам. Бірден-
бір куə.
Адал пионер бала ақ жүрек комсомол болған. Оны жырына да
қосқан.
Достарыңызбен бөлісу: