281
Тіл-ғұмыр
Р.Сыздық мақаласының соңында текстология ғылымына қатысты
материалдарды қайда жариялауымыз керек деген мəселені де көте -
реді. «Тағы бір айта кететін жай – «Русская литература» журналы
өзінің шыға бастаған күнінен бері «Текстология мен атрибуция»
деген бөлім ашып, осы мəселеге арналған материалдарды үзбей
жариялап келеді» дей келе, қазақ текстологиясына қатысты мақала-
ларды жариялайтын арнаулы əдеби-ғылыми журналдың жоқтығына
қынжылады. «Жұлдыз» сияқты көпшілік-əдеби журналымыз азын-
аулақ көпшілік-ғылыми сипатта болуы аса қажет» деп тапқан ғалым
оның себебін «текстология сияқты мəселелер тар көлемдегі бір
ғана ғылымға қатысты емес, бірнеше саладағы мамандарға, қала
берді, жалпы жұртшылыққа қатысты» деп түсіндіреді. Расымен де,
орыс журналдарының шығарманың белгілі бір авторға тиесілі екенін
дəлелдейтін текстологияның бір саласы атрибуцияны да жеке қарас-
тырып, оған да ерекше мəн беріп отырғаны мынау. Ал осы атрибу-
ция мəселесінің де қазақ текстологиясында үлкен орны бар. Мəселен,
барлық басылымдарда ХVІІІ ғасырдың өкілі Шал Құлекеұлына
таңылып жүрген, яғни «Қазаққа пайда мынау: малын бақсын» де-
ген өлеңнің авторы ХХ ғасыр басындағы əдебиеттің өкілі Мəшһүр
Жүсіп Көпеев екендігі туралы дəлелдеулерім шығарма мəтінінің
тарихын зерттеуде қолданылатын атрибуциялық жолмен шешілген
еді. Сонымен, осы жайттарды ескерсек, Р.Сыздықтың «Жұлдыздың»
көлемін бір-екі баспа табаққа ұлғайтып, оның бетінде «Русская лите-
ратура» сияқты текстологиялық материалдарды жүйелі түрде жария-
лауды қажет» деп тапқан пікірі қазіргі шығып жатқан əдеби-ғылыми
журналдарды да ойландыратындай өзекті екені сөзсіз.
Түйіп айтқанда, текстология мəселелерін дұрыс жолға қоюдың
бағытында үлкен еңбек сіңірген академик, көрнекті тілші-ғалым
Рəбиға Сыздықты осы ғылымының алғашқы жанашыры деп білемін.
«Қазақ əдебиеті» газеті, 2014, 4 сəуір.
Достарыңызбен бөлісу: