К. Əбдіқалық
ҚазмемқызПУ доценті
СӨЗ ӨНЕРІНІҢ САРДАРЫ
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері,
Ұлттық ғылым академиясының академигі, көрнекті тілші ғалым
Рəбиға Сыздықтың 90 жасқа толу мерейтойы қарсаңында бұдан
50 жыл бұрын «Қазақ əдебиеті» газетінде (1964 жыл 27 март) жарық
көрген еңбегінің өміршеңдігі туралы арнайы сөз етпекпіз. «Тексто-
логия мəселелері» атты мақаласына жарты ғасыр өтсе де, ондағы ой-
тұжырымдардың əдебиеттану ғылымы үшін əлі де болса өз қажетті-
лігін өтейтіндей өзектілігіне толық көз жеткізуге болады.
Рəбиға Сыздық текстология мəселелерін батыл айтуға, əрине,
бірден емес, оған үлкен дайындықпен келген тəрізді. Олай деуіміздің
бір себебі, академиктің «Ғылымда жүрген қазақ əйелінің жүгі өте
ауыр» деген кейінгі, яғни «сексеннің сеңгіріне» келген шағында
берген сұхбатында 1959 жылғы мынадай оқиғаны еске алады:
«...Қатты бір толқыған кезім болған. Ол 1959 жылы, мен ол кезде
əлі кандидаттық қорғамағанмын, жаз айында «Əдеби мұра жəне оны
зерттеу» атты конференция болды. Конференцияны Мұхтар Əуезов
жүргізіп отырды. Мен əдебиетші емеспін, бірақ əдебиетті жақсы
көремін. Сондықтан кітаптарымның көбі əдебиетпен байланысып
жатыр.
Академияның бай кітапханасы бар, сол жерде отырып əдебиеттің
талай қызықты дүниелерін оқитынмын. Соны оқып отырып, батыр-
лар жырынан бастап, аты белгілі ақындардың шығармаларын өзгер-
тіп жіберетініне көз жеткіздім. «Еменге қарсы бұтақ бітсейші, най -
заға сап қыларға» дегенді «найзаға сап қылуға» деген сияқты өзге-
рістерге ұшырайды екен. Махамбеттің өзінің сөздік қорында бар сөз -
дер ғой бұлар. Осындай сөздерді қазіргі грамматикалық нормаға
түсіріп жібереді екен. Конференцияда соны теріп, мысалдар келтіріп,
кішкене сөз сөйледім. Əдеби мұра дейтін болсақ, мұраны мұра кү-
йінде сақтауымыз керек дедім. Содан конференцияны қорытқан
кезде Мұхтар Əуезов сөз сөйледі. Қорытынды сөзінде: «Мына сөз
сөйлегендердің ішінде екі адамды ерекше атағым келеді. Бірі – Ісмет
Кеңесбаев, екіншісі – кандидаттық диссертациясын енді қорғағалы
жүрген Рəбиға Сыздықова», – деді. Сондай əдемі сөздер айтты соңы-
нан. ...Біріншіден, ондай сөз естимін деп ойламағанмын. Қаншама
білікті əдебиетшілер мықты пікірлер айтты, солардың ішінен мені
атағанда қатты толқыдым...». Мінекей, осы естелік сөздерінің өзінен
277
Тіл-ғұмыр
ғалымның ерте кезінен-ақ текстология ғылымына жанашырлықпен
қарайтынын анық аңғаруға болады.
Рəбиға Сыздық «Текстология мəселелері» (1964) атты мақала -
сында текстология ғылымына қатысты бірнеше мəселені қамтиды.
Алдымен текстологияның ғылымдағы орны, оның қызметі, негізгі
ұстанымы мен міндеттерін саралап алады. «Көркем əдебиеттің текс-
тологиясы – филологиялық ғылым. Ол əдебиеттану ғылымымен біте
қайнасып, соған қызмет етеді. Тіпті, дəлелдей түссек, текстология –
əдебиеттану ғылымының негізі. Өйткені белгілі бір шығарманың дəл
тексін айқындап алмай тұрып, оның идеялық мазмұны мен əдеби
көркемдігін сөз ету қиын болмақ» деген пікірі текстологияның («Тіл
білімі сөздігінде» (1998) мəтінтану деп берілген) ғылымдағы ор-
нын алғаш айқындап береді. Осыдан 50 жыл бұрын «əдебиеттану
ғылымының негізі» болып табылған текстологияның бүгінде сол
əдебиеттану ғылымының негізгі үш саласынан (əдебиет тарихы, тео -
риясы, сыны) кейінгі төртінші жанама тарауы ретінде жалпылама
айтылып, яғни əдебиет теориясында қысқаша шолу анықтамасы
берілгені болмаса, жеке ғылым саласы ретінде қалыптаспағаны,
əрине, қынжылтатын жəйт. Осы саланың теориялық негізі бойынша
арнайы еңбек жазылмағандығын ескерсек, ғалымның «Текстология
ғылымының ұстанған негізгі принципі – автордың творчестволық
қалауын бұзбау болса, міндеті – белгілі бір шығарманың туу тари-
хын зерттеу, сын көзімен қарап, жан-жақты тексеру арқылы оның ең
негізгі тексін таңдап алып, оны тұрақты текст ету, жазылу мерзімін
айқындау, комментарийлер беру, шығарманың басылу типін (яғни
кімге арналып басылатынын) белгілеу» деген ой-тұжырымдары да
қазақ филологиясындағы теориялық текстологияның ең бастапқы
қаланған іргетасы болмақ.
Текстология ғылымының зерттелу деңгейіне тоқталғанда ғалым
алдымен Одақ көлемінде танылған еңбектерге назар аударады.
«Соңғы төрт-бес жыл ішінде Одақ көлемінде текстология жұмыс -
тары жандана түсті. 1957 жыл жəне 1961 жылдары «Текстология
мəселелері» атты екі жинақ жарық көрді, 1962 жылы «Текстология
негіздері» атты құнды еңбек қолымызға тиді. Ғылыми журналдар-
да, жинақтарда текстология мəселесіне арналған үлкенді-кішілі ма -
қалалар жиі жарияланып келеді. Осылардың барлығы Одақ көле -
мінде бүгінгі күннің талабына сай текстология жайына айрықша
мəн беріліп отырғанын көрсетеді. 1964 жылғы Лениндік сыйлыққа
филология саласынан ұсынылып отырған еңбектің екеуі де (акаде -
миктер В.В. Виноградов пен Д.С. Лихачев) текстологияға арналған
жұмыстар екені де дəл осы проблеманың бүгінгі мəдени өміріміздің
278
Достарыңызбен бөлісу: |