Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет27/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   170
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ҒАНА ҚЫЗМЕТ ЕТЕМІН
–  Рəбиға  апай,  сізді  үлкен  ғалым,  белгілі  тіл  маманы  ретінде 
жақсы білеміз. Əйтсе де «өмір жолыңыз туралы естімедік» десе де 
болғандай. 
–  Менің  балалық  шағымның 30-жылдардағы  ұрпақтардың  тағды-
рынан  айырмашылығы  шамалы.  Қазақ  мектебінде  оқыдым.  Тіпті  біз 
оқыған  кезде,  шынын  айту  керек,  орыс  тілі  дейтін  сабақ  жүрген  де 
жоқ  болатын.  Оны  мен  кейін, 16-17 жасқа  келгенде  ғана  үйрендім. 
Соғыс басталған кезде он алты жаста едім. Сол жылдары жастығыма 
қарамай,  мұғалімдік  қызмет  атқардым.  Тіпті  мұғалімдер  дайындай-
тын  курстар  мен  педучилищеде  сабақ  бердім.  Ондағы  шəкірттерім -
нің  көбі  өзімнен  үлкен  еді.  Əйтеуір,  заман  солай  болған  соң  ба, 


58
Рəбиға Сыздық
өзімізді ересек санап, үлкендер «апай» десе, апай бола салатынбыз... 
Сол 1945 жылы  ғана  Алматыға  оқуға  келіп,  Абай  атындағы  педа-
гогикалық институттың тіл-əдебиеті факультетін бітіріп шықтым. Со-
дан бергі жұмысымның көбі ғылым саласында келе жатыр. Ең əуелгі 
зерттегенім – қазақтың ұлы ойшылы, демократ ақыны Абайдың қара 
сөздерінің тілі. Əрине, Абайдың өлеңінің өзінде, тілінде, жалпы твор-
чествосын  көп  адамдар  зерттеді.  Дегенмен  сол  қара  сөздерінің  тілін 
зерттеу  мағанда  қажет  сияқты  болды.  Өйткені  кейбіреулер: «Абай 
қара  сөздері  кітаби  тілде  жазылған,  халыққа  түсініксіз»,  –  дегенді 
айтса,  енді  біреулер: «Қазақтың  өз  тілінде»,  –  дейді.  Осыны  тілші 
ретінде  зерттеп,  анықтадым.  Сол  жасаған  жұмысыма  ғалымдар, 
басы – Абай зерттеуші Мұхтар Əуезов болып баға беріп, 1959 жылы 
«ғылым  кандидаты»  атандым.  Əдетте  «қаламгердің  тілі»  дегенді 
əдебиетші емес, тілші де зерттейді. Осы ретте менің алдымда «қазақ-
тың  əдеби  тілінің  дамуында  Абайдың  рөлі  қандай  болды,  тілде 
қандай  бағыттар  ұсынды?»  деген  сұраулар  тұрды.  Міне,  менің  док-
торлық диссертациямның мазмұны – осы еді. Осы тақырыпта қатары-
нан  екі  үлкен  монография  жарияладым.  Əрине,  мен  ғылыми  дəре -
желер үшін жұмыс істегенім жоқ, ана тілім – қазақ тілі үшін қызмет 
еттім. Өйткені қазақ тілін зерттеу – менің өмірімнің мұраты, мақсаты 
болды.  Себебін  жаңа  ғана  айтып  кеттім.  Таза  қазақ  арасында  өстім, 
қазақ  мектебінде  оқыдым.  Сонда  менің  ең  алғашқы  мұғалімдерім 
тілге  деген  ықылас  пен  сүйіспеншілікке  баулыды.  Тілді  құдіреттей 
таныта білді.
– «Тіл – менің өмірімнің мұраты», – дедіңіз əлгінде. Шын мəнінде, 
сіздің  өмір  жолыңызға,  еңбегіңізге  қарасақ,  дəл  осындай  қорытын-
дыға  алып  барады  екен...  Ендеше,  туған  тіліміздің  тағдырын  биік 
қоятын ғалым ретінде «тілді қорғау» дегенді қалай түсіндірер едіңіз?
–  Кейінгі  кездері  табиғатты,  қоршаған  ортаны  қорғаудың  күн 
тəртібіне  ерекше  қойылып  отырғаны  сияқты,  тілді  қорғау  –  шын-
дап  қолға  алынып  отырған  мəселе.  Бұл – ғылым  тілімен  айтсақ,  тіл 
мəдениеті,  сөз,  сөйлеу  мəдениеті.  Ал  «тіл  –  адамның  өмірімен  тіке -
лей  қатысты  құбылыс»,  –  десек,  адам  –  табиғаттың  басты  байлығы. 
Егер біздер «тілді қорғау» десек – оның қалыптасқан заңдылықтарын 
бұзудан  қорғау  керек  дегеніміз...  Тіл – миллиондардың  пайдалана-
тын  құралы,  оның  үстіне  қазір  –  əдеби  тілге  бүкіл  бұқара,  бүкіл 
жұртшылық  болып  жаппай  араласып  отырған  кез.  Газет-журналдар-
ды  оқымайтын,  топ  алдында  сөйлемейтін  адам  кемде-кем.  Тілдің 
өзі  –  өмір  болғандықтан,  сол  өмірде  бəрі  де  тұп-тура  болмайды  ғой. 
Сондай  сəттерді  қадағалап  отыру,  соның  бұрысын  көрсетіп  отыру – 
біздердің,  тіл  мамандарының  міндеті.  Мен  бұл  мəселеге  бұдан  көп 


59


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет