Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет29/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   170
– «Менің  бүгінгідей  ғалымдық  деңгейге  жетуімде  ұстаздарым -
ның орны бөлек болды», – дедіңіз. Енді мына шəкірттеріңіз жайлы не 
айтар едіңіз? 
–  Өзім  қызмет  ететін  бөлімнің  өзінен  ғана  Нұргелді  Уəлиев,  Ай-
ман  Алдашева,  Зəмзəмия  Бейсенбаева  сияқты  жастардың  есімдерін 
болашағынан мол үміт күтетін шəкірттерімнің санатында батыл атай-
мын.  Қазақ  тілінің  болашағына  қамқор  болып,  зерттеу,  насихаттау, 
оның  əдемілігін,  дұрыстығын  сақтауға  келгенде  жастарға  артар  үміт 
көп. Сондықтан да асыл мұрамыздың сынын кетірмей, əдемілеп алға 
апаратын да кейінгі ізбасарларымыз, мектеп оқушылары деп білемін...
– Осы жерде, апай, мектеппен байланысыңыз туралы айта кет-
сеңіз...
–  Біздердің  бəріміз  де  əдебиет  үйірмесі,  драма  үйірмесі  деген 
сияқты  үйірмелердің  көп  түрін  білеміз.  Ал  «тіл  үйірмесін  неге  аш-
пасқа?»  деген  ой  келіп,  өткен  жылы  №2  мектеп-интернатқа  бардық. 
Сұрастыра  келсек,  оған  қатысқысы  келіп  талаптанушы  ұл-қыздар 
көп  екен...  Алғашқы  сабақтың  кезінде  оқушылардың  өздеріне  жат-
таған  өлеңдерін  оқыттырдық.  Сонда  солардың  бірі  М.Шахановтың 


61
Тіл-ғұмыр
өлеңінен «Отаным», «өз елім» деген сөздерді қайта-қайта бұзып айт-
ты.  Тіл  жайлы  əңгімемізді  біз  осы  қате  айтылған  сөздердің  мəнінен 
бастадық. Жаман емес, жыл бойына үйірме жұмысы жақсы жалғасты. 
Үйірме  мүшелерін  мектеп  оқулықтарының  авторымен  кездестірдік. 
Этимология  (сөздердің  тарихы),  жер-су  аттарына  байланысты  қы-
зықты  əңгімелер  өткіздік.  Осы  игілікті  ісімізді  биыл  да  бөлім  болып 
жандандырмақшымыз.  Біздің  жұмысымыздың  мазмұны  балалармен 
тікелей байланысты деп ойлаймын. Сол үшін де радио, телевизияның 
балаларға  арналған  хабарларын  жібермей  тыңдауға  тырысамыз.  Си-
рек те болса, кей хабарларда «жаңағы, жаңағы», «əлгі, əлгі» деп төрт 
сөйлемнің  ішінде  бір  сөзді  он  рет  қайталайтын  балалар  да  кездесіп 
қалады.  Соны  естіген  кезде  қиналып  отырамын.  Тілді  үйрену  семья-
дан басталады. Сонан соң ұстаздарға да артылар міндет мол. Мəселен, 
«дұрыс  сөйлеу»  дегенді  тіл-əдебиет  пəнінің  мұғалімі  ғана  емес,  бар -
лық  оқытушылар  болып  қадағалауы  қажет.  Физика  болсын,  биоло-
гия,  мейлі  математика  болсын,  тапсырманың  мазмұнын  ғана  айтып 
бергеніне  қарап  баға  қоймай,  ойын  қалай  жеткізді,  сөйлемді  дұрыс 
айтты  ма,  –  соны  да  ескерсе.  Егер  тілді  бұзып  жатқандай  болса,  қа-
тесін  кезінде  түзетіп  отырса, «сөйлеу  мəдениеті»  деген  осындайдан 
қалыптасатыны  сөзсіз.  Міне,  біз  ашып  отырған  тіл  үйірмесінің  мақ-
саты – осы. 
– Апай, уақытты пайдалана білу үлкен өнер деседі. Сіз бұған қа -
лай қарайсыз?
– Менің жанымды да ең бір сынайтын нəрсе – осы: уақыт. Сөз жоқ, 
уақыт жетпейді. Өйткені менде атқаратын жұмыс түрі де көптеу. Тіл 
мəдениетімен  айналысуым  керек,  өзімнің  ғылымға  келгеннен  айна-
лысып жүрген қазақ тілінің, оның ішінде əдеби тіліміздің тарихынан 
біраз  кітаптар  берсем  деймін,  қоғамдық  жұмыстар  бар  сан-салалы. 
Бірақ  əйтеуір  мүмкіндігімше  осы  уақыттың  əрбір  сəтін  пайдалануға 
тырысамын. Шынымды айтсам, кейде демалыс дегенді білмей жұмыс 
істеуге тура келеді. Себебі ғылым кеңсе қызметі сияқты емес. Сенбі, 
жексенбі  былай  тұрсын,  кейде  келіп  қалған  екі-үш  күндік  мерекенің 
де кейбір сағаттарын соған арнаймыз. 
– Кейде адам бір нəрсеге өкінеді ғой. Ал сіз ше?
– Өмірімде өкініш көп қой. Менің өкінішім – шет тілдерді үйрене 
алмағаным. Бірнеше тіл білу – ғылым үшін де, жалпы адамның жеке 
басының мəдениеті үшін де ауадай қажет нəрсе. Жаңа айтып кеттім, 
шет  тілі  тұрмақ,  орыс  тілінің  өзін  ересек  кезімде  меңгердім  деп. 
Содан кейін бе, мен балаларымды бірнеше тілді үйренуге баулыдым. 
Ұлым – Əсет дипломат болып қызмет етеді. Ол араб, ағылшын, фран -
цуз  тілдерін  біледі.  Ал  қызым  –  Мақпал  Ленинград  университетін 


62
Рəбиға Сыздық
бітірді. Жапон тілінің маманы болып жұмыс істейді. Негізгі бітір ген 
мамандығы – қытай  тілі.  Ағылшын  тілін  туған  тіліндей  біледі.  Сон-
дықтан да өкіне отырып, өзімнің қолым жетпеген өнерді балаларым-
ның меңгергеніне қуанамын. 
–  Сосын,  апай,  сізге  ең  бір  дəстүрлі  сұрақ: «Қазақстан  пионері» 
газетін сүйіп оқитын ұл-қыздарыңызға, оқырмандарыңызға не тілер 
едіңіз!
– Не тілейін, жастардан күтетініміз көп қой... Ең əуелі – «не нəр-
сеге  де  өзіндік  қатынасы,  көзқарасы  болса»  дер  едім.  Еңбектен  бас-
тап,  бəрі-бəріне  ықыласы  адал  болса,  дұрыс  болса,  сондай  асыл 
қасиетті  бойына  ұялата  білгендерден  «бірдеңе»  шығады.  Адамның 
қоғамнан  алатын  орны  да,  қоғамның  сол  адамды  сыйлауы  да,  атақ-
дəрежесі  де,  тəрбиелейтін  ұрпағы  да  еңбегіне  байланысты.  Ендеше, 
еңбексүйгіштікті де тілеймін.
– Əңгімеңізге рақмет!
Сұхбаттасқан Талғат Өтегенов
 «Қазақстан пионері» газеті, 1982, 9 сентябрь.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет