60
Рəбиға Сыздық
өсіп бара ма əлде өшіп бара ма, – осыған əбден байланысты. Содан
кейін тілдің тағдыры оның əлеуметтік қызметіне, яғни сол қоғамда -
ғы алатын орнына да байланысты. Памирді көптеген халықтар
мекендейді. Солардың бірқатары саны жағынан аз болғандықтан,
олардың тілдерінде ешқандай газет-журнал шықпайды, мектептер
жоқ. Міне, осы халықтар өз тілдерінің əлеуметтік қызмет аясы тар
болғандықтан, екінші бірқатар отырған үлкендеу халық тілінде сөй-
леуге мəжбүр болады. Памирдегі осындай халықтардың бəрі дерлік
тəжік тілін қоса біледі. Демек, тілдің тағдыры – сол тілде сөйлейтін
адамдардың тілімен əбден байланысты. Ал қазақ тіліне келетін бол -
сақ, ол еліміздегі үлкен тілдердің қатарына жатады. Оның үлкен
болатыны – 6, 5 миллион адам сөйлейтіндіктен ғана емес, үлкен
əдебиетпен мыңдаған тиражбен шығып жататын газет-журналдар,
күнделікті хабар тарататын телевизия, радио орталықтарына қызмет
етіп отырған тіл болғандығында. Бізде бастауыш мектептерден бас-
тап, жоғары оқу орындарының кейбір факультеттерінің өзінде сабақ
ана тілімізде жүргізіледі, ісқағаздары толтырылады. Осындай əлеу -
меттік қызметі кеңігеннен кейін, қазақ тілі үлкен тілдердің қатарында
саналып отыр. Бұдан шығатын қорытынды: қазақ тілінің əрі қарайғы
жолы ашық, дами беретін, кемелдене беретін тілдердің бірі. Жəне
де бұл
– жеке адамдар осылай есептегендіктен емес, əрине. Бұл
–
біздің партиямыздың программасындағы ұлттық тілдер мен ұлттық
мəдениеттің дамуы жөніндегі қағидаға сай келіп отырған шындық...
Достарыңызбен бөлісу: