Тіл-ғұмыр
теуге ең саналы сəттерін арнады. Ең бастысы – Абаймен тілдесуді
үйренді. Ол сөзді Абайша сөйлетудің сырын ұқты. Абай əлеміне
ену арқылы қазақ сөзінің адам жанын нəрлендірер құдіретіне үңілді.
Қазақ сөзінің қасиетін таныды. Сөйтіп, қазақ сөзін қалай сөйлетуді
білді. Ол ұлылықпен сырласа алды. Абай өлеңдері мен қарасөздері
оның рухани əл-қуатына айналды. Тіпті Абайға қатысы шамалы
мақалалар жазу тұсында да Абай рухымен кеңесуді дағдыға айнал-
дырған түрі бар. Сондықтан да оның зерттеулерінен Абайша толғану-
дың сырын аңғарасыз. Қысқасы, Рəбиға Сəтіғалиқызының басқа тіл
мамандарынан, тіпті көбімізден ең басты ерекшелігінің өзі – осын-
да. Мұны еңбектерінің бəрінен сезіп отырасыз. Бұл еңбектердің бəрі
оны нағыз абайтанушылар қатарына қосты. Ақын-жазушылар тілін
зерттеуді мақсат еткен жас ізденушілер үшін бұл еңбектер таптыр-
майтын үлгі болып табылады.
Абай тілін зерделеуге бағышталған 1968 жылғы «Абай шығарма-
ларының тілі» атты монографиясы үшін ғалымға Ғылым академия-
сының Шоқан Уəлиханов атындағы сыйлығы берілді. Бұл еңбекте
автор қазақ əдеби тілін қалыптастырудағы ұлы Абайдың қосқан зор
үлесін, орнын дəлелдейді. Абай шығармалары тіліндегі лексика-мор-
фологиялық ерекшеліктерді саралай келе ақын өмір сүрген кезеңдегі
қазақ əдеби тілінің де жағдайын жан-жақты қарастырған. Суреткер
қолданған лексикалық, грамматикалық қатпарларды əр қырынан
талдап береді. Онда жаңадан жасалған, көнені жаңартқан, тың қол-
даныстардың себеп-салдарын анықтап, ұлы ақынның шығармашы-
лығын даралай түсетін тұстары ерекше зерделілікпен баяндалады.
Сөйтіп, «Абай – қазақтың қазіргі əдеби тілінің негізін қалаушы» деген
тұжырымды тілдік деректермен бекіте түседі. Абайдың жазба əдеби
тілдің негізін салудағы орнын анықтай отырып, ол өмір сүрген дəуір
мен ортаның арақатынасын, сол дəуірдегі əдеби тіл мен кітаби тіл
байланысын жан-жақты талдайды.
Ғалымның жоғарыда аталған «Абай өлеңдерінің синтаксисі» ат-
ты монографиясы «өлең синтаксисіне арналған алғашқы еңбек» десе
де болады. Мұнда Абай тілінің құрылым-құрылысы соншама бір
сарамандықпен қарастырылған. Осынысымен де ол ізденушілер мен
студенттер қолынан түспей келе жатқан бірегей еңбектер қатарында.
Рекеңнің «Абайдың сөз өрнегі» (1995) атты еңбегі лингвостилисти-
калық зерттеу болып табылады. Зерттеме лингвопоэтикалық таным-
ның нысаны мен мақсат-міндеттерін саралаудан, Абай тілін танудың
қырларын анықтаудан басталады. Еңбектегі «Сөз – өлеңнің арқауы»
деп аталатын тарау поэтикалық сөз мəселелеріне бағышталған бол-
са, келесі тарауларда ұлы ақынның сөз құбылту шеберлігі, сөзді
126
Рəбиға Сыздық
үндестіру құпиялары, қарасөздерінің стильдік жəне тілдік табиғаты
айқындалады, Абай дəстүрінің сабақтастығы мəселелері баяндалады.
Рəбиға Сыздық қазақ прозасы мен поэзиясындағы бұрынғы, ке-
йінгі, орта буын, жас буын қаламгерлердің қай-қайсысын да көзден
таса етпей, жылт еткен жақсылықтарын атап, көрсете білетін тілші -
лер санатынан. Ол үшін, əсіресе нағыз ақын атаулының жөні бөлек.
Абай, Махамбет, Дулат, Мағжан, Қасым тəрізді алыптарды былай
қойғанда, кешегі Мұқағали, Төлеген, Ізтай, Тұманбай, Өтежандарды,
қазір арамызда жүрген Ақұштап, Марфуға, Нұрлан (Оразалин), Свет-
қалиларды тебірене оқып, олардың сөз саптау машығына таңданыс
білдіріп отыратын Рекеңнің оқырман ретіндегі талғамына сүйсінбеу
мүмкін емес.
Ол өзінің 1997 жылы жарық көрген «Сөз құдіреті» атты еңбе -
гінде М.Əуезовтің 20-жылдардағы əңгімелерінің тілінен бастап,
Шерхан Мұртаза, Əбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин, Сейдахмет
Бердіқұлов, Оралхан Бөкеев, Асқар Сүлейменов, Тахауи Ахтанов,
Қабдеш Жұмаділов, Кəдірбек Сегізбайұлы тəрізді қазақ көркем сө -
зінің қас шеберлері қаламынан шыққан туындыларға лингвостилис-
тикалық тұрғыдан талдау жасап, олардың сыры мен сымбатын ашып
береді. Сөз шеберлерінің шығармаларын сөз таңдау, сөз қолданыс, сөз
əрлеу тұрғысынан зерттейді.
Р.Сəтіғалиқызы «Абайдың сөз өрнегі», «Сөз құдіреті» жəне
«Сөздер сөйлейді» атты үш монографиялық еңбегін баяндау стилі
мен тақырыбы жағынан өзіне өте ыстық кітаптар санайды. Əсіресе
көркем мұраларды құмарта оқитын жұртшылықтың қолына тиген
«Сөздер сөйлейді» деген еңбегі ғалымның аса бір зеректікпен орын-
даған жұмысы болды. Онда ақын-жыраулар тілінде көне сөздердің
байырғы мағыналары ашылып, олардың семантикалық өрім-өзгеріс-
тері сараланады. Еңбектің тарихи лексикология бойынша өте қа -
жетті оқу құралының біріне айналуы сондықтан. Ғалым бұл кітапқа
еңбегінің көп сіңгенін жазады. Кітапта қазіргі тіліміздегі бастапқы
мағынасы күңгірттенген немесе мүлде ұмытылған, тарихи тұрғыдан
түркі-моңғол, түркі-иран тілдеріне ортақ сөздердің əуелгі мəні анық-
талып, олардың түп төркінін анықтаудың жолдары мен тəсілдері,
шарттары айқындалады. Сөздердің көпмағыналығы, тарихи кезең-
дердегі тұлғалық жəне мағыналық өзгерістері ашылады.
Рəбиға Сəтіғалиқызының қазақ əдеби тілі мен қазақ жазба əдеби
тілін зерделеп, олардың қалыптасу тарихын жан-жақты тарата тал-
дайтын еңбектері – өз алдына бір төбе. Мəселен, «Қазақ əдеби тілінің
тарихы (XV–ХІХ ғғ.)» атты еңбегінде ол əдеби тіліміздің ұлттық
дəуірге дейінгі негізгі көздері мен арналарын анықтап алып, əдеби
127
Достарыңызбен бөлісу: |