Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет56/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   170
Тіл-ғұмыр
тілдің  ұлттық  дəуірдегі  сыр-сипатын  айқындайды.  Оны  кезең-кезең -
дерге  бөліп,  толық  сипаттама  жасайды.  Жазба  əдеби  тілдің  де  бол -
ғандығын  бұлтартпастай  дəлелдейді.  Сонымен  бірге  ғалым  зерттеу-
лерінен əдеби тіл тарихына қатысты бұрын қалыптасқан пікірлерден 
өзгеше тың ойлармен де танысамыз. Бұл жерде əдеби тіл мəселесіне 
қатысты  тарихи  деректерге  молынан  жүгіне  отырып  əрі  тілдің  тар 
XV  ғасырдан  бастау  алатын,  бес  ғасырға  созылған  жыраулық,  ақын-
дық  поэзияның  тілін  саралай  келіп,  Рекең  ғылыми  ортаға  «ауызша 
əдеби тіл» деген жаңа ұғым мен тың терминді ендіріп, мүлдем жаңа 
бағыт  ұсынды.  Оның  тіл  біліміндегі  бұл  батыл  байламы  қазір  өзінің 
өміршеңдігін танытып отыр.
Бұл  пікірді  ғалым  ең  алғаш  рет 1984 жылы  жариялаған «XVІІІ–
ХІХ  ғғ.  қазақ  əдеби  тілінің  тарихы»  атты  монографиясында  да  əйгі-
леген  болатын.  Ақын-жыраулар  шығармалары  мен  көптеген  əдеби 
үлгілердің, фольклорлық мұраларымыздың ел арасына ауызша тарал-
ғаны  анық.  Сондықтан  халқымыздың  өз  тарихи  жолы  мен  тұрмыс-
салтына  байланысты  ерекшеліктерінен  туындайтын  мұндай  фено-
менді  есепке  алудың  қажеттігі  даусыз.  Біздің  əдеби  тілімізді  жазба 
тілмен  ғана  байланыстырған  жөн  бола  бермейді.  Реті  келгенде  айта 
кеткен жөн, Рекең өзінің «XVІІІ–ХІХ ғғ. қазақ əдеби тілінің тарихы» 
атты еңбегінде ескі қазақ жазба əдеби тілі идеясын да ортаға салып, 
оны  бұлтартпастай  етіп  дəлелдейді.  Ғалым  бұл  ойын  «Язык  Жами 
ат-тауарих  Жалаири»  атты  еңбегінде  де  қайталайды.  Шежірені  сол 
ескі  қазақ  жазба  əдеби  тілінің  бір  үлгісі  ретінде  қарастырады.  Бұл 
зерттемелердің қазақ əдебитілін дəуірлеудегі маңызы зор.
Профессор  Р.Сыздық – түріктану  ілімінде  де  өзіндік  жолы  бар 
зерттеуші.  Бұл  ретте  оның  жоғарыда  сөз  болған  «Язык  «Жами  ат-
тауарих»  Жалаири» (1989) деген  монографиясын  ерекше  атауға  бо -
лады.  Бұл  еңбекті  зерттеудің  айрықша  құндылығы  мынада.  Кешегі 
бір кезеңге дейін мұндай ескерткіштердің көбінен ат-тонымызды ала 
қашып,  іргемізді  аулақ  салып  келдік.  Ондағы  дəлеліміз – зерттемей 
жатып-ақ, «қазаққа тəн ештеңе жоқ» дегенге саяды. Рəбиға Сəтіғали-
қызы  көкейімізге  көптен  орнығып  алған  осы  бір  керенаулықтың 
шынжырын  үзді.  Ондағы  қазақ  халқының  тұрмыс-тіршілігіне,  əдет-
ғұрып, салт-дəстүріне тəн, тіпті басқа туыс тілдерде қайталанбайтын, 
кездеспейтін  қызықты  сөз  өрнектерін  тауып  талдап,  анықтады.  Сөй -
тіп,  ол  Қадырғали  Жалаиридің  «Жами  ат-тауарих»  атты  шежіресінің 
рухани  мəдениет  жағынан  да,  тілдік  тұрғыдан  да  қазақ  халқының 
байырғы дəуірінен қалған мұра екенін дəлелдеп шықты. Осы арқылы 
қазақ  халқының  рухани  мұрасын  байытуға  айтарлықтай  қомақты 
үлес қосты.


128
Рəбиға Сыздық
Зерттеуді Жалаиридің дұрыс аты-жөні мен ныспысын анықтаудан 
бастаған ғалым, екі нұсқаны лингвотекстологиялық тұрғыдан салыс-
тыра  отырып,  шежіре  тілінің  стилистикалық,  лексика-фразеология-
лық,  графикалық  жəне  орфографиялық  ерекшеліктерін  зерделейді. 
Ескі  түркі  жазба  ескерткіштерінің  тілдік  мəртебесін  анықтауда  бас-
шылыққа  алынатын  негізгі  ұстанымдарды  ұсынады.  Ескерткіш  тілі-
нің  стилистикалық  сипатына,  көркемдеу  құралдарына  ерекше  назар 
аударудың  қажеттігін  жазады.  Ғалымның  осы  еңбегінде  келтірілген 
ой-тұжырымдар ескі жазба ескерткіштер тілінің қазіргі түркі тілдеріне 
қатысын  зерттеу  мəселесінде  міндетті  түрде  басшылыққа  алынуға 
тиісті деп есептейміз.
Профессор  Р.Сыздық  түркі  тілдері  тарихына  байланысты  ізденіс-
терін  Қожа  Ахмет  Ясауи  хикметтері  арқылы  ХІІ  ғасырға  қарай  тағы 
да  тереңдете  түседі.  Ғалым  өзінің  «Ясауи  «Хикметтерінің»  тілі» 
(2004)  атты  монографиясында  хикметтердің  Самарқан  нұсқасы  негі-
зінде оның тіліне лексика-грамматикалық, текстологиялық тұрғылар-
дан талдау жасаған. Р.Сəтіғалиқызы осы нұсқаның бастапқы түпнұс-
қаға  ең  жақын  көшірме  болып  табылатындығын  жазады.  Зерттеме 
барысында ғалым лексикалық тұрғыдан да, грамматикалық тұрғыдан 
да  Ясауи  тілінің  негізі  қыпышақ-оғыз  əдеби  тілі  деген  қорытын -
дыға келеді.
Қ.Ясауи – түркі  поэтикасының  құдіретімен  ислам  дінінің  негіз-
дерін  жүректен  жүрекке  жеткізуде,  сөйтіп  оны  түркі  мəдениетінің 
төл  мұрасына  айналдыруда  орасан  зор  еңбек  сіңірген  алып  тұлға 
екенін  анықтау.  Хикметтер  құрамындағы  ұлы  шейхтің  төл  мұрасын 
анықтау,  оны  ұлы  ақынның  шəкірттері  мен  ізбасарлары  тарапынан 
қосылған  жыр  жолдарынан  айыру,  көшірушілер  мен  қайта  көшіру-
шілер,  бастырушылар  жағынан  үстемеленген  мəтіндерді  анықтап, 
қателіктерді  жөндеу – осының  бəрі  оңай  шаруа  емес  еді.  Ғалым 230 
беттік қолжазбаны 4-5 қайтара жазып, транскрипциялап, транслитера-
циялай отырып, аса мұқият болуды талап ететін зерттемені ыждағат-
тықпен орындап шыққан.
Қазақ  тіл  білімінің 1950 жылдардан  бергі  жарты  ғасырдан  астам 
тарихында Рекеңнің зерттемеген саласын табу қиын. Солардың бірі – 
тіл  мəдениеті.  Бұл  сала  бойынша  ол  қаншама  жылдар  бойы  өте 
нəтижелі  еңбек  етті?!  Ғалымның  сондағы  көңіл  бөліңкірейтіні – сөз 
сазы, жаңа қолданыстар, əдеби норма мəселелері. Оның қатысуымен 
«Қазақ  тіліндегі  жаңа  қолданыстардың»  бірнеше  басылымы  жарық 
көрді.  Р.Сəтіғалиқызының  «Тілдік  норма  жəне  оның  қалыптануы» 
(2001)  атты  монографиясы  норма  мəселесі  теориялық  тұрғыдан  сөз 
болатын  күрделі  еңбектер  қатарына  жатады.  Ғалымның  қазақ  ор-


129
Тіл-ғұмыр
фографиясына  қосқан  үлесі  де  мол.  Ол  қазақ  тілінің  орфографиялық 
сөздігін түзісуге 1960 жылдан бері үзбей қалам тартып келеді. Оның 
тікелей  басшылығымен  қазақ  орфографиясындағы  негізгі  ережелер -
дің жаңа нұсқасы жасалды. 
Р.Сыздық – қазақ тіл білімінің көкейкесті мəселелерін баспасөзде 
үзбей  жазып,  теледидар,  радиодан  үздіксіз  насихаттап  келе  жатқан 
сергек ойлы, зерек тілші. Ол – қоғамдық мəдени өмірдің қайнаған ор-
тасында,  əсіресе  тілге  қатысты  мəселенің  бəрінде  өз  үнін,  өз  пікірін 
ашық та анық айтып отыратын тіл сыншысы.
Рекеңнің кешегі репрессия құрбандары – А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұ-
банов  сынды  ғұламалардың  өмірі  мен  шығармашылығын  насихат-
тауда  жүргізген  жұмыстары – өз  алдына  бөлек  əңгіме.  Бұлар  жөнін-
дегі  танымдық  мəні  айрықша  еңбектері  студент  қауымының  қо -
лында. Ғалым 1966 жылы Құдайберген Жұбанов туралы ең алғашқы 
баяндаманы  жасап,  содан  кейін  «Ғалым-азамат»  деген  кітапша  шы-
ғарған  болатын. 1989 жылы  А.Байтұрсынұлының  ақталуына  қажет 
анықтама  жазған  Рекең  «Тіл  тағылымын»  шығаруға  да  зор  еңбек 
сіңірді.  Ол  Х.Досмұхамедұлының  таңдамалы  еңбектерін  шығару 
ісінде  де  бас  редактор  ретінде  көп  жұмыс  жасады.  Ұлтымыздың  ар-
дақты  азаматтары  үшін  қызмет  етуді  ол  өзінің  азаматтық  жəне 
ғалымдық парызы санайды.
Ғалымның  ұстаздық  қызметінің  де  жөні  бөлек.  Рекеңнің  жетек-
шілігімен  немесе  кеңесшілігімен  қорғаған  ғылым  докторлары  мен 
кандидаттары өздерінің тақырыпты терең меңгеруімен, құнды маман 
болуымен  ерекшеленеді.  Профессор  Р.С.  Сыздық  еңбектері  Үкімет 
тарапынан  да  əлденеше  рет  жоғары  бағаланды. 1972 жылы  «Құрмет 
белгісі»  орденіне  ие  болды. 1984 жылы  Қазақ  ССР-інің  «Құрметті 
Алтын  кітабына»  жазылды (1981), Ш.Уəлиханов  атындағы  сыйлық- 
тың (1995), Мемлекеттік сыйлықтың (1996) лауреаты атанды.
Ұлттық  Ғылым  академиясының  академигі,  профессор,  ғылым 
докторы  Р.Сыздықтың  өмірде  тынымсыз  еңбекпен  өрмелеп  шыққан 
өрелі биіктерін, көркем дүниедей оқылатын ғылыми еңбектерін түгел 
баяндап  шығу  мүмкін  емес.  Жоғарыда  көрсеткеніміздей,  ежіктеп 
баян  етуден  гөрі,  қарапайым  қазақ  əйелінің  кəдімгі  адами  болмыс-
бітімін де сөйлетсек деп едік. Сол мақсатымыздың бəрі бірдей орын-
дала  қоймағанын  сеземіз.  Дегенмен  мына  ғажайып  өмірде  қазақтың 
қыздары  мен  аналарына  ғана  тəн  мінез  бен  қазақ  тілінің  құдіретін 
танытып,  өнеге  таратып  жүрген  осынау  жанмен  қатар  еңбек  етіп 
жүрудің өзі бір ғанибет емес пе? 
Түркітану мен қазақ филологиясының дамуы: 
ғылыми мұра жəне ғалым феномені. – Алматы, 2014.


130
Рəбиға Сыздық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет