166
Рəбиға Сыздық
əлдеқандай себептермен сегіз сағатқа кейін шегерілді. Уақытты ұту
үшін қызық-қызық əңгімелер айтып берді. Біз аузымыз ашыла тың-
дадық.
Ең соңында сөз варианттары туралы əңгімеледі.
Тауық, тақуқ,
тақы, тавуқ, тақу сияқты толып жатқан фонетикалық варианттар-
ды қағазға түсірді. «Бір ғана сөз түркі тілдерінде неліктен осынша
варианттарға бөлініп кеткен? Оның əрқайсысының өз заңдылығы
бар. Келешекте сендер сол заңдылықтарды ашып, өзгеру себептерін
түсіндіріп берулерің керек», – деп бізге қарады. Мен бұрыннан-ақ
ескерткіштерде ұшырасатын
айақ –
адақ –
азақ –
адзақ –
атақ
(нога) варианттарының сырын білуге құштар едім. Бұлардың бірінің
өзгеру себебін анықтай алғаныммен, екіншісінің қалай дамығанын
білмейтінмін. Əбдуəли ағаның тартымды əңгімесі сөз құрамындағы
тарихи-фонетикалық өзгерістерді түсіндіріп беруге менің бүкіл
ғұмырымды бұрып жіберді. Нəтижесінде «Түркі тілдері лексикасы
дамуының фонологиялық заңдылықтары» атты докторлық диссерта-
ция өмірге келді.
Қысқасы, мен Рəбиға апа мен Əбдуəли ағаның азаматтығы, асыл
қасиеттерге толы адамгершілігі арқасында – өзім жан-тəніммен қас-
терлейтін ғылымға келдім. Ата-ананың балаға деген қамқорлығы
шексіз ғой. Жоғарыдағыдай қамқорлықты ата-ана қамқорлығымен
ғана салыстыруға болады. Рəбиға апа мен Əбдуəли ағаны көріп
қалғанда, кейде есімдері өз-өзінен есіме түскенде, əрдайым оларға
іштей бар жақсылықты тілей жүремін. Денсаулықтары мықты бо -
лып, екі дүниеде ізгілік, нығметке бөленсін. Қажымай-талмай жүзге
жетсін! Бұдан да көп жылы лебіз білдіруге болады. Өмір болса, бұл
тақырыпқа кейін оралармыз. Еңбегі бізден болмағанымен, Жаратушы
Жаббар иеден қайтатындығына анық көзім жетеді. «Айналаң толы
жақсы адам», – деп осындайда айтады.
Түркітану мен қазақ филологиясының дамуы:
ғылыми мұра жəне ғалым феномені. – Алматы, 2014.
Достарыңызбен бөлісу: