Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек


А. Тайжанов философия ғылымдарының   докторы, профессор ТІЛ БІЛІМІНІҢ ТАРЛАНЫ



Pdf көрінісі
бет76/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   170
А. Тайжанов
философия ғылымдарының 
 докторы, профессор
ТІЛ БІЛІМІНІҢ ТАРЛАНЫ
Рəбиға  Сəтіғалиқызы  Сыздықова  туралы  «Элита  Казахстана»  эн-
циклопедиясында  бағалайтын  «адамгершілік  сапасы»  деген  графа -
ға – «парасаттылық, шыншылдық, еңбексүйгіштік; екіжүзділікке, жал -


167
Тіл-ғұмыр
қаулыққа  жаны  қас;  ұлы  суреткер,  ұлы  еңбекқор,  ғалым,  жоғары 
адамгершілікті  адам  ретінде  Мұхтар  Əуезовтің  алдында  басын 
иеді», – деп  жазылыпты.  Алып-қосары  жоқ  шын  сөз.  Бұндай  қа-
сиеттерді  сыйлау,  өздерін  де  солай  тəрбиелеуге  тырысу  Рəбиға 
Сəтіғалиқызының  замандастары  мен  тұстастарының  көпшілігіне 
тəн. Өйткені олар қазақ елі басына түскен тауқыметтерді көре жүріп 
өсті,  ес  біле  келе  еліміздің  прогресс  жолымен  дамуына  өз  салалары 
бойынша  үлес  қосты.  Олар  «тілек  қуған  адам  азып,  талмайтынына, 
мақсаты  бар  орта  жолда  қалмайтынына» (Ж.Баласағун)  өздері  көз 
жеткізіп  қана  қоймай,  басқаларға  да  зор  əсер  етті,  үлгі  көрсетті. 
Соның арқасында алыстағы Ойыл ауданында туған Рəбиға Сəтіғали-
қызы  Сыздықова  көрнекті  ғалым,  филолог,  абайтанушы,  филология 
ғылымдарының  докторы,  профессор,  ҚР  ҰҒА  академигі  деген  лауа-
зымдарға  қол  жеткізді.  Ғылым  саласындағы  тынымсыз  еңбегінің 
нəтижесінде көптеген үкімет наградаларына ие болды, Ш.Уəлиханов 
атындағы  сыйлықтың,  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  сыйлы-
ғының  лауреаты,  Қазақстан  Республикасының  еңбек  сіңірген  ғылым 
қайраткері. Бұлар бір кісінің басына аз атақ-абырой емес. 
Ғалымның  өмір  жолына  көз  жүгіртсек,  екі  нəрсені  аңғарар  едік. 
Біріншісі – үнемі  өсу,  жетілу,  кемелдену  жолында  болғаны;  екінші-
сі – өзінің бағытын өзгертпей, бір сала – тіл білімі мəселесімен айна-
лысқандығы. 
Ана  тілінің  тарихын  білу  əркімге  де  қажет.  Соған  қарамастан, 
қазақ  қауымының  ру-тайпалық  кезеңдерінен  бастап,  оның  халық  бо-
лып  құрылған  дəуіріндегі  жəне  ұлттық  дамуы  тұсындағы  тілінің 
жалпы тарихын зерттеу де, оның əдеби түрінің даму барысын танып-
білу  де  өткен  ғасырдың 30-40-жылдарында  ғана  қолға  алына  бас -
тады. Алдыңғы жəне кейінгі толқын ғалымдармен қазақ тілінің соңғы 
екі-үш  ғасыр  барысындағы  күй-қалпы  (статикасы)  мен  даму  барысы 
(динамикасы)  біраз  зерттелді.  Əйтсе  де,  жоғары  оқу  орындарының 
студенттері  қазақтың  жалпы  халықтық  тілінің  жəне  əдеби  тілінің 
даму тарихын баяндайтын жұмыстарға зəру.
Бүгінгі  күні  мемлекеттік  статусқа  ие  болып,  миллиондаған  адам-
дарға қызмет етіп отырған сан ғасырлық тарихы бар қазақ тілі сияқты 
ірі  тілдің  тұтас  тарихын  таныту  үшін  оның  белгілі  бір  кезеңдердегі 
күй-қалпын  сақтау,  жеке  ескерткіштердің  тілін  талдау,  функционал-
дық  стильдердің  пайда  болып,  əрі  қарай  қалыптасуын  зерттеу,  жеке 
қаламгерлердің  үлесі  мен  рөлін  көрсету  сияқты  жұмыстардан  бас -
тап,  əдеби  тілдің  өзінің  статусын  айқындау,  даму  кезеңдерін  дəуір-
лерге  бөлу,  əр  кезеңдегі  даму  принциптері  мен  бағыттарын  дұрыс 
табу  тəрізді  қыруар  мəселелерді  шешіп  алу  керек  болады.  Осы  мақ -


168
Рəбиға Сыздық
сатты көздеген Рəбиға Сыздықова алғаш рет басқа ғалымдармен бірге 
«Қазақ  əдеби  тілінің  тарихын» (1968), кейін  «ХVІІІ–ХІХ  ғасырлар-
дағы  қазақ  əдеби  тілінің  тарихы» (1984) деген  атпен  жеке  оқулығын 
шығарды.  Тынымсыз  еңбектің  нəтижесінде  жəне  заман  талабына 
сəйкес  автор  осы  еңбектерін  көлем  жағынан  кеңейтіп,  мазмұнын  то-
лықтырып,  тереңдетіп, «Қазақ  əдеби  тілінің  тарихы» (1993) еңбегін 
жазды.
Белгілі  тіл  маманы  өзінің  барлық  еңбектерінде  дерлік  «мəде -
ниетті тіл ғана мəртебелі» деген пікірді басшылыққа алған. Сондық-
тан  да  ғалымның  іргелі  зерттеулерінде  əдеби  тіл  туралы  ұғымнан 
бастап, оның дамуы, оны дəуірлеу, функционалдық стильдерге тарам-
дау кеңінен сөз болады.
Ғалым  өз  еңбектерінде  қазақ  əдеби  тілінің  қайнар  көздерін  ха -
лықтың  ауызекі  сөйлеу  тілі;  қазақтың  ауыз  əдебиетінің  тілі;  орта-
ғасырлық  түркі  ескерткіштерінің  тілі  деп  бөле  қарастыра  келіп, 
Орхон-Енисей  ескерткіштерінің  тілін  қазақтың  ауызша  жəне  жаз -
баша əдеби тілдерінің бір арнасы деп көрсетеді.
Жоғарыда  аталған  еңбегінде  қазақ  əдеби  тілінің  ХV–ХІХ  ғасыр -
лар  арасындағы  үлкен  ауқымдағы  даму,  жетілу  мəселелерін  кеңінен 
сөз етеді. Онда осы кезеңдердегі қазақ қауымына қызмет еткен тілдің 
сипаттарына,  нұсқаларына,  сөздік  қазынаның  нормалану  дəрежесіне, 
тіл  лексикасындағы  көне  сөздерге,  ауызша  əдеби  тілдің  граммати -
калық  сипаттарына,  қазақ  поэзиясының  стильдік-тілдік  ерекшелік-
теріне,  шежірелер  тілінің  лексикаларына,  тілді  сипаттайтын  əдебиет 
үлгілеріне,  жыраулар  мен  ақындар  мектебінің  əдеби  тіл  барысын -
дағы  рөліне,  көне  ресми  қағаздар  тіліне,  ауызша  əдеби  тілді  синтез-
деуге, кірме сөздердің енуіне, сөз тудыру тəсілдері мен нормаларына 
жан-жақты талдау жасалынған.
XIX  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  қазақ  халқының  ұлт -
тық  жазба  əдеби  тілі  қайта  түлеп  қана  қойған  жоқ,  оған  осы  дəуір-
дегі  қоғам  өмірі  мен  тіл  тəжірибесі  де  айтарлықтай  əсер  етті,  қазақ 
поэзиясының  тілі  одан  əрі  дамыды.  Соның  арқасында  көркем  əде -
биеттің  қисса  жанрлары,  қоғамдық-публицистикалық  стиль,  ресми 
ісқағаздар, дінге қатысты əдебиеттер, ғылыми-көпшілік жəне эписто-
лярлық стильдер, аударма ісінің əдеби тілімізге тигізген əсері, қазақ-
тың ұлттық жазба əдеби тілінің қалыптасуы, лексикалық құрамының 
толығуы жəне нормалануы кеңінен сөз болады. Осы айтылған бағыт-
тар бойынша орамды ойлар айтылып, ғылыми тұжырымдар жасалады.
Ғалымның  біраз  еңбегі  қазақ  тілінің  зерттелуі  жəне  оның  жа-
зуы мен емлесі туралы мəселелерге арналған. Оларда XIX ғасырдың 
2  жартысындағы  қазақ  лексикографиясы,  жазуы  жəне  емле  мəселе -


169


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет