Рəбиға Сыздық
үлкен бір саласына айналғандығына тағы да назар аудара түсу. Соны-
мен, көлемі 120 баспа табақтай 720 беттік 2 мыңдай мақаланы қам-
тыған, түрлі-түсті суреттермен көмкеріліп, жақсы мұқабамен қапта -
лып шыққан «Абай» энциклопедиясының жарық көруі халқымыз-
дың саяси-мəдени, ғылыми дамуындағы мəн-маңызы зор айтулы
оқиғалардың бірі. Мұндай энциклопедиялардың əлемдік тəжірибеде
өте аздығын, Т.Г. Шевченко (1977), М.Ю. Лермонтов (1981), Я.Купала
(1986) өмірлеріне арналғандары сияқты саусақпен санарлықтай екен-
дігін ескерген жөн. Осындай азды-көпті жеке адамдарға арналған
энциклопедиялық тəжірибелерді пайдаланып, жетілдіре отырып
жа салған жеке тұлғаға арналған «Абай» энциклопедиясы қазіргі
заман ның жоғарғы талаптарына толық жауап бере алатын ғылыми-
көпшілік еңбекке, ұлттық ғылым-біліміміздің қоғамдық ілімдер са-
пасының жетістіктерінің биік өресін байқататын білім қазынасына
айналды.
«Абай» энциклопедияның өзіндік ерекшеліктерімен, жазылу, құ-
рылу принциптерімен таныстыратын осы басылымның бас редакто-
ры Р.Нұрғалиевтің алғысөзімен ашылған. Абайды танытуда қазақтың
екінші бір азаматы Мұхтар Əуезовтің еңбегі ерекше. Мұхаңның
«Қазақ халқының ұлы ақыны» атты көлемді мақаласы алдымен бе -
ріліп, энциклопедияға кіріспе, Абайдың творчестволық портреті қыз-
меттерін атқарып тұр. Содан кейін берілген қоғамдық ғылымдар -
дың түрлі салаларының айтулы өкілдерінің мақалаларында Абай
тұлғасының азаматтық, ақындық, ғұламалық, əлеуметтік, отбасылық
қырлары жайындағы мақалалар алфавиттік жүйемен берілген. Та-
қырыптық жағынан келгенде Абайдың шығармалары, оның басылым-
дары, олардың кейіпкерлері, Абайды зерттеушілер, ақынның өскен
ортасы, Абай жəне қазақ тілі, Абай жəне Шығыс, Батыс, шетел
əдебиеттері, ақынның дүниетанымы, Абай жəне өнер, Абай шығарма-
ларындағы географиялық атаулар, Абай сыйлығының иегерлері,
Абай атындағы елді мекендер, қысқасы, Абай есіміне қатыстылар -
дың барлығы дерлік қамтылған. Абай поэзиясының поэтикасы,
Абайдың өмірлік, діни көзқарастары, философиялық, эстетикалық,
этикалық, психологиялық, педагогикалық, экономикалық ой-пікір -
лері жайлы энциклопедияда мол мағлұматтар, тың деректер бар.
Энциклопедияны жазысуға қазақтың маңдайалды ғалымдары
түгелге жуық қатысқан. Олардың қатарында М.Əуезовтен бастап
Ə.Марғұлан, Т.Əлімқұлов, А.Нұрқатов, Ө.Жиреншин, Қ.Өмірəлиев,
З.Қабдолов, З.Ахметов, Р.Бердібаев, Т.Кəкішев, X.Сүйіншəлиев,
Ш.Сəтбаева, Қ.Мұхаметқанов, М.Мырзахметов, Р.Нұрғалиев, Ə.Дер-
бісəлиев, Ж.Ысмағұлов, Ш.Елеукенов сияқты əдебиетші-ғалымдар-
203
Тіл-ғұмыр
мен бірге С.Зиманов, Ж.Əбділдин, М.Қозыбаев, Р.Сыздықова, Л.Əуе -
зова, Қ.Нұрпейісов, Г.Ерзакович, X.Арғынбаев, Қ.Жарықбаев, М.Бу-
рабаев, М.Серғалиев, Ғ.Есімов т.б. түрлі қоғамдық ғылымдардың
өкілдерін де көреміз. Бір сөзбен айтқанда, «Абай» энциклопедиясы
бүгінгі қазақ ғалымдары бірлесіп жазған ұжымдық монографиялық
еңбек. Абай алдымен, ақын болғандықтан да энциклопедияны жазу-
да негізгі ауыртпалық филолог ғалымдарға түскен. Б.Кенжебаевтың
«Өлең құрылысы», Қ.Жұмалиевтің «Абайдың аудармалары», З.Қаб-
доловтың «Абай жолы», З.Ахметовтың «Өлең өрнектері», «Дəстүр
жəне жаңашылдық», М.Мырзахметовтың «Əуезов Мұхтар», Р.Сыз-
дықованың «Абай тілінің зерттелуі», «Поэзия тілі», сондай-ақ Мұха-
метқановтың, Е.Жанпейісовтың, Ж.Ысмағұловтың т.б. мақалаларын-
да Абайдың ақындық, шығармашылығы барынша жарқырап ашыла
түскен.
Қазіргі абайтанушылардың ішінде «Абай жəне Лермонтов» деген
тақырыпта диссертация қорғап, кітап шығарған, сондай-ақ Абайдың
өлең құрылысы, орыс, Батыс əдебиеттерімен байланыстары жайлы
ондаған зерттеулердің авторы академик З.Ахметовтың, «Абай про-
засы», «Абайдың ақындық əлемі» атты монографиялық, тілінің мор-
фологиялық ерекшеліктері, «Абай шығармаларының тілі» деген
тақырыптарда кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғаған,
«Абай шығармаларының тілі», «Абай өлеңдерінің синтаксистік құ-
рылысы», «Абайдың сөз өрнегі» атты монографиялардың авторы
Р.Сыздықованың «Абай» энциклопедиясын шығарудағы еңбектерін
ерекше атап өткен жөн. Энциклопедия сияқты аса күрделі еңбектің
жасалуына тікелей басшылық жасап, күндіз-түні басы-қасында
жүрген редакция меңгерушісі І.Рсаевтың, ұжым мүшелерінің сіңір-
ген қыруар еңбегін айтып өтуде орынды. Сондай-ақ осы энциклопе-
дияны шығарысуға атсалысқан бүкіл авторлар ұжымының жемісті
жұмыстары аталып өтуге лайықты деп білеміз.
Дайындау жұмыстары 1989 жылы басталған «Абай» энциклопе-
диясы ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі Р.Нұрғалиев басқаратын
Қазақ энциклопедиясында 7 жыл бойы əзірленді. Абайдың 150 жыл -
дық мерейтойы қарсаңында жарық көруі тиіс энциклопедияны бас-
тырып шығаруға келгенде нарық қыспағына ұшыраған баспалар
дəрменсіздік танытқанда, ұлтжанды азамат Мұхтар Құл-Мұхаммед
басқаратын «Атамұра» баспасы аз уақыт ішінде кітап етіп басты -
рып, ұлт алдында абыройлы іс атқарғандығын бүгінгі күні айрықша
атаған жөн.
«Абай» энциклопедиясы ақынның өмірі мен шығармашылық жо-
лына арналған негізгі мақалалардан соң қосымшалармен жабдық -
204
Рəбиға Сыздық
талған. Мұнда пайдаланған басқа тілдердің, ұйқас, тіл жиілігі сөз-
діктері, есім көрсеткіші берілген. Мұндай мəліметтердің берілуі, бір
жағынан, ақын поэзиясы жайлы білімімізді тереңдете түссе, екінші
жағынан келгенде, құрылымы күрделі энциклопедияны пайдалануды
жеңілдете түсуге көмектеседі.
Жалпы, энциклопедиялар шығару əрбір ұлттың, халықтың өс-
кендігінің, кемелдікке келгендігінің, өркениеттілігінің бір көрсеткіші
болып табылады. Елімізде он екі томдық, төрт томдық «Қазақ эн-
циклопедиясы», «Алматы» энциклопедиялары жарық көрді. Бұлар
кеңестік кезеңде шықты да, Мəскеудің отаршылдық, таптық саяса-
тының ықпалынан шыға алмады. Ал «Абай» энциклопедиясы Қа-
зақстанның егеменді ел болып, əлемге таныла бастаған тұста ұлттық
сипатта жазылған тұңғыш осы типтес күрделі еңбек. «Абайды оқы,
таңырқа», – деп, осы ғасырдың басында қазақтың тағы бір ұлы
ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, ендігі қазақ ұрпақта-
рының «Абай» энциклопедиясын оқып, ойшыл ақынның, Абайдай
ұл өсірген қазақ халқының ұлылығы алдында бас иетіндігіне күмəн
жоқ. Біз Абайдай ұлыларымызды ту етіп барып, əлемдік өркениет -
тен өзімізге лайықты орнымызды ала аламыз.
Сөз соңында айтарымыз, Абайдай ұлы ақынымыздың ойшыл
тұлғасын бар болмысымен ғылыми дəлдікпен жарқырата танытып
берген, терең мазмұнды, сан-сипатты, теориялық-практикалық ма -
ңызы зор «Абай» энциклопедиясы Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік сыйлығын алуға əбден лайықты. «Абайдың» мұндай
атаққа ие болуы ұлттық ғылымымыздың, мəдениетіміздің, идеоло-
гиямыздың жеткен жетістіктерін ресми түрде мойындап, оның одан
əрі дами түсуінде де кең жол ашқандық болып табылар еді.
«Ана тілі» газеті, 1996, 21 қараша.
Достарыңызбен бөлісу: |