Рəбиға Сыздық
Аталған апа, ағаларымен ілесе жас ғалым Таңатқан Рсаевтың да
Абай энциклопедиясына көп еңбек сіңіргенін аңғарасыз. Р.Нұрғалиев-
тың Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов туралы жазған кө -
лемді мақалалары да, Т.Қожакеевтің Абайдың сатиралық шығарма-
ларына жасаған талдаулары да ерекше көзге түседі. Солармен бірге
Ғ.Есімовтің Абайдың қарасөздеріне арналған сериялық мақалалары-
ның бітімі бөлек екені жəне аңғарылады.
Энциклопедияның əр бетін ақтарған сайын Абайдың даналығы-
ның сан салалы нəріне сусындап, оның өнерінің əр қырын түсінген -
дей боласың. Бір беттен бір бетке көшіп, Абай əлеміне тереңдеп
бойлай түсесіз. Оның даналық университетінен дəріс тыңдағандай
əсерленесіз.
Сондай тұшынып, тамсанып оқитын мақалалардың бір тобы Абай
əндері жайындағы, Абай өлеңдеріне əн шығарған композиторлар ту-
ралы, Абай əндерін орындаушы күміс көмей əншілерге арналған ма-
қалалар болары даусыз.
Мінеки, атақты «Айттым сəлем, Қаламқас» туралы мақала. Бұл
өлеңнің əнін де 1889 жылы Абай шығарған. Содан бері бұл əн-
өлең қазақ халқының аузында бір ғасырдан аса уақыт бойы үздіксіз
шырқалып келеді.
Абайдың «Алыстан сермеп» деп басталатын атақты əн-өлеңі
«Сегіз аяқ» туралы мақала ұлы Əуезовтің қаламынан туған. Жал-
пы көлемі 8 тармақты 25 шумақтан тұратын бұл өлеңнің мазмұны
қысқа түрде тамаша айтылған. Қазақ музыка өнеріндегі бітімі бөлек,
мүлде жаңа бұл əн ең алғаш 1920 жылы нотаға түсіріліпті. Ал атақты
А.В. Затаевичтың «Қазақ халқының 1000 əні» жинағына кірген Абай -
дың төрт əнінің бірі де осы «Сегіз аяқ» екен. «Сегіз аяқты» сазы-
на келтіріп көп əншілер шырқаған. Олардың алғашқылары Абай
аулындағы сонау Əлмағамбет, Мұқалар болса, олардан кейін Мұс-
тафа Нұрбаев, Құстай Мырзабеков, Қали Байжанов, Қуан Лекеров,
Мəкен Мұхаметжанова (Абайдың шөбересі) екен. Солардың ішінде
«Сегіз аяқтың» бағын ерекше жандырған екі əнші кеше көбіміз
көздерін көрген Жүсіпбек Елебеков пен Жəнібек Кəрменов екені
аян. Сол сияқты Абайдың «Жарқ етпес қара көңілім неғылса да» өле-
ңіне əн шығарған атақты композитор Сыдық Мұхамеджанов өнеріне
қалай сүйсінбессің. Осы ғажайып əннен басқа Абайдың жиырмадан
астам өлеңіне əн, романс, кантата шығарған бұл қадірлі компози -
торға қалай разы болмассың!
Абай энциклопедиясына термин боп кіру де, оған арнап мақала
жазу да – абырой. Сондықтан бұл мəңгілік мұраға аттары кірген де,
кірмеген де – арманда. «Кірмеген де – арманда» дейтінім – Абай негі -
зін салған жазба жаңа əдебиетті өркендетуге өмір бойы аянбай ат-
193
Тіл-ғұмыр
салысып келе жатқан, жастары сексен-тоқсанға келген кейбір ақса-
қалдардың қазақтың бұл жалғыз əдебиет энциклопедиясына кірмей
қалуы. Абайға, əдебиетке қатысы жоқ бірсыпыра академиктерге
орын тигенде, əдебиет академиктері есептелетін ат төбеліндей азғана
халық жазушыларының тегіс кірмегеніне қалай өкінбессің. Олар:
Əлжаппар Əбішев, Дихан Əбілев, Тұрсынхан Əбдірахманова, Əбу
Сəрсенбаев, Мəриям Хакімжанова екен. Жалғыз Халық қаһарманы
жазушымыз Қайсенов Қасым да жоқ. Осылар – Абайға арнап ең кемі
бір-бір өлең жазған адамдар. Сол сияқты Əлихан Бөкейхановтың
Абай қайтыс болғаннан кейін оның өмірбаянын орыс тілінде жазып,
1905 жылы «Семипалатинский листок» газетіне бастырған қазана -
ма-мақаласын архивтен алып, «Простор» журналына жариялатқан
Əди Шəріпов еді. Қазақстан Жазушылар одағы мен М.О. Əуезов
атындағы Əдебиет пен өнер институтын ұзақ жылдар басқарған ол
марқұмның аты да бір жерде аталмапты.
Мінеки, энциклопедияның ең соңғы беттеріне де жеттік. Ондағы
энциклопедияға жалғанған қосымшаларға қарап, Абайдың ана тілін
байыту үшін басқа тілдерден кіргізген сөздерінің де едəуір екенін
біліп, таңғаласыз. Жеті жүзге жуық (дұрысы 661) сөз енгізіпті. Олар:
араб, латын, шағатай, парсы, татар, орыс, ноғай тілдерінен алынған
абыз, адвокат, апат, əдеби, əз, əм, əуез, бикүнə, бихабар, бөтелке, гу-
бернатор, ғақлия, ғалам, ғанибет, ғибрат, дауа, доктор, жамарат,
жиһан, иман, кəмелет, лағнет, лəззат, лəзім, майор, мұқым, мінəжат,
намаз, нəфсі, нөл, нөмір, ояз, партш, перзент, пияншік, поднос, проше-
ние, рюмке, самородный, стақан, старшын, сұхбат, уəзір, уəкіл, хакім,
хикмет, шəрбат, ынтызар, тағы басқа сөздер екен. Абай кіргізген
бұл сөздердің де тілімізді көркейтіп, сөз қорымызды көбейтуге ой-
дағыдай көмектесіп тұрғанына дау бар ма?!
Осыдан кейін ұйқас сөздігі беріліпті. Өзінің өлмес өлеңдерінде
Абай ұйқастырған сөздерге зер салудың өзі қандай ғанибет. Əсіресе,
жас шəкірттер мен болашақта ақын болудан үміті барлар үшін тап -
тырмас тамаша тарту деп білген жөн бұл қосымшаны. Одан əрі
жалғасатын «Тіл жиілік сөздігінің» өзі бір қазына. Бұл лингвистика-
лық статистикадан ақын қолданған сөздер мен сөз формаларын жəне
олардың қайталану жиілігін көреміз. Оның ішінде сөз таптары, сөз-
дердің грамматикалық тұлғалары туралы тілдік деректер сайрап тұр.
Энциклопедияның ең соңында есім көрсеткіштері жарияланыпты.
Қай жазушы, қай ақын, қай ғалымды немесе қай композитор, əншіні,
сол сияқты Абайдың суретін салған қай суретшінің өмірбаяндарынан
деректер білгіңіз келсе, онда көрсеткішке үңіліп, оның қай бет-
те екенін табасыз. Табасыз да, тілеген адамыңызбен «тілдесесіз».
194
Рəбиға Сыздық
Мысалы, Абай өлең арнаған Күлембай деген кім екен десеңіз, оны
295-беттен білесіз. Назар немесе Разақ кім екен десеңіз, есім көрсет-
кіші сізді 423-бетке сілтейді, содан табасыз.
Ең ақырында, бас суретші М.Қисамиденовтың, кітапты безендіру-
ші И.Исабаев пен Л.Тетенконың, сол сияқты энциклопедияға түрлі-
түсті суреттер əзірлеген бір топ суретшілер мен фотографтар ең -
бегін, бұл кітапты басып шығарған «Атамұра» баспасының Бас ди-
ректоры Мұхтар Құлмұхаммед пен баспаның басқа қызметкерлері-
нің қажыр-қайратын сүйіспеншілікпен атап өту абзал. Энциклопе-
дияда Абайдың əр алуан суретшілер салған портреттері мен Абай
ұрпақтарының суреттері берілуі, Абай əндері мен күйлерінің нота -
лары қоса жариялануы, Абай атына қатысты тарихи орындардың
тамаша түрлі-түсті суреттерінің орын алуы асыл кітаптың ажарын
арттыра түскен. Жан тебірентер жақсы суреттер де оқырман көңілін
қуанышқа бөлейді.
Энциклопедияның ең соңғы бетін жауып, орнына қоюға асықпай,
шексіз ризалық, ықыласпен оның сыртын сипайсыз. Сипай баста-
ғанда əлдебір əсем əуендердің толассыз толқыны құлағымызға келіп,
құйылып тұрғандай болады. Жүрегіңізді тербеп, жаныңызды желек-
тей желбіретеді ол əуен. Бəлкім ол арғы абыз бабалар Асанқайғы мен
Қорқыттың, Бұқар жырау мен дүлдүл Дулаттың сарындары шығар.
Немесе бергі Ақан мен Біржанның, Əміре мен Манарбектің, Қанабек
пен Құрманбектің, ағайынды Абдуллиндердің əуезді əуендері болар.
Құрманғазы мен Тəттімбеттің, Дина Нұрпейісова мен Төлеген Мом-
бековтің күмбірлеген күйлері, Сəкен мен Шəкеннің, Сəбит пен
Ғабиттің, Мұхтар мен Қаныштың, Қалыбек пен Серкенің, Ахмет
Жұбанов пен Латиф Хамидидің саңғырлаған сөздері, Сара мен
Шараның, Күлəш пен Сабираның, Бибігүл мен Шолпанның жəне
өнерпаз Розалардың сахнада сыңғырлаған күміс күлкілері болар.
Əрине, ол – бүкіл қазақ ғаламының үні. Ол – Абай əлемінің əуезі.
– Абайды оқы! – деп бар қазаққа жар салғың келеді содан соң.
«Қазақ əдебиеті» газеті, 1996, 12 қараша.
Достарыңызбен бөлісу: |