232
Рəбиға Сыздық
Р.Сыздықтың іргелі ғылыми-зерттеу еңбектері тек республи-
ка көлемінде ғана емес, одан тыс елдердегі жұртшылыққа кеңінен
мəлім. Ғалымның Түркияның халықаралық «Dil kurumu» лингвис-
тикалық қоғамының корреспондент мүшелігіне ұсынылуы – осының
бір айғағы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының акаде-
мигі, профессор Р.Сыздықтың ғылыми-педагогтік қызметі, ғылымды
дамытудағы, ғылым кадрларын даярлаудағы еңбектері Үкімет та-
рапынан жоғары бағаланып, бірнеше мəрте (1961, 1973, 1982) Қазақ
ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
1971 жылы «Құрмет белгісі» орденінің иегері атанды. 1984 жылы
Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері құрметті атағы
берілді, есімі Қазақ КСР-інің құрметті «Алтын кітабына» жазылды
(1981), Шоқан Уəлиханов атындағы сыйлықтың (1995), ҚР Мемлекет-
тік сыйлықтың (1996) лауреаты атағына ие болды. 1945 жылы
«1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі еңбектегі ерлігі
үшін» меделімен марапатталды.
Əдебиет:
Əуезов М. Əдеби мұра жəне оны зерттеу. – Алматы: Ғылым, 1961. – 351-б.
Түркітану мен қазақ филологиясының дамуы:
ғылыми мұра жəне ғалым феномені. – Алматы, 2014.
Достарыңызбен бөлісу: