А. Ісімақова
М.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер
институтының бас ғылыми қызметкері,
филол.ғ.д., профессор
ТƏУЕЛСІЗ КЕЗДЕГІ АБАЙТАНУДЫҢ
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ
Рəбиға Сыздықованың «Абайдың сөз өрнегі» (1995) атты зерт-
теуінде теориялық мəселелер қамтылған. Зерттеуші «Абай тілін
танудың қырлары, сөз – өлеңнің арқауы (образдың эстетикалық өрісі
(зонасы); Етістік – көріктеу құралы), Сөз таңдау (Өлең жəне сөз;
Текст түзу; Синонимдерді таңдау; Сөз – символ); Сөз құбылту (Абай
фразеологиясы. Перифраздар. Фразеологизмдерді өзгертіп қолдану);
Сөз үндестіру (Дыбыстар гармониясы; Аллитерация мен ассонанс;
Анафора мен эпифора; Түбірлес сөздер; ішкі ұйқастар); «Қарасөз-
дердің» тілі қалай өрілген? Абай тілінің тағылымы» атты тарау -
ларда əдеби теориялық негіздер айқындалған. А.Байтұрсынұлы,
Қ.Жұмалиев, З.Қабдоловтардың абайтанулық зерттеулерін негізге
алған Р.Сыздықова батырлар жырларынан бастау алатын Абайға
дейінгі сөз өнерін де салыстыру үшін пайдаланған. Абай өлеңдері мен
қарасөзіндегі сөздер тұңғыш рет əдеби-лингвистикалық теориялық
236
Рəбиға Сыздық
талдауға арқау болған. Зерттеушінің келесі тұжырымдарының тео-
риялық мəні ерекше болып табылады. «Абай мұрасы қолжазба
түрінде таралып, сақталған кезде 38-сөз «Ғақлийат тасдиқат» деген
атпен өзге «Сөздерден» бөлек көшіріліп келген. Мұның бір сыры
болу керек. Бұл – Абай «Қарасөздерінің» ішіндегі көлемі жағынан
ең үлкені, тақырыбы мен адресаттары (оқушылары) жағынан да
өзге туындыларынан бөлектеу тұрғаны. Сірə, бұл шығармасын Абай
қазақ балаларының мұсылманша сауатын ашатын орындарда (мол-
даларда, мектеп, медреселерде) ислам діні негіздерін дұрыс түсініп,
білулеріне көмектесетін құрал ретінде ұсынғысы келген болар деген
ой келеді. Уəсила Абайқызының жоғарыда келтірген естелігі де, осы
шығарманың мазмұны мен стилі де, бөлек көшірілуі де бізді осын-
дай болжамға итермелейді. Мұнда автор дін тақырыптарына қатысты
өзінің түсінік-танымдары жəне жалпы мораль жайындағы ой-толғам-
дарын сөз етеді, иманды уағыздайтын, бірақ оны теріс түсіндіретін
дін адамдарын сынай отырып, хүкім шариғатын түсіндіреді. Демек,
Абайдың бұл шығармасын теологиялық əдебиеттің қазақ тіліндегі
алғашқы үлгілерінің бірі деуге болады. Теология Құдай туралы ілім
болса, бұл ілімді сөз ететін əдебиет түрлерін белгілі бір дінді ұстаған
халықтардың өз ана тілдерінде жасап алу қажеттігі əрдайым сезіліп
отырған, өйткені ұстанып отырған діннің канондарын (заң ретінде
ұсынылған ереже-қағидаларын) жақсы білген күнде ғана рухани
өмірінің қажеттігін өтейтін құрал етіп пайдалануға болатыны бел -
гілі. Осы себептен XIX ғасырдың II жартысынан бастап таза қазақ
тілінде ислам діні қағидаларын уағыздайтын, ол үшін сол ережелерді
азды-көпті түсіндіретін əдебиет үлгілерін жасау əрекеті пайда
болды. Бұл қажеттікті өмірдің өзі ұсынды.
Ыбырай Алтынсарин 1884 жылы Қазанда шыққан «Шари‘ат
ул-ислам» атты шағын еңбегін жазуда өзі аштырған азаматтық мек-
тептерде міндетті түрде өтілетін дін сабағында оқушыларға (қазақ
балаларына) ислам дінінің негізгі заңдарын ана тілдерінде түсіндіру
мақсатын көздеген. Ыбырайдың өз сөзімен айтқанда, «кəлəм шари’ат
һəм үлкен ғылым кітаптар ғараб тілінде жазылулы» болғандықтан,
оны көп «қара халық» түсінбейтіндіктен, бірақ «ғарабтан басқа
тілмен намаз оқығандардың иман болуы да дұрыс» болғандықтан,
«Шари’ат ул-исламды» жазғанын білеміз. Зерттеушілердің талда -
уына қарағанда, Ыбырай Алтынсарин осы кітапшасы арқылы қазақ
тілінде теология саласында жазуға болатындығын танытқан, яғни
«Шари ‘ат ул-исламның» арқауы – қазақ тілі, қазақ лексикасы мен
грамматикасы екенін көрсетеді.
Ал Абайдың 38-сөзін жазудағы мақсаты мұндай нақты практика-
лық, болу-болмауы жөнінде өз пікірімізді жоғарыда айттық. Де-
237
Достарыңызбен бөлісу: |