Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет107/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   170
Ф. Оразбаева
педагогика ғылымдарының докторы, 
профессор 
СӨЗ СЫНЫ МЕН СЫМБАТЫ
Сөз – ойдың  көркi.  Əдiбi  жарасып,  əдемi  өрiлген,  құнды  ойға  құ-
рылған сөздi тыңдарманның қашанда тез қабылдап, тез бағалайтыны 
да  сондықтан.  Ойдың  қанаттануы,  ұшқырлануы,  адам  санасына  əсер 
етер, жас ұрпақты толғандырар қасиеттерге ие болуы да сөз төркiнiн-
де  жасырынған  нұры  мен  шуағы,  сыры  мен  қуаты  мол  ғажайып 
ерекшелiктерге тiкелей байланысты.
Сөздiң  сыртқы  формасы  дыбыстар  үндестiгi  мен  дыбыстық  ас-
социацияға  қатысты  болса, iшкi  сұлулығы  оның  мағыналық-мазмұн-
дық  сырынан  көрiнедi.  Сөз  мағынасы  сол  тiлдiң  мазмұнға  бай, 
əсерге толы сұлу сипатынан аңғарылады. Сөз құдiретi мен сөз қуаты, 
сыны – көркемсөз  өнерiнiң  айбынын  асырып,  айдынын  кеңейтер 


233
Тіл-ғұмыр
бiрден-бiр  белгiлер.  Ондаған  ғасырлық  тарихы  бар  қазақ  əдебиетi -
нiң арғы-бергi дəуiрлердегi iнжу-маржандары – осының айғағы.
Қазақ  көркемсөзiнiң  сыр-сипатын,  таңғажайып  табиғатын,  өзге 
тiлдерге  ұқсамайтын  өзгешелiктерiн  тiл  ғылымының  əр  саладағы 
объектiсiне  айналдыра  отырып,  сөз  өнерiнiң  ұлы  мəртебесiне  қыз -
мет  етер  тiл  бiлiмiнiң  өрiсiн  кеңейтiп  келе  жатқан  ғалымымыз – 
Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  ғылым  академиясының  акаде-
мигi,  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор  Рəбиға  Ғали-
қызы Сыздықова. 
Ақиқат  жолы  қашанда  талмас  еңбек  пен  табандылықты  қажет 
етедi.  Ана  тiлiн  ардақтау  мен  оның  ертеден  келе  жатқан  тарихын 
бағалау  мен  зерттеу  жолында  Рəбиға  Сыздықованың  көтерiп  келе 
жатқан жүгi ерекше екенiн бүкiл қазақ елi бiледi.
Қазақ  көркемсөзiнiң  арғы-бергi  дəуiрлерi  мен  ғасырларынан 
бiзге  мұра  болып  жеткен  теңеулердi,  бейнелеу  үлгiлерiн,  бiр  сөзбен 
айтқанда,  ұлтымыздың  ұлы  қазынасына  айналып  отырған  бүгiнгi 
ұлттық  тiлiмiздiң  табиғатын  таратып  зерттеу  барысында  ғалым-тiл-
шiнiң сөз төркiнiне үңiле отырып, қазiргi қазақ сөз өнерiнiң сыны мен 
сымбатын,  сыры  мен  сипатын,  мəнi  мен  мазмұнын,  ойы  мен  өрiсiн 
болашақ  ұрпаққа  зерделеп  үйретуде,  тiл  бiлiмi  мен  əдебиет  əлемiн 
қатар зерттеп-тануда алатын орны ерекше. 
Қазақ халқы – қашаннан сөзге ерекше мəн берген, сөзге тоқтаған, 
сөздi  аялаған  халық.  Оны  көпшiлiк  қауым  жақсы  бiледi.  Ғалым 
өзiнiң  туған  халқының  осы  бiр  мiнезiн  өз  бойына  сiңiре  отырып,  та-
мыры тереңде, ғасырлар қойнауында жатқан қазақ тiлiнiң өрнегi мен 
өрiсiн,  атадан  əкеге,  əкеден  балаға  мұра  болып  қалуға  тиiс  сапалық 
қасиеттерiн  жан-жақты  зерттеумен  қатар,  жаңа  ғылыми  бағытта  зер-
делеуге мүмкiндiк бередi. 
Сөздiң  сыны  мен  сымбатын  тануға  үйрететiн  ғалымның  əр  дəуiр, 
əр  кезеңдi  қамтыған  еңбектерiнен  қазақ  сөзiн  кие  тұтар  əр  ұрпақ, 
əр  буын  өзiне  қажет  бiлiм  мен  бiлiктi  алатыны  шүбəсiз.  Шұрайлы, 
бейнелi,  бедерлi  тiлдiң  жаратылысын  ғалым  бай  ауыз  əдебиетiнiң 
сандаған  үлгiлерiнен,  қазақ  сөз  өнерiнiң  көркiн  асырып,  келбетiн 
қалыптастырған ұлы тұлғаларымыздың шығармаларынан iздейдi.
Бұл  орайда,  тiл  ұшына  оралар  тұңғыш  еңбек – «Абайдың  сөз 
өрнегi». Рəбиға Ғалиқызының өз сөзiмен айтқанда: «Абай тiлiн зерт-
теу – бүгiнде  қазақ  филологиясы  ғылымының  ауқымды  саласы  бо-
лып  қалыптасып  отырған  абайтанудың  өз  алдына  маңызы  зор  бiр 
тармағы».  Осынау  айтулы  проблема  кеңiстiгiнен  «Абайдың  сөз 
өрнегi» – ерекше  зерделеп-тануды  қажет  ететiн  iргелi  еңбек,  бағалы 
зерттеу.  Р.Сыздықованың  Абай  тiлiн  зерттеу  əлемi  бiздi  ақын  ше-


234
Рəбиға Сыздық
берлiгiнiң  қилы-қилы  қырлары  мен  алуан  түрлi  сырларын  танумен 
қатар,  сөздiң  мəнi  мен  сəнiн  тұтас  тiлдiк  белгiлерден,  тiлдiк  бiрлiк-
терден iздеуге үйретедi. 
Р.Сыздықова  ұлы  Абайдың  жазба  əдеби  тiлдiң  негiзiн  салудағы 
орнын  анықтау  барысында  Абай  өмiр  сүрген  дəуiр  мен  орта,  сол 
дəуiрдегi  əдеби  тiл  мен  кiтаби  тiлдi  талдай  отырып,  ұлт  əдеби  тiлi 
тарихында  шоқтығы  биiк  Абай  тiлiнiң  шынайы  тазалығын,  қазақи 
əуезiн, арғы-бергi замандарда жасаған ақындармен сабақтастыра тек-
середi.  Ғалым  қазiргi  ұлттық  əдеби  тiлiмiздiң  жан-жақты  өркендеп, 
қанат  жайған  тұсында  Абай  тiлiнiң  бай  мұрасын  сөздiк  қорымызға 
сiңiре  келе,  мағынасы  терең,  ойы  салмақты  ақын  сөзiмен,  кемеңгер 
ойшылдың  қуатты  көркемдiк  əлемiмен  айыз  қана  сусындап,  тiлдiң 
қыры мен сырын жан-жақты тануға жол ашады. 
Əдеби  тiлдiң  өткенi,  бүгiнi  мен  ертеңi – қазақ  тiлiнiң  болашағы, 
қазақ  елiнiң  мəдениетiнiң  қайнар  көзi,  негiзгi  өзегi.  Р.Сыздықова 
Абай  өмiр  сүрген  дəуiрдегi  жазба  əдеби  тiл  мен  қазiргi  əдеби  тiлдiң 
арасындағы  сабақтастықты  Абай  шығармалары  арқылы  дəлелдей 
келiп,  қазақ  əдеби  тiлiнiң  тарихын  зерделеуге  үйретедi.  Кейбiр  зерт-
теушiлер  қазақ  халқында  жазу-сызу  болған  жоқ,  сауаттылық  төмен 
деген  пiкiрдi  желеу  етiп,  ұлттық  даму  деңгейiн  төмендеткiсi  кел -
генде, ғалым тарапынан ұсынылған «жазба тiлдiң қалыптасуына, пай-
да  болуына  дейiн  де  қазақ  ақын-жыраулары  əдеби  тiлдi  жете  бiлген, 
олардың  шығармалары  əдеби  тiлдiң  жоғары  үлгiсi  болған»  деген 
батыл  пiкiр  қазақ  əдеби  тiлiнiң  мəртебесiн  бекiту  ғана  емес,  ұлттық 
рухани тегiн, рухани түпқазығын ғылыми тұрғыдан дəлелдеу. 
Ғалымның  қазақ  əдеби  тiлi  мен  стилистика  мəселелерiне  арнал-
ған  зерттеулерi  қазiргi  қазақ  тiл  бiлiмiнде  жаңа  ғылыми  салалардың 
қалыптасып,  дамуына  ұласты.  Р.Сыздықова  қазақ  тiл  бiлiмiнде  кең 
қанат жая бастаған лингвостилистика, лингвопоэтика iлiмдерiнiң не-
гiзiн қалауға көп күш-жiгер жұмсап келедi.
Сондай-ақ  Р.Сыздықова  Қадырғали  Жалаиридiң  «Жамиʻат-тауа-
рих»  тiлiн  зерттеу  арқылы  қазақ  халқының  жəне  жалпы  түркi  əлемi -
нiң  рухани  мұрасын  байытты. «Жами-ат  тауарих»  тiлiндегi  сөз  сап-
таудың  түптамыры  қазiргi  қазақ  тiлiмен  сəйкес  түсiп  жататынын 
тiлдiк  деректермен  айғақтады.  Ғалымның  бұл  еңбегi  халық  руха-
ниятының  қайнар  бұлағын  көрсеткен  аса  құнды  ғылыми  зерттеу 
екенiнде дау жоқ.
Р.Сыздықова Қадырғали Қосымұлы Жалаири, Қожа Ахмет Ясауи, 
Құдайберген  Жұбанов,  Ахмет  Байтұрсынов,  Халел  Досмұхамедов 
сынды  ұлттың  рухын  биiктетiп,  халықтың  келбетiн  көркейткен 
ұлылардың  өмiрi  мен  еңбектерiн  зерттеп,  халық  игiлiгiне  ұсыну 
арқылы құндылықтарымыздың сапасын арттыруда. 


235
Тіл-ғұмыр
Қазақ  халқының  көркемдiк  танымы  мен  көзқарасы  көне  дəуiрден 
ортағасырға,  одан  ХХ–ХХI  ғасырларға  жеткен  ұлттық  сөз  өрнегi -
мiзден  анық  көрiнiп  тұрады.  Қазақ  даласындағы  шешендiк  мектеп-
тердiң  үлгiлерi  мен  ақын-жыраулардың  шығармалары  сөз  өнерiнiң 
қазақ жерiнде айрықша дамығанын, халықтың өмiр-салты мен мiнез-
құлқының  тiл  ұғымдарымен  бiрiгiп,  бiте  қайнасып  кеткенiн  көрсе -
тедi. 
Сөздi  қастерлеу  мен  қадiрлеудiң  айрықша  белгiсi – сөз  астарына 
көп мағына беру, сұлу да шешен сөйлеу. Р.Сыздықова зерттеулерiмен 
таныс  əрбiр  зерделi  жан  ғалым  еңбектерiнен  ана  тiлiне,  қазақ  сөзiне 
деген  ғажайып  махаббатты,  сүйiспеншiлiктi,  ерекше  құрметтi  сезедi. 
Тiптен  ғалым  еңбектерiнiң  өзi «Сөздер  сөйлейдi», «Сөз  сазы», 
«Абайдың  сөз  өрнегi», «Сөз  құдiретi»  деп  аталуы  тiлшiнiң  өзiндiк 
ерекшелiгiн көрсетедi.
Академик Рəбиға Сыздық жəне қазақ тіл білімі мəселелері // 
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – 
Алматы: Арыс, 2004. – 12-13-бб.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет