Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет109/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   170
Тіл-ғұмыр
генмен  қайткен  күнде  де  «жүрегінің  қуаты – перзенттеріне  адам 
ұғлының  мінездері  туралы»  ойларын  жазуды  көздеп,  ол  əңгіменің 
негізіне  «Алла  тағаланы  танымақты»  алады,  өйткені  «Алланы  та-
нымақтық – дүниені  тану,  адам  өзін  тану,  адамшылықты  жетілдіру, 
Алланың  бір  сипаты – ғылым-білімді  тану»  деп  бастаған  автор  əрі 
қарай  «иманның  хақиқатын»  сөз  етеді,  Алла  тағаланың  сегіз  сипа -
тын атайды, ол сипаттарды айырып білу керек дейді, сол сегіз сипат-
тың  екеуі – ғылым  мен  құдіретті  түсіндіреді,  оларды  кеңінен  сөз 
етеді.  Одан  əрі  қарай  ислам  дінінің  дұрыс  түсіндірілуге  тиісті  ка-
нондарын  «бұл  заманның  молдалары  мен  ишандары  өздері  дұрыс 
түсінбейтінін,  өзгелерге  дұрыс  түсіндірмейтінін  айтып,  сондықтан 
олар  «хаким  атына  дұспан»  дей  келіп, «Құдай  тағаланың  ниһаят -
сыз  (шексіз,  өлшеусіз)  жолында  жүруді  өзіне  шарт  қылған  адам -
ның  қандай  қылғанда  «таза  мұсылман,  толық  адам»  болатынын 
айтады» [179-180-бб.].
  «Ең  алдымен,  Ыбырай  мен  Абай  қазақ  тілінде  теологиялық  əде-
биетті дүниеге келтірудің бастамасын көрсетті, ислам діні негіздерін, 
мазмұнын,  қағидаларын  қазақша  айтуға,  түсіндіруге  əбден  болаты -
нын  танытты.  Міне, 38-сөз  деп  аталған  орны  ерекше  шығарманың 
стильдік, тілдік сыр-сипаты осындай...
Əр  шығарманың  тақырыбы  мен  жанрына  қарай  сөз  саптауы 
(стилі)  бір-бірінен  өзгеше  болып  келуге  тиісті  екендігін  Абай  бұл 
жерде  де  тап  басқан.  Сірə,  ол  Пушкиннің  проза  тіліне  көзқарасы 
туралы  айтқандарын  оқыды  ма,  жоқ  па («У  нас  употребляют  прозу 
как  стихотворство...  для  приятного  проявления  форм...  Проза  не 
может  довольствоваться  блестящими  играми  воображения  и  гармо-
нии...  Слово  «прозаический»  должно  совмещать  понятия  «спокой -
ный,  умный,  рассудительный»  дегендерін),  бірақ  ол  да,  Пушкин 
сияқты,  өлең  сөз  бен  қарасөздің  тілдік-көркемдік  тұрғыдан  айыр -
масы  болатынын  принцип  етіп  ұстаған.  Əсіресе  теологиялық  трак-
таттар  мен  тарихи  очерк  сияқты  «метафизикалық»  шығармалардың 
тілін  «өлеңдетпей» (поэтизацияламай),  айшықты  сөздермен  ажарла -
май,  əр  сөзге  нақты  мағына  беріп,  анық,  айқын  етіп  жазуды  Абай 
да  жақсы  сезгенін  оның  біз  талдаған  соңғы  екі  шығармасы  дəлел 
бола  алады.  Бұл  тұста  Абайдың  тілдің  функционалдық  стильдерін, 
яғни  əдебиеттің  əрбір  жанрына  лайық  қолданылу  мəнерін  аңғарған 
шеберлігін танимыз.
Шеберлік,  көркемдік  сияқты,  Абайдың  тіліндегі  кестенің  бізі, 
өткірдің  жүзімен  салынған  сөз  өрнектерінің  бір  нақышы.  Міне,  поэ-
зиясы  мен  прозасында  осындай  шеберлік  пен  көркемдік  көрсеткен 
ұлы  Абайдың  поэтикалық  сөз  кестесі,  толғауы  тоқсан  қызыл  тілінің 
өрнегі осындай» [183-184-бб.].


238
Рəбиға Сыздық
«Абай  тілінің  тағылымы»  атты  соңғы  тарауда  ғалым  Абай  стилі 
мен  Шəкəрімдікін  салыстыра  талдаған.  Зерттеуші  келесі  теориялық 
тұжырым жасаған. «Абайды ұлы деп танытып отырған белгі – оның 
поэтикалық  дəстүрінің,  рухани  қазынасының,  көркем  тілінің  жал-
ғастық  тапқандығынан,  өзінен  кейінгілерге  үлгі-эталон  болғанды-
ғынан  көрінеді.  Бұл  жайында  жиі  айтылып,  көп  жазылып  келеді. 
Дегенмен  бұл  концепцияны  жоғарғы  талдауларымыз  бен  түйіндері -
мізге  жанастыра  дəлелдей  түспекпіз.  Осы  мақсатпен  ұлы  Абайдың 
ізбасары Шəкəрім Құдайбердіұлының тіл өрнегіне үңілсек.
Шəкəрім – Абайдың азаматтық ар-ұжданы мен ақындық талантын 
тамаша  танып,  өте  жоғары  бағалаған,  бағалай  отырып  үлгі  тұтқан 
адам. Ол өлеңдерінде Абай есімін бір емес, бірнеше рет атайды. «Жас-
тарға» деген өлеңінде Абайды ұстаз тұтуға жастарды шақырады. Ол 
«мыңмен  жалғыз  алысқан», «өзі  ермей,  ерік  бермей  қор  еткен  жұр -
тын»  айтқан, «сөзді  ұғарлық  бозбаланы  көре  алмай,  үзілмес  үмітпе -
нен бос қуарған» Абайды да жақсы таниды...
Абайды Шəкəрім барлық тұрғыдан ұстаз тұтады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет