Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет153/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   170
Рəбиға Сыздық
дұрыс  танып,  дəл  тауып  қолдану  жатады» [4, 23], – деп  атап  көр-
сетті. Адамның «психологиялық күйі» мен «ішкі, сыртқы портретін» 
Абайдың  шебер  өрілген  сөз  оралымдары  арқылы  дəйектеген  автор 
тілдік  бірліктердің  барша  функционалды-прагматикалық  мүмкіндік-
терін  лингвистикалық  талдауларына  арқау  етті.  Тілдің  «психология-
лық күйді білдіру» қызметін «нақты сурет беретін сөздермен» [3, 71] 
байланыстыра анықтау арқылы ғалым «жалпы толғаныс» пен «нақты 
картина»  заңдылықтарының  үйлесу  шарттарын  асқан  шеберлікпен 
тоғыстырды.  Авторлық  тұжырымдарға  сəйкес,  шынайы  болмыс  пен 
халықтық  дəстүр  сабақтастығынан  нəр  ала  қалыптасатын  жеке  тұл-
ғалардың  ішкі  сезімі,  дүниедегі  құбылыстарды  тану  əрекеті  күрделі 
байланыстың психологиялық негізі ретінде айқындалады. 
«Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз – зейін тілі» [6, 210] – делінген-
дей,  адам  образының  психотанымдық  келбетін  сипаттар  ақындық 
шеберліктің тағы бір үлгісі ретінде Р.Сыздық қыз бен жігіт сөздерін 
зерделеді.  Халықтық  дəстүр,  тəлім-тəрбие,  тағылым,  ұлттық  болмыс 
негіздерін  жастардың  мінез-құлқынан,  бір-бірімен  қарым-қатынас 
жасау  өзгешеліктерінен  өрбіткен  Абай  сөздерін  ғалым  тілтанымдық 
талдаудың  өзегіне  айналдырды. «Абай  өлеңдерінің  ішінде  жанры 
жағынан  аса  бір  қызық  шығармалары  «Жігіт  сөзі»  мен  «Қыз  сөзі». 
Екі  өлең  де  жастардың  бір-біріне  жазысқан  хаттары  деп  ұсынылған: 
жігіт сəл еркіндеу, қызға сен деп қарата сөйлейді, тілі де ауыл мырза-
сының өзімсінген стилін (мəнерін) танытады, ал қыз болса, тəрбиелі, 
ибалы,  сөзін  сіз  деп  бастайды,  бірақ  ол  да  еркін  өскен  құрбысына 
наз  арта  алатын  сауатты  қыз...» [3, 75] – деген  үзіндіде  терең  этно-
психологиялық,  ұлттық-мəдени  танымның  элементтері  көрініс 
тапқан. Қазақ даласына тəн еркіндікпен қатар, қыз-жігіттердің бойын-
да қалыптасатын этика, эстетика нормаларын елдік құндылықтармен, 
қазақи  болмыс-бітіммен  ерекше  ұйқастырған  Абай  шығармаларын 
тілші  қайталанбас  этнотанымдық  психологияның  пайымды  нысаны 
ретінде  таныта  білді. «Модальдық  реңк»,  коннотациялық  сипат 
мəселелерін  де  ғалым  тілдік  бірліктер  табиғаты  немесе  олардың 
өзара  байланысу  амалдары  негізінде  түсіндірді,  сөйтіп, «шылау, 
одағай,  көмекші  есім,  көмекші  етістік,  етістіктің  рай  тұлғалары,  сын 
есімнің  шырай  тұлғалары,  дауыс  əуені  (интонация)  сияқты  лексика-
грамматикалық  құралдарды» [3, 77] адам  болмысын  айқындар  амал-
тəсілдер  тұрғысынан  жоғары  бағалады.  Р.Сыздық  зерттеулеріндегі 
тілтанымның  психологиялық  ерекшеліктері,  ең  алдымен,  адам  ойы -
ның  субъективті  өзгешелігін  сипаттайтын  объективті  болмыс  заңды-
лықтарын  уəждеп  талдауға  бағытталған.  Ғалым  тіл  мен  ой  ұғымда-
рының  үйлескен  бірлігін  адамзат  атаулының  болмыс  табиғатынан, 


311
Тіл-ғұмыр
өсіп-өнген  ортасынан,  əлеуметтік  шығу  тегінен  іздеді,  сондықтан: 
«Суреткер тілін танудың біз бармаған қырлары əлі де аз емес екенін 
айтамыз,  ол  қырлар  (зерттеу  аспектілері)  жеке  танымдық  ізденістер -
мен қатар, көркем тілдің жалпы теориялық мəселелеріне де қатысты 
болатынын  жəне  айтамыз.  Бұл – алдағы  шаруалар...» [3, 6], – деп 
есептеді.
Қазақ  əдеби  тілінің  қалыптасу  дəуірлерін  сипаттау  кезінде  де, 
ұлттық  жазба  тілінің  қалыптасуы  туралы  мəліметтерді  жинақтау 
барысында  да  Р.Сыздық  осы  аталған  принциптердің  екеуін  де  бас-
шылыққа  алды. «Халықтың  əдеби  тілінің  қалыптасып,  дамуы  сол 
халықтың  əлеуметтік  тарихымен  тығыз  байланысты.  Қауымның  ру-
тайпалық  дəуірін  былай  қойғанда,  бірнеше  саяси-территориялық 
бөліктерге  бөлініп,  бытырап  келген  феодалдық  дəуіріндегі  əдеби 
тілі  мен  ұлт  болып  құралған  кезегіндегі  əдеби  тіл  бірдей  болмақ 
емес.  Əсіресе  айырмашылық  тілдің  əлеуметтік  қызметімен  стильдік 
тармақталуы  жағынан  көзге  түседі» [7; 7-8], – деген  тұжырымға 
сəйкес,  əдеби  тілді  «қоғам  мүшелерінің  басын  қосушы» «əлеуметтік 
күш»  ретінде  бағалай  отырып,  оның  нормативті-стильдік  белгілерін 
интралингвистикалық  өзгешеліктермен  қатар,  экстралингвистикалық 
себептермен  түсіндірді.  Ғалым  қазақ  əдеби  тілінің  даму  тарихын-
да  халықтың  этникалық  қалыптасуымен,  оның  қоғамдық-əлеуметтік 
жағдайымен  байланыстыра  дəуірледі.  Бірінші  кезеңді  автор: «Қазақ 
халқының  ұлттық  кезеңге  дейінгі  əдеби  тілі…  Бұл  қазақтың  ауыз -
шада,  жазбашада  əдеби  тілдерінің  қалыптасуымен  əрі  қарай  даму 
процесінің  алғашқы  тұсы.  Бұл  кезеңдегі  əдеби,  əсіресе  ауызша 
дамыған  əдеби  дəстүр  қазақ  халқымен  қазақ  хандығының  құралу 
процесіне  үлес  қосқан  үлкен  əлеуметтік  күш  болды» [7, 21], – деп 
сипаттаса, екінші кезеңнің негізгі көрсеткіші ретінде ол қазақ халқы-
ның  ұлт  ретінде  қалыптасқандығын  атады.  Дəуірлеу  табиғатының 
«əдеби  тілдің  даму  сатыларына»  емес, «қоғам  өмірінің  əлеуметтік 
хал-ахуалына  қарап  бөлшектеу» [7, 22] негізінде  жүзеге  асатын -
дығын  дəлелдеумен  қатар,  Р.Сыздық  тілдің  мақсатты  сипаттарын 
сол  тілде  сөйлеушілердің  кəсіптік  шаруашылығы,  əлеуметтік  шығу 
тегі,  мəдени  өркениеті,  психологиялық  танымы  тұрғысынан  анық -
тады. Соның ішінде сөзді «тіл ғимаратын қалайтын кірпіш» [4, 10], – 
деп  бағалаған  ғалым  оның  бар  мүмкіндігін  көркем  əдебиет  тілін 
зерттеу арқылы көрсетуге болады деген қорытындыға келді. 
Көркем  шығарма  тіліне  əдеби  тіл  нормасын  сұрыптап  тұрақ-
тандыратын  құрал,  сөз  мəдениетін  көтеретін  күш  ретінде  мəн  бер-
ген  ғалым  оның  реалистік  бастамасы,  танымдық  шыншылдығы 
қаламгердің  қоғамдық  факторды  шебер  бейнелей  алуында  жатыр 


312


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет