лингвистикалық қоғамының корреспондент мүшесі, Қазақстан
Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Шоқан Уəлиханов
атындағы сыйлықтың иегері.
Сыздық (Құтқожина) Рəбиға Ғалиқызы (əкесінің толық аты –
Сəтіғали) 1924 жылдың 17 тамызында Ақтөбе облысының Ойыл
қалашығында қызметкер отбасында дүниеге келді.
Рəбиға Сəтіғалиқызы еңбек жолындағы алғашқы қадамын 1940 жы -
лы Ақтөбе облысының Алға стансысындағы бастауыш мектепте
ұстаздық етуден бастады. 1942–1945 жылдары Темір қаласындағы
орта мектепте мұғалім, педучилищеде оқытушы болды. Абай
атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген соң (1945–1947), осы
институттың аспирантурасында оқыды (1947–1951). 1951–1957 жыл-
дары Қазақтың оқу-педагогика баспасында (кейінгі «Рауан» баспа -
сы) редактор, редакция меңгерушісі болып қызмет етті. Р.Сыздық
1957 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясын -
да əуелі кіші ғылыми қызметкер (1957–1961), кейін аға ғылыми
қызметкер (1967–1980), бөлім меңгерушісі (1961–1967; 1980–1994)
болып жемісті қызмет етті. Қазір осы институттың бас ғылыми
қызметкері.
Р.Сыздық 1959 жылы «Абай қара сөздерінің негізгі морфология-
лық ерекшеліктері» деген тақырыпта кандидаттық, 1971 жылы
«Абай шығармаларының тілі» деген тақырыпта докторлық диссер-
тация қорғады. 1979 жылы ғалым Қазақ ССР Ғылым академиясы -
ның кор респондент мүшесі болып сайланды.
Профессор Р.Сыздықтың жан-жақты жəне ауқымы мол ғылыми-
зерттеу еңбектерінің негізгі арқауы – қазақ тілінің, түркітану ғылы-
мының өзекті мəселелері. Əсіресе солардың ішінде ғалымның ұзақ
жылдар бойы үзбей қалам тартып, жете зерттеген саласы – қазақ
əдеби тілі тарихының мəселелері. Əрине, əдеби тілді, оның тарихын
зерттеуде бұл нысанды түрлі қырынан қарастыруға болады. Қазақ тіл
7
Тіл-ғұмыр
білімінде əдеби тілдің тарихы жекелеген əдеби үлгілерді зерттеуден,
олардың лексика-грамматикалық ерекшеліктерін ашудан басталған.
Бұл, бір жағынан, сол үлгіні жасаушы қаламгердің тілін зерттеу
болса, екінші жағынан, қаламгер өмір сүрген сол кезеңдегі, дəуірдегі
əдеби тілдің өзін де зерттеу болып саналады.
Міне, сондықтан проф. Р.Сыздықтың «Абай шығармаларының
тілі» (1968) деген көлемді ғылыми монографиясы – ұлы ақынның
тілін лингвистикалық тұрғыдан қарастырған еңбек қана емес, сол
кезеңдегі, синхрондық бөліктегі əдеби тілдің негізгі ерекшеліктері
мен басты сипаттарын айқындаған іргелі зерттеу. Осы еңбегі үшін
ғалымға ҚР Ғылым академиясының Шоқан Уəлиханов атындағы
сыйлығы берілді (1995).
Қазақ əдеби тілін қалыптастырып, дамытудағы ұлы ақынның
үлесі мен орнын айқындай отырып, лексика-морфологиялық ерекше-
лігін жан-жақты терең зерлей келе зерттеуші XIX ғасырдың екінші
жартысындағы қазақ əдеби тілінің жай-күйін ашады. Оны ақын шы-
ғармаларының тілімен сабақтастыра, байланыстыра отырып, сурет-
кер қолданған қазақтың төл сөздері мен түрлі лексика-грамматика-
лық қаттау-қабаттарды талдайды. Ұлы ақынның тыңнан қосқан,
ескіні жандандырған қолданыстарын, олардың жұмсалу себептері мен
дəлелдерін көрсетеді. «Абай – қазақтың қазіргі ұлттық жазба əдеби
тілінің негізін қалаушы» деген тұжырым қазақ филологиясында
бұрыннан да бар болатын. Бұл пікірді Р.Сыздық та қостайды. Бұл
тұжырымды ғалым Абай шығармаларының тілін тұтас, жан-жақты
зерттей отырып дəлелдейді.
Поэзия синтаксисіне Абай енгізген өзгешеліктер мен жаңалық -
тарды ашқан, оған нақты талдаулар жасаған ғалымның «Абай
өлеңдерінің синтаксисі» (1970) деп аталатын монографиясы қазақ
тіл білімінде өлең синтаксисін алғаш зерттеген, оның құрылым-құ-
рылыстарына тəн негізгі белгілерді көрсеткен бірден-бір əрі бірегей
еңбек болды.
Абай тілін жүйелі түрде зерттеудегі ғалымның «Абайдың сөз
өрнегі» атты үшінші кітабында ұлы ақынның поэтикалық тілі, көр-
кемдік сипаты, көріктеу құралдарының тілдік механизмі сөз болып,
Абайдың тіл көркемдігін танытудың кілті бұрын-соңды айтылып
келген пікірлер мен еңбектерден басқаша бұраумен ашылады, қазақ
тілінің поэтикасы жөнінде соны талдаулар мен жаңа ой-тұжырымдар
айтылады. Аталмыш еңбек 1995 жылы ұлы ақынның 150 жылдық ме-
рейтойына орай жарық көрді. Сондай-ақ «Абай энциклопедиясында»
ұлы ақынның тілі мен стиліне қатысты көлемді ғылыми-теориялық
мақалалар топтамасын берді. Абай тілін жан-жақты зерттеген осы
|