Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет4/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   170
Рəбиға Сыздық
еңбектері  үшін  ғалым  ҚР  Мемлекеттік  сыйлығының  иегері  болды 
(1996). 
Р.Сыздық  қазақ  əдеби  тілінің  тарихын  жеке  үлгілер  арқылы  ғана 
емес,  біртұтас  түрде  зерттеуді  сонау 60-ыншы  жылдардың  өзінде 
қолға алған болатын. Осының нəтижесінде проф. М.Балақаев, Е.Жан-
пейісовпен  бірлесіп  жазған  «Қазақ  əдеби  тілінің  тарихы» (1968) жа -
рық  көрді.  Осы  аталған  оқу  құралының «XVIII–XIX ғасырлардағы 
қазақ  əдеби  тілі»  деген  сүбелі  тарауы  проф.  Р.Сыздықтың  қаламы -
нан шықты. Дегенмен алпысыншы жылдары қазақ əдеби тілінің тари-
хын қай кезден бастау қажет, оның алғашқы өкілдері кімдер, үлгілері 
қандай, қандай дəуірлер мен кезеңдерге бөлінеді деген т. б. аса өзек-
ті  мəселелерді  былай  қойғанда,  тіпті  əдеби  тілдің  статусы  толық 
анықталмаған еді. Сол кездегі дəстүрлі көзқарас бойынша, «жазба тіл 
ғана  əдеби  тіл  бола  алады»  деген  пікір,  орыс  тіл  біліміндегі  тəрізді, 
қазақ  филологиясында  да  басым  болатын.  Осымен  байланысты  əде-
би тіл үлгілерінің алғаш хатқа түсе бастаған кезі шамамен «XVIII ға -
сырдың  ортасы»  деп  танылып,  соған  сəйкес  «қазақ  əдеби  тілінің 
бастауы  осы  тұсқа  келеді»  деген  тұжырым  үстем  болды.  Алайда 
Р.Сыздық  мұндай  пікірдің  қайшылықтарын  көрсете  келіп, «XVIII–
XIX ғасырлардағы қазақ əдеби тілінің тарихы» (1984) деген моногра-
фиясында басқаша бағыт ұстанды.
Шындығында,  əдеби  тіл  статусын  тек  жазу-сызумен  байланысты 
деп білу тілдік əрі уақыт жағынан өте жақын бір кезеңде туған үлгі -
лердің  бəрі  хатқа  түскендіктен  əдеби,  ал  екіншісін  ауызша  тараған-
дықтан  əдеби  емес  деп  тану;  сондай-ақ  аты-жөні,  шығармалары  ел 
жадында  сақталған,  сөз  қолданыста  дербестігі  айқын  көрінетін  су-
реткер туындыларын ауызша тарағандықтан, «əдеби тіл үлгісіне жат-
пайды»  деп  білу  шындыққа  жанаса  қоймайды.  Сондықтан  зерттеуші 
əдеби  тілдің  негізгі  мəнін  жазу-сызудан  іздемейді.  Тілдің  əдебилігін 
мəдени-рухани  дүниелердің  жасалуында,  қоғамдық  мəні  бар  іс-қи-
мылдарды  ұйымдастырудың  құралы  болуында,  тілдік  амал-тəсілдер-
дің  сараланып,  жұмсалуында,  сөйтіп,  тұрақтанған  тілдік  нормалар -
дың  жалпы  жұртшылыққа  ортақ  болуында  деп  біледі.  Ғалымның 
пайымдауынша,  бұл  жерде,  ауызша  тіл  тəрізді,  жазба  тіл  де – əдеби 
тілдің қызмет етуінің формасы ғана. Міне, осындай көзқарас бойынша, 
əдеби тіл халықтың поэтикалық сөз өнері, əдет-ғұрып, билік заңдары 
тілі ретінде жазуға дейінгі кезеңде де қызмет етуі мүмкін.
Сонымен,  Р.Сыздық XV–XVIII ғасырлардағы  ақын-жыраулардың 
тілін  арнайы  талдай  келіп,  олардың  шығармаларын  «əдеби  тілдің 
жазбаға  дейінгі  кезеңіне  жататын  үлгілер»  деп  таниды.  Ал  бұл  ке-
зеңде  қызмет  еткен  тілді  «жазба  дəуірге  дейінгі  ауызша  əдеби  тіл» 


9
Тіл-ғұмыр
деп, терминологиялық мазмұн беріп атайды. Сөйтіп, əдеби тіл өзінің 
нормалық  қасиетін  тек  жазу  арқылы  ғана  орнықтырмайды,  ауызша 
сөз  қолданыс  (ауызекі  тараған  өлең-жырлар,  шешендік  сөз  үлгілері, 
ауызша шежіре т. б.) арқылы бекіте, жетілдіре түседі. Əсіресе, əдеби 
тіл  нормаларын  қалыптастыруда  ақын-жыраулар  шығармаларын 
бұлжытпай жатқа айтып, жұртқа тарататын жыршылық мектеп өкіл-
дерінің  орнын  зерттеуші  айрықша  бағалайды.  Осы  еңбекте («XVIII–
XIX  ғасырлардағы  қазақ  əдеби  тілінің  тарихы», 1984) жəне  оның 
көлемі  толықтырылған,  мазмұны  тереңдетілген  екінші  басылымы – 
«Қазақ  əдеби  тілінің  тарихы (XV–XIX ғғ.)»  деп  аталатын  кітабында 
(1993)  алғаш  рет,  бір  жағынан,  ауызша  əдеби  тіл  үлгілерінің,  яғни 
XV–XVIII  ғасырлардағы  ақын-жыраулар  шығармалары  тілінің  фоль-
клор  тілімен  ортақ  белгілерінің  болу  себептері  ашылса,  екінші  жа -
ғынан, олардың өзіне тəн айырмалары мен белгілері саралана түседі. 
Сондай-ақ ауызша əдеби тілдің жазба тілден негізгі айырмалары мен 
ұқсас тұстары да айқындалады. Тағы да бір айта кететін жайт – қазақ 
əдеби тілінің бес ғасырлық тарихын баяндайтын əсіресе соңғы басы-
лымда («Қазақ əдеби тілінің тарихы», 1993) зерттеуші қазақ əдеби тілі 
тарихын  жеке  пəн  түрінде  қазақ  тіл  білімінің  дербес  саласы  ретінде 
бір  жүйеге  салып,  бас-аяғын  бүтіндеп  берді.  Сөйтіп,  Р.Сыздықтың 
бұл саладағы іргелі зерттеулеріндегі негізгі тұжырымдар мен пайым-
даулар қазақ тіл білімінде əдеби тіл, əдеби тіл тарихы жөніндегі жаңа 
бағытқа айналып, орныға түсті.
Профессор  Р.Сыздықтың  түркітану  саласындағы  зерттеулері,  бір 
жағынан,  қазақ  тілінің  тарихы,  қазақ  əдеби  тілінің  тарихымен  ұшта-
сып  жатады.  Солардың  ішінде  зерттеушінің  «Язык  Жами’ат-тауарих 
Жалаири» (1989) деген монографиясын ерекше атауға болады. Тарақ 
таңбалы  жалайыр  руынан  шыққан  Қадырғали  бидің  жылнамалары 
туралы арғы-бергі кезеңдердегі зерттеулерге сын көзімен қараған ав-
тор  бұл  ескерткіштің  лексика-грамматикалық  құрылымына  талдау 
жасай  отырып,  алдымен  ондағы  оғыз,  қыпшақ  тілдеріне  ортақ  эле-
менттерді  саралайды,  оны  туыстас  тілдердің  дерегімен  салыстыра-
ды. Ескерткіш тіліндегі əр текті тілдік белгілерді талдай келіп, қазақ 
халқының тұрмыс-тіршілігіне, салт-дəстүріне орай қалыптасқан, өзге 
туыстас  тілдерде  қайталамасы  жоқ  қазақы  сөз  өрнектерін  айқын -
дайды.  Олар  негізінен  тұрақты  сөз  тіркестері  мен  бейнелі  сөз  орам-
дары  болып  келеді.  Сондай-ақ  ғалым  ескерткіштен  қазіргі  қазақ 
тілінде  мүлде  қолданылмайтын, XV–XVIII ғасырлардағы  қазақ 
ақын-жырауларының  тілінде  актив  жұмсалатын  элементтерді  та-
бады.  Сөйтіп,  ғалымның,  бір  жағынан, «Жами’ат-тауарих»  тілінен 
қазіргі қазақ тілімен үндес белгілерді көрсетуі, екінші жағынан, XV–


10


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет